Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көшедегі сабақ. Қаржау Омарұлы -

Көшедегі сабақ. Қаржау Омарұлы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2293 | Размер: | Автор: Публикатор
.

 

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Көшедегі сабақ. Қаржау Омарұлы

Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсіну, шығарма жазу туралы алғашқы түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:

1.Оқушылардың талдауға, талқылауға және қорытынды жасауға баулу, жаңа тақырыптың мазмұнын өздері ашуға мүмкіндік беру.

2.Тіл байлығын, сөздік қорын байыту арқылы сөйлеу тілінің дамуына жағдай  жасау.

3.Өзгелерді тыңдай білуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Жолда жүру ережесіне» байланысты сюжетті суреттер,көлік түрлерінің суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау,қорытындылау.

І.Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтарға жылдам жауап бер:

                  1.Үш көзді батыр

                  Жолды аңдып жатыр.(Бағдаршам)

                  2.Ала таяқ ұстаған,

                  Жол тәртібін нұсқаған.

                  Өміріңді күзеткен

                  Ысқырығы күшті адам. (МАИ қызметкері)

                  3.Менің үш көзім бар.

                  Бір көзім! «...!» дейді, (Кідір)

                  Бір көзім! «...!» дейді, (Жүр)

                  Бір көзім! «...!» дейді, (Абайла)

                  «Қарап ал маңайға!» дейді.

                  Ол не? (Бағдаршам)

Бағдаршам көзінің түстерін атай отырып, сыныпты топтарға бөлу. «ББҮ» әдісі.

-          Жолда жүру ережесін орындаудағы басты ережелерді ата (жұпта, топта талдау арқылы).

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

Кестенің бірінші бөлігін толтыру.

«Көшедегі сабақ» тақырыбын естігенде, көз алдыңа не елестейді?

Ойлан, жұптас, ортаға сал.

Жол тәртібі бойынша сен тағы нені білгің келеді? (Кестенің екінші «Білгім келеді» бөлігін толтыру).

ІІ.Мағынаны тану

Автор туралы мағлұмат беру.

ОМАРҰЛЫ ҚАРЖАУБАЙ (Омар Қаржау Айтолқын)(1946–2009)

12 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Айдарлы» кеңшарының №2 «Құмшығанақ»ауылындатуған. 
1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1969–1981 жж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1981–1993 жж. «Жалын» баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, 1993–1996 жж. «Балауса» баспасында редакция меңгерушісі, 1997–1999 жж. «Қазақ елі» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясында жетекші ғылыми редактор болды. 2001 жылдан бастап «Ақ желкен» журналында қызмет істеген.
Алғашқы өлеңдері 1964–
1965 жж. газет-журналдарда жарияланд
ы.
Алты прозалық кітаптың авторы. Қаржау Айтолқын деген әдеби бүркеншік атпен екі өлең кітабын шығарды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық бәйгелерінде 1976 жылы «Қоңыраулы бесік», 1981 жылы «Әке», 1987 жылы «Бала-балапандар» ,«Ақтөс»,«Мүбәрак Түркістан» поэмасы,
Қармақ туралы хикая,Айлы түнгі, Қоңыраулы бесік шығармалары бар.

Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.Сұрақтар арқылымәтін дегі оқиғаның жалғасын болжап отыру.Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау. Қосымша мағлұмат.

Әлемдегі ең алғашқы көлік

  Әлемдегі ең алғашқы автокөліктің тарихы Николас Джозеф Кагнот есімді механикпен тікелей байланысты. Николас Джозеф Франция мемлекетінің Қорғаныс Министрі Этьен-Француаның бұйрығымен артиллериялық жабдық тасымалдайтын көліктің жобасын бастайды. Осы жобаға негізделе отырып, Кагнот пен екінші әскери механик Брезин бумен жүретін алғашқы көліктің бірінші үлгісін құрастырған. Алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, сағатына 4шақырым. Бұл көліктің артықшылығы -5тонна жүкті тасымалдай алатын,  көліктің бір осал жері –тежегіші болмаған. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жол апатына ұшырады. Нәтижесінде көліктің шығарылуы 1771 жылы аяқталған. Бірақ осыған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы көлік ретінде танылады. Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлік ретінде танылады. Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлік ретінде Бенцтың 3 дөңгелекті, екі орынды үлгісі саналады. Тағы да бір деректерге сүйенсек, «жанармаймен жүретін алғашқы көлік» деген атақтан Зигфрид Маркустың 1875 жылы құрастырған үлгісі де үмітті. Бұл көліктің жылдамдығы Кагноттың құрастырған үлгісіне қарағанда әлдеқайда жоғары болған. Деректерге сүйенсек, сағатына 15 шақырымға дейін жетіпті.

    Алғашқы бағдаршам 1868 жылы 10 желтоқсан күні Лондондағы Британия парламенті ғимаратының маңында орналастырылған. Бағдаршамды ойлап тапқан адамның есімі Дж. П. Найт. Найт теміржолда қолданылған семафорларды құрастырумен айналысқан маман еді. Алғашқы бағдаршамның екі ғана семафорлық қанаты болған. Көлденеңінен орналасқан қанат «тоқта» дегенді білдірсе, 45 градус бұрышқа еңкейтілген белгі – «абайлап өтіңіз» дегенді білдірді.

Алғашқы электр бағдаршамын ойлап тапқан адамның есімі Лестер Вайр. Солт- Лейк-Сити тұрғыны АҚШ-тың Юта штатында дүниеге келген. Лестер өз өнертабысын екі электр жарықтандырғыш шамы ретінде құрастырғанымен, оған патент алуға үлгермеді.

Сергіту сәті:

                               Қызыл көзін ашқанда,

                               Сынық сүйем баспа алға.

                               Сары көзін ашқанда,

                               Қарап қалма аспанға.

                               Жасыл көзін ашқанда,

                               Жүре бергін, жасқанба.

ІІІ.Ойтолғау.

«Бес жолды өлең» әдісі.

Зат есім (1 сөз).

Сын есім (2 сөз).

Етістік (3сөз).

Сезімді білдіретін сөз (4 сөз).

Синоним  (1 сөз).

Нұсқау дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Әңгіме жазу.

Бағалау: Сабақ барысындағы белсенділігіне байланысты мақтау-мадақтай отырып бағалау

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.