Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көркем жазу -

Көркем жазу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6216 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін: Келісемін:
«Тоқсансай» жалпы орта Аудандық білім бөлімінің
мектебінің директоры: бастауыш сынып әдіскері:
-------------------------Алтыбай.Ү.С. ----------------Молжігіт. Г.
« » тамыз 2015


Курстың атауы:

Көркем жазу
Авторлық бағдарлама

2 - сынып

ОҚО, Ордабасы ауданы,
«Тоқсансай» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Торғаутова. Майра.


Көркем жазу 2 - сынып

Түсінік хат
2 - сыныптағы «Көркем жазу» таңдау пәнінің негізгі мақсаты қазақ тілі сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау. Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын да, маңызды да қағидалардың бірі болып табылады.
Ал каллиграфия ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді. Оқушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда бұл пәннің рөлі ерекше.
Ұсынылып отырған жоспар 2- сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай - ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін жетілдіреді.
«Көркем жазу» бағдарламасы 2-сыныпқа аптасына 1 сағаттан 34 сағатқа арналып жоспарланған.
«Көркем жазу» бағдарламасының мақсаты:
Балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі көркем етіп салуға жаттықтыру, жазу мен оқуды үйрету.
Сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Бағдарламада мектеп курсына енбеген тақырыптар қамтылған . Әр бөлімде берілген тақырыптар арқылы оқушылар әріп элементтерін жазуға, шағын әңгімелер құрастыруға, жұмбақтарды шешуге, мақалдарды жалғастыруға, сөздердің ұйқасын табуға, суретпен жұмыс жүргізуге, тыйым сөздер жазуға машықтанады. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастыруда педагогикалық қоғамның тәрбиелік мәні зор.
Көркем жазу әдісі – тікелей жазу тарихымен байланысады. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай . Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру жұмыстарды оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар.
Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:
Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілін жетілдіреді Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастырады , ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазуға үйретеді

Міндеттері:
- сауатты, қатесіз жазу;
- әріптерді дұрыс бейнелеу;
- әріптерді бір – бірімен дұрыс жалғастырып жазу;
- ұқыптылық пен жылдамдықты үйрету;
- үлгі бойынша жазуды үйрету;
- өз бетінше жұмыс істеуді үйрету;

Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:

- үлгі бойынша жазуды дұрыс жаза білуі тиіс;
- әріп пен сөз, сөйлемдердің жазылу бейнесін сұлу, көркем етіп көрсете
білуі тиіс;
- сурет бойынша әңгіме құрастыра білуі тиіс;
- жұмбақтарды шешу, мақалдардың жалғасын таба білуі тиіс;
- берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыра білуі тиіс;
- өз бетінше жұмыс істей білуі тиіс;

Пайдаланған әдебиеттер:

1. 3 - сыныпқа арналған «Көркем жазу» дәптері №1, №2,
К. Ерешева, Ш. Ыдырысова.
2. Қазақ тілінен сын жұмыстары ( 1 - 4 сыныптар)
К. Ерешева, Ұ. Ботабаева, Р. Муханова. «Өлке» баспасы, Алматы, 2008
3. Мақал – мәтелдер ( 1 - 4 сыныптарға арналған),
«Өнер» баспасы, Алматы 2007
4 «Әліпби» Ойыншықтар әліппесі Аруна 2007 жыл
Авторы: Е. Өтетілеуұлы, Ж. Қалжанова, А. Байғабылова
5 .Өлеңдер жинағы «Керек кітап» Шикула Шымкент 2005жыл
Авторы: Ө. Ақыпбекұлы
6. «Әріптер әлемі» Аруна
Авторы: А. Байғабылова
7. «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» Шикула Шымкент 2005 жыл
8. «Суретті жазу» Аруна баспасы
Құрастырушы: Г. Үсембаева
9. « Менің алғашқы әліппем» Алматы кітап 2001ж
Авторы: Қадыр Мырза Әли
10. « Суретті қазақ тілі» Аруна 2006ж
Авторы: Б. Салықов А. Рауадина.


2-сынып
Көркем жазу (барлығы 34 сағат)

№ Сабақтардың тақырыптары Сағат саны Мерзімі
1 Б б әрпінің сөздердің басында жазылуы 1
2 И и әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында жазылуы 1
3 Й й әрпінің сөздің ортасында, соңында жазылуы 1
4 Г г әрпінің сөздің басында, ортасында, жазылуы 1
5 Ғ ғ әрпінің сөздің басында, ортасында, жазылуы 1
6 З з әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында
жазылуы 1
7 Ұ ұ әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында жазылуы 1
8 Ү ү әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында жазылуы
9 Сөздік диктант 1
10 П п әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында жазылуы 1
11 Һ әрпінің жазылу емлесі 1
12 Я я әрпінің сөздің ортасында жазылу емлесі 1
13 Ю ю әрпінің сөздің ортасында, соңында жазылуы 1
14 Х х әрпінің сөздің басында, ортасында жазылуы 1
15 В в әрпінің сөздің басында, ортасында жазылуы 1
16 Ф ф әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында жазылуы 1
17 Ё ё әрпінің сөздің ортасында, жазылуы 1
18 Щ щ әрпінің сөздің ортасында, соңында жазылуы 1
19 Ц ц әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында жазылуы 1
20 Көшіріп жазу диктанты 1
21 Э э, Ч ч әрпінің сөздің басында, ортасында, жазылуы 1
22 О о, Ө ө әріптерінің жазылу емлесі 1
23 Д д, З з әріптерінің жазылу емлесі 1
24 Ь, ъ, ч әріптерінің жазылу емлесі 1
25 Ы ы әріпінің жазылу емлесі 1
26 Қ қ, К к, ң әріптерінің жазылу емлесі 1
27 Н н, Ю ю әріптерінің жазылу емлесі 1
28 Г, Ғ, Р, П, Т әріптерінің жазылу емлесі 1
29 Есте сақтау диктанты 1
30 Ц ц, Щ щ әріптерінің жазылу емлесі 1
31 Ә ә, Э э әріптерінің жазылу емлесі 1
32 Х х, Ж ж әріптерінің жазылу емлесі 1
33 Ф ф, Я я әріптерінің жазылу емлесі 1
34 Көркем жазу көрмесі 1
Қорытынды
Жоспар 2 - сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады.
Сондай - ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін жетілдіреді.
Көркем жазу әдісі – тікелей жазу тарихымен байланысады. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай . Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру жұмыстарды оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.