Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштырға жіктеу. -

Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштырға жіктеу.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 24072 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған
№12 мектеп-интернаты
Бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Манат Мұсақызы
Сабақтың тақырыбы:
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштырға жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктей білуге және кері түрлендіруге үйрету.
Дамытушылығы: Разрядтар мен кластар ұғымын пысықтау. Есептерді шығаруға жыттықтыру. Логикалық ойлай білуін, өз ойларын еркін жеткізуін, пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Тәрбиелігі: Ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, слайд, кеспе цифрлар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
II Тірек білімді еске түсіру.
Ауызша есептеу. Ойын «Қай қатар жылдам?»
Оқушылар кезекпен тақтаға келеді және жауап жазады.Слайд №1


III Жаңы сабақты түсіндіру
Разрядтық қосылғыштардың қосындысы терминін енгізу.
Үшінші разрядтық 4 бірлік, екінші разрядтық 6 бірлік және бірінші разрядтық 9 бірліктен тұратын санды жазу. 469- бұл үш таңбалы сан өйткені ол жүздіктен, ондықтан, бірліктен тұрады.Мыс,400+60+9=469.
Мұндай жазуды санды разядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастыру және санды раярядтық қосылғыштарға жіктеу дейді.
Кестені пайдалану арқылы ұғыну. Слайд №2

Мысалы. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсету.
52369 = 50000 + 2000 + 300 + 60 + 9
125500 = 10000 + 20000 + 5000 + 500
14003 = 10000 + 4000 + 3
30200125 = 30000000 + 200000 + 100 + 20 + 5
Көп таңбалы сандарда барлығы бірлік, ондық, жүздік, бірлік мыңдық, ондық мыңдық, жүздік мыңдық бар екенін ұғындыру. Слайд №3


- Бірліктердің жалпы санын анықтау үшін, барлық санды атайды.
- Ондықтардың жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан бір цифрды ойша бөліп алады (10 санында бір нөл).
- Жүздіктердің жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан екі цифрды ойша бөліп алады (100 санында екі нөл ).
- Мыңдықтардың жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан үш цифрды ойша бөліп алады (1 000 санында үш нөл) және тағы сол сияқты.
Мысалдар арқылы тиянақтау: Слайд №4

1. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және шығар.
Слайд №5


Жауаптары 1) 35 • 5 = 175
2) 55 • 4 = 220
3) 30 • 6 = 180
IV. Сергіту сәті. «Қаражорға» биіне билету

V. Математикалық диктант. Слайд №6

VI. Сабақты бекіту
Шығармашылық жаттығу
Ауызша жұмыс ұйымдастырылады. Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте. Қалдырылған сандарды анықта? Слайд №7

VII. Үйге тапсырма. 8-мысал (теңдеді орындау)
VIІI. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
Жоғарыдағы келтірілген теориялық талдау және бастауыш сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын байқау, әңгімелесу т.с.с. негізінде біз баланың математикаға қызығушылығын былай анықтаған болатынбыз баланың математикаға қызығушылығы - математикалық объектілерге интеллектуалдық бағыттылығы, берілген объектімен жақынырақ танысып, оны уысынан шығармай тұрып сырын тереңірек біліп алу мақсатында, жинақталған ой-ниеті, танымдық, тыңдаушылық, эмоциялық қарым- қатынасы.
Баланың математикаға қызығушылығының қалыптасуының құрамдас бөліктері - көңіл қоюы, өзіндік ойлауы, ниеттенуі, тілек білдіруі, ықыласы, күш-жігері, шығармашылығы осы сабақ барысында қалыптасты. Бірінші оқушылар мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, одан соң бірнеше тапсырмалар, математикалық диктант, шығармашылық жаттығулар жасау арқылы өз білімдерін, сабаққа деген ынтасын арттырды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.