.
.
Атырау облысы, Атырау қаласы Көлік (Заттық жапсыру)
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 7410 | Размер: | Автор: гость№26 “Жұлдыз” балабақшасының
бейнелеу пәні маманы
Окашева Қаламқас Шангерейқызы
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ересек топтар
Топ атауы: №9 «Бәйшешек»;№10 «Күншуақ»;
Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Жапсыру
Тақырыбы: Көлік (Заттық жапсыру)
Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыра отырып, автобусқа тән ерекшеліктерді бере білуге, балаларды өз жұмыстарын жоспарлай білуге дағдыландыру. Үлгі суретке қарай отырып, автобустың бөлшектерін қиып жапсыра білу дағдыларын бекіту. Дидактикалық ойындарды шарты бойынша орындауға баулу. Ұқыптылыққа үйрету.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер,көрсету, түсіндіру,сөздік жұмыс,дидактикалық ойын: «Көліктің иесін тап» әдіс-тәсілдер, жұмыс барысы, сергіту сәті, дидактикалық ойын: «Автобусты құрастыр»,
сұрақ-жауап;
Қостілдік компонент: көлік- транспорт- transport; автобус- автобус- bus;
Іс- әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог:
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы, бізге қонаққа көп апайлар қонаққа келіпті. Келіңдер шеңберге тұрып сәлемдесейік.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
-Жарайсыңдар,балалар,орнымызға отырамыз.
Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек-кезек қарап айтады.
Қолдарын бір-біріне ұстатады.
Балалар бір-бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді.
Ұйымдастыру- іздестіру Педагог балаларға сұрақтар қояды.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста неше ай бар?
- Ауа райында қандай өзгерістер болып жатыр?
Осы кезде топқа күтпеген қонақ, Пинокио келеді.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Қалдерің қалай?
Педагог:
-Сәлеметсіңбе, Пинокио?! Сен мұнда қайдан жүрсің?
Пинокио:
- Мен сендерге «Көліктер» тақырыбында көптеген тапсырмалар алып келдім.
Педагог:
- Балалар, біз осы көліктер туралы не білеміз?
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Әуе көліктеріне нелер жатады?
- Су үсті көліктеріне нелер жатады?
-Жер беті көліктеріне нелер жатады?
-Жарайсыңдар,балалар! Осының ішінде автобусқа тоқталып көрейікші. Автобусты барлығымыз білеміз,солай ма?
- Автобус (француздың autos – өзі және латынша (omnі)bus, яғни баршаға арналған деген сөзінен шыққан) — жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль. Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды.
Автобусты біздер қала аралық және қала ішіндегі жолдарда көп көреміз. Ол жолаушы тасымалдаушы көлік болып табылады. Балалар, автобус машинаға қарағанда көп жолаушы тасымалдауға арналған.
-Балалар, автобус туралы мәлімет сендерге түсінікті болды ма?
- Олай болса, сіздермен бірге Пинокионың тапсырмасын орындап көрейік.
Сөздік жұмыс: көлік- транспорт- transport; автобус- автобус- bus;
1-тапсырма:
Дидактикалық ойын: « Көліктің иесін тап»
Ойынның мақсаты: Балаларды мамандық иелерін анықтай білуге және көлік түрлерін айыра білуге, шапшаңдыққа, ойлануға баулу.
Ойын шарты: Балаларға көлік түрлері мен мамандық иелерінің суреттері беріледі. Балалар қай көлік қай мамандық иесінікі екенін табуы керек.
-Жарайсыңдар, балалар. Сендер менің 1-ші тапсырмамды жақсы орындадыңдар. Енді екінші тапсырмаға көшейік.
2-тапсырма:
«Автобустың бөлшектерін қиып алып, желімдеп жапсыру»
Педагог балаларға қауіпсіздік ережесі мен жұмыс барысын түсіндіріп, тапсырманы орындауға бағыт бағдар беріп отырады.
Қауіпсіздік ережелері:
Қайшыны ұстағанда бір-бірлеріңе сілтемей тек жұмыс жасағанда ғана пайдаланамыз, содан кейін үстел шетіне қойып қоямыз.
Желімді аузымызға салмаймыз. Жұмыс барысында жапсыруға пайдаланып, кейін қақпағын жауып алып қоямыз.
Жұмыстың жүру барысы:
1.Құралдарын дайындап ,түгелдеп алу.
2.Үлгі сурет бойынша алдымен негізгі бөлігін жапсыру үшін алдымыздағы қызыл түсті тіктөртбұрышты қағазды аламыз да,оның бұрыштарын дөңестеп қиып аламыз, содан кейін алдымыздағы қағазға ұқыпты етіп жапсырамыз.
3. Келесі кезекте алдымыздағы қара түсті қағазды аламыз да екіге бүктеп, үзік сызық бойынша автобустың дөңгелегін қиып алып, жапсырамыз.
Пинокио:
-Балалар, шаршап қалған боларсыңдар, сергіп аламыз ба?
Сергіт жаттығуы
Wheels On The Bus
(видео арқылы сергіту жаттығуы)
Педагог:
-Жарайсыңдар,балалар. Енді қалған жұмысымызды аяқтайық.
Балалар, тақтаға қарайықшы, енді бізге не жетіспейді?
-Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, терезелерін қиып жапсырайық.
4. Алдымыздағы жасыл түсті қағазды алып, үзік сызықтар бойынша қиып, төрт бөлікке бөлеміз. Яғни, автобусымыздың терезелері дайын болды. Енді осы терезелерімізді орналастырып, желімдейміз.
Педагог пен Пинокио жұмыс барысында қиналған балаларға көмектеседі.
Пинокио:
-Жарайсыңдар ,балалар, өте әдемі етіп орындадыңдар. Енді менің келесі тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?
3-тапсырма:
Дидактикалық ойын:«Автобус құрастыр»
Ойын мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту, автобус бөлшектерін геометриялық пішіндер арқылы дұрыс орналастыру, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Ойынның шарты: Педагог парта үстіне әр түрлі геометриялық пішіндерді шашып тастайды. Балалар, осы пішіндер ішінен керек деген геометриялық пішінді алып, автобусты тақтадағы құрастырады.
Пинокио:
-Ой,балалар, жарайсыңдар. Сендер менің алып келген тапсырмаларымның барлығын тамаша орындап шықтыңдар. Менің сендерге алып келген сыйлығым бар, соны апайларың табыс етер. Жарайды,балалар, мен кетейін, сау болыңдар.
Балалар сұраққа жауап беруге тырысады.
-Қыс мезгілі
-Қыста 3 ай бар.
-Қар жауды, күн салқындады, аяз болып тұрады.
-Сәлеметсізбе?!
-Көліктер дегеніміз- жолаушыларды тасымалдайды.
- Әуе көлігі, жер, және су
- Ұшақ, тікұшақ;
- Кеме, қайық;
-Поезд, машина, автобус, тролейбус;
-Ия
-Ия
Балалар дидактикалық ойын барысын түсініп алып, өз беттерінше орындап шығады.
Балалар, қауіпсіздік ережесін тыңдап алады.
Жұмыстың орындалу барысын тыңдап алып, педагогпен бірге үлгі суретке қарай отырып тапсырманы орындауға кіріседі.
-Ия
Балалар Пинокиомен бірге сергіту жаттығуын жасайды.
-Автобустың терезелері
Балалар жасыл түсті қағазды үзік сызықтар бойынша қиып алып, автобустың терезелерін жапсырады.
-Ия
Балалар ойын шартымен танысып алып, кезекпен тақтаға құрастырады.
Балалар Пинокиомен қоштасады.
-Сау болыңыз.
Рефлексивті- түзетушілік Педагог сұрақтар қою балалардың білімін тексереді:
-Балалар, бізге қонаққа кім келді?
- Ол бізге қандай тапсырмалар алып келді?
- Біз бүгінгі ашық оқу іс-әрекетінде нені жапсырдық?
-Жарайсыңдар,балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлықтарыңыз да жақсы қатыстыңыздар. (Пинокио алып келген «Қуанышты хабарламаны» таратып береді)
-Сау болыңыздар!
Балалар педагог қойған сұрақтарға жауап береді.
-Сау болыңыз!
Күтілетін нәтижелер:
Білуі: көлік түрлерін;
Меңгеруі: автобустың басқа көліктерден айырмашылығын;
Жасай алуы: Түрлі түсті қағазды пайдалана отырып, қайшымен автобус бөлшектерін қиып, әдемілеп жапсырмалауды
Көрнекілігі: Қайшы, түрлі түсті қағаз, желім,ақ қағаз. Үлгі суреттер, ойыншық көлік түрлері, автобус, слайд;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.