Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. -

Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2993 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Мақсаты: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту; ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер шығара білуге үйрету.
Түрі: аралас сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену,салыстыру.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру: № 6.
ІІІ .Білімін тексеру:
Математикалық диктант. (әр оқушыға таратылып беріледі)

№ Сандарды жаз Жауабы
1 З мыңдық 2 жүздік 5 ондық 4 бірлік 3 254
2 28 жүздік 28 000
3 9 мыңдық 6 ондық 2 бірлік 9 062
4 1 мыңдық 5 жүздік 6 бірлік 1 506
5 Екі мың үш жүз жетпіс екі 2 370
6 Бір мың бес жүз алты 1 506
7 Үш мың қырық сегіз 3 048
8 1 000 000 санының алдындағы санды жаз 999 999
9 899 999 санынан кейінгі санды жаз 900 000
10 Миллион санын жаз 1 000 000

ІҮ. Жаңа білімге дайындық:

Разрядтағы цифрлар неше бірлік, ондық, жүздік, біклік мың, ондық мың, жүздік мың бар екенін көрсетеді және осы сан шығу үшін оларды қосу керек.
62 6 ондық
2 бірлік 60 +2
362 3 жүздік
6 ондық
2 бірлік 300 + 60 + 2
1 362 1 мыңдық
3 жүздік
6 ондық
2 бірлік 1 000 + 300 + 60 + 2
71 362 7 ондық мың
1 бірлік мың
3 жүздік
6 ондық
2 бірлік 70 000 + 1 000 + 300 + 60 + 2

Ү. Жаңа білімді меңгерту: оқулықпен жұмыс.



123 456 789

№ 2. (а). Сандарды оқы.

230 145; 4 780 000; 450 198; 324 471 142; 450 000 000.
№ 2(ә). Берілген сандарда барлығы неше бірлік, ондық, жүздік, біклік мың, ондық мың, жүздік мың бар екенін ата.
№ 2 (б). сандар қатарын кему ретімен жаз.
450 000 000; 324 471 142; 4 780 000; 450 198; 230 145.
Сергіту сәті:
- Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)
- Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)
- Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)
Мұғалім: Ал жемістер, сап түзейік бәріміз,
Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз. (қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)

№ 3. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оны шығар. (3 топқа бөлініп)
Ш: 35 ∙ 5 = 175 Ж: барлығы бөлке нанға 175 теңге төледі
Ш: 55 ∙ 4 = 220 Ж: барлығы батон нанына 220 теңге төледі
Ш: 30 ∙ 6 = 180 Ж: барлығы күлше нанға 180 теңге төледі
№ 4. Есепті түсіндіріп шығару.
Ш: 240 : 2 = 120 (тг) 1үлкен қойындәптер
120 – 80 = 40 (тг) 1 кішкентай қойындәптер
40 ∙ 5 = 200 (тг) төлеу қажет Ж: 200 тг төлеу қажет.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
№ 5. Теңдеуді шешу. (4 оқушы тақтада).
Ойын «Кім жылдам ?»
Өздік жұмыс. № 6.
470 000 = 400 000 + 70 000 400 020 = 400 000 + 20
ҮІІ .Қорыту. Бүгін не білдік? Шығармашылық жұмыс. № 8
(180 – 120) ∙ 4 + 350 : (400 : 80) + 210 – 4 ∙ 40 =360
ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 7. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.