Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көпмүшелерге амалдар қолдану -

Көпмүшелерге амалдар қолдану

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1838 | Размер: | Автор: гость
. Пәні: Математика
Сыныбы: 7 Пән мұғалімі: Машрапова Ж.С.

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқытылатын тақырып бойынша білім, білік және дағдыны қалыптастыруында және меңгеруге жеткізуде оқушылардың 63% талап ететін нормативті сапаға жеткізу.
ә) тәрбиелілік: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, шыншылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік – ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану.
Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.
Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың көрнекілігі: ОӘЖӘ парағы, жаттықтырғыш парағы
Әдіс - тәсілі: « БжС » технологиясы Картасы: «Жаттықтырғыш»
Сабақтың барысы:
Оқу сабағының 3 типі. Іс-әрекет тәсілдері мен білімді кешенді қолдану бойынша оқыту сабағы: мотивация > іс-әрекеттер мен кешенді білімді өзектендіру > ұқсас және жаңа жағдаяттарда білімін өз бетінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.

1

1 цикл
Ұйымдастыру кезең
Мотивация Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады. (бүгін «Көпмүшелерге амалдар қолдану» тақырыбына есептер шығарып, тақырыпты пысықтап, білім сапасын сыныппен 63%- ға жеткізіп, осы тақырып бойынша білімді тиянақтауымыз керек) Көшбасшы сөзі.

Сергіту сәті: 32 (-3)2 (-5)2 (-2)3
0,52 102 112 122 132 142 152 252
0,12 0,22 0,13 0,23
«Биоинтернет» картасы бойынша сабақтың нәтижесін талдау.
ОӘЖӘ сызбасын және тұжырымдамасын пысықтау
Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі.
Сарапшылардың жұмысты түсіндіруі. Карта бойынша жұмыс нормативі: «Альфа» тобындағы оқушылардың 63% кем емес ЖКШ деңгейіндегі 30 тапсырмадан кем емес тапсырманы орындауы қажет.

2
1 цикл
Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектілендіру Сынып 3 тапсырма алады ТКШ-АКШ-ЖКШ.
ТКШ : 2m(3my), жауабы: 6m2 y
АКШ: 2x(x2+3y) жауабы: 2x3+6xy
ЖКШ: (4ав-2)(2ав+3), жауабы: 8а2в2+8ав-6
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» кратасындағыдай жүргізіледі. Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Сыныпты үш топқа бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ
Бета: АКШ-ТКШ Гамма: ТКШ тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.


Карта бойынша сыныптың орналасу ережесі «Альфа» тобы әрбір қатардың бірінші нұсқасында отырады. «Альфа» тобындағы оқушылар бір-бірден әрбір партада отырады. «Бета» тобы әрбір қатардың екінші нұсқасында отырады. «Гамма» тобы қалған орындарды иеленеді.
Әрбір топ тапсырмаларының орындалуын бақылау үшін алты сарапшы бекітіледі: «Альфа»-3 сарапшы, «Бета»-2 сарапшы, «Гамма»-1 сарапшы.

3 Ұқсас және жаңа жағдаяттарда білімді өз бетінше қолдану «Бета» және «Гамма» топтарының оқушылары өздерінің күрделілік шегі бойынша 10 тапсырмадан алады. «Альфа» 30 тапсырма алып, уақыттың нормативінің шектеусіз жұмыс жасайды.
Жұмыстың аяқталуы тек «Бета» және «Гамма» топтары үшін 5+30 формуласы бойынша.

4
Бақылау және өздік бақылау Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. «Бета» және «Гамма» топтарында тапсырмаларды орындауы кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» каратасындағыдай жүргізіледі Рұхсат 1. 10 тапсырмадан 1 қате болып оны келесі кезеңде өз бетімен түзетуге келісілген жағдайда. Егер де, қате саны көп болатын болса онда, оқушы төменгі деңгейге өтеді.

5
Түйсіну
Мұғалім сарапшылар көмегімен дөрекі сипатты қателерге назар аударып және оқушылардың топтан топқа ауысуын реттейді. «Бета» және «Гамма» топ оқушылары өз күрделілік деңгейіндегі 10 тапсырманы және де оған қосымша алдында қателер жіберілген тапсырмаларды қосып алады. Оқушылардың бір топтан басқа топқа ауыстырылуы үлгерім бойынша жүзеге асырылады. Егер де, «Альфа» тобындағы оқушы сарапшының ойы бойынша тапсырманы шешу деңгейімен сәйкес келмесе, онда ол оқушыны «Бета» тобына алмастыруға болады.

6
Мотивация
Мұғалім оқушылардың жұмысының әсерлілігін анықтайды және оқушылардың жетістіктеріне сүйене отырып оқытылған тақырыптың аяқталу уақытын болжайды.
Міндетті түрде сыныптың көшбасшысына сөз беріледі.

7
Оқушылардың 63% әрбірі жоғары күрделі шектегі 30 тапсырмалардың барлығын да орындағанда ғана карта бойынша жұмыс тоқтатылады.
Мұғалім сыныпқа алғыс айтады.

8 Үй тапсырмасы Үйге тапсырманы «Бета» және «Гамма» тобындағы оқушылар алады. Өзінің күрделілік деңгейінен 10 тапсырмадан кем емес.

9
Бағалау
Бағалар деңгей бойынша қойылады: Альфа-5 ұпай, Бета-4 ұпай, Гамма-3 ұпай. «Жаттықтырғыш» картасы бойынша жұмыстың аяқталуы, «Альфа» тобына өткізуге оқушыларды ұсынған сарапшылардың жұмысы әсерлі болуы үшін сыныптың заң шығарушылары бонустар қояды.

Мұғалім «Гамма» тобындағы бір-екі оқушыға 4 ұпай беруіне құқылы егер де, олар сабақ барысында белсенділік танытып талпынса.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.