Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күз керемет -

Күз керемет

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2190 | Размер: | Автор: гость
. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы" МКҚК

Тәрбиеші: Тілешова Сандуғаш Жаксылыковна

Білім беру саласы: Қатынас, таным, шығармашылық.
Бөлімі: Көркем әдебиет, құрастыру, бейнелеу.
Тобы: Ересектер "Кірпі" тобы
Тақырыбы: "Күз кереметі"

Мақсаты: Табиғат сұлулығы арқылы балалардың шығармашылығын
қалыптастыру.
Білімділік: Табиғат құбылысынан алған әсерін қағаз бетіне түсіре
білуге және ойларын толық жеткізуге үйрету. Өлеңді
мәнерлеп айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын, ойлау қабілеттерін,
қиялын, шығармашылығын дамыту. Ірі және ұсақ
моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды достыққа, бірлікке баулу, табиғатты сүюге
және оны аялай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: "Күз" туралы суреттер, күзгі жапырақтар, музыкалық
әуен.

Қажетті құрал жабдықтар: құрастыру құрылыс материалдары, 15х15
ақ қағаздары, А4 ақ қағазы, желім, түрлі түсті құмдар, т. б.

Билингвалды сыңары: Күз-осень, үй-дом, жапырақтар-листья, құс-
птица, ағаш-дерево т.с.с.

Инклюзивтік әлеумет: Белсенділігі төмен балаларға көмек көрсету.

Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың
іс- әрекеті

Мотива-
циялық -
қозғау- шылық Балаларды шаттық шеңберіне
шақыру:
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз
сәтті өту үшін мына шеңберге келіп
жылы тілектерімізді айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз! Балалар шаттық
шеңберінде жылы
тілектерін айтады.
Өлең жолдарын
қайталап айтады.


Ұйымдас-
тырушы-
лық -
ізденістік Күзгі орманға саяхатқа шығамыз.
Күз туралы сұрақтар қойылады.
-Қазір күз мезгілінің қай айы?
-Күзде қандай өзгерістер болады?
-Күз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

-Ой, балалар қараңдаршы, мына
жерге әдемі жапырақ түсіп қалыпты.
Балалар бұл сиқырлы жапырақ қой!
Мұнда күз ханшайымынан сендерге деген тапсырмалары бар екен.
" Мына жапырақтардағы тапсырмаларды орындасаңдар, менің сендерге сыйым бар " -деп жазыпты.
- Ал, балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба?
1.Тапсырма:
-Сендер қандай үйде тұрасыңдар?
Сол үйлерді құрастыру материалдарымен құрастырып беріңдерші!
Құрастырған үйлерді талдап, балаларды мадақтайды.
-Жарайсыңдар, балалар, сендер керемет үй жасап бердіңдер.
Бірінші тапсырманы орындадық, енді бір ойын ойнайық.
Ойын: "Кім жылдам?"
Шарты: Үйшіктің есіктерінің кілтін дұрыс әрі тез тауып ашу керек.

2.Тапсырма:
-Балалар, енді екінші жапырақтағы тапсырманы оқып көрейікші. "Қағаздан бүктеу арқылы құстар жасап беріңдерші"-деп жазыпты.
-Күз келгенде құстар қай жаққа ұшып кетеді?
- Кейбір құстар қыстап қалады.Олар қандай құстар?
Ал, ендеше біз жылы жаққа ұшып бара жатқан құстарды жасап көрейік.
Қағазды бүктеп құсты жасаудың жолдарын көрсету.
- алдымен шаршы қағазды алып үшбұрыш етіп бүктейміз.
- үшбұрыштың ашық бұрышын сыртқа екі жаққа бүктейміз.
- енді тұмсығын бүктейміз, оны ашып ішкі жағына қайырамыз.
- құс дайын болды.
Жасаған құстарды аспан салынған суретке апарып жапсырады.

Ойын: "Ұшты, ұшты!"
Шарты: Ұшатын және ұшпайтын заттарды айтып шатастыру.

Құстар біздің жерге күздің келгенін біліп, олар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Ал күздің келгенін құстар қайдан біледі?
Осыған байланысты 3-ші тапсырманы орындайық. Жапырақтары сарғайған ағаштарды
түрлі түсті құммен салып беру керек.
Оны біз мына тұрған түрлі түсті құмдарды қағаз бетіне жапсыру арқылы орындайық.
Суреттің салыну жолдарын айтып көрсету.
- алдымен ақ қағаз бетіне ағаш суретін салып алады.
- сосын оның діңін майлы қарындашпен салып алады.
- ағаш жапырағына желімді жағып, оған сары түсті құмды сеуіп саусақпен сәл басып тегістейді.
- келесі жапырағына қызғылт сары түсті құмды себеді.

Балалар күз туралы көргендерін және білгендерін айтады.
Күз туралы тақпақтарын қызыға айтады.

Балалар таңқалаып қалады.

Балалар келіседі.

Балалар күз ханшайымына жауап ретінде тапсырманы құрастырып көрсету арқылы жауап береді.

Ойынға қызығушылықпен
қатысады.

Мұқият тыңдап алады.

-Жылы жаққа ұшып кетеді.
-Сауысқан, суық торғай,қарға.

Балалар келіседі.

Құстың жасалу жолдарын көре отырып, жасап шығады.

Жасаған құстарын береді.

Ойынға қызығушылықпен қатысады.

- Олар ағаш жапырағының сарғайып, күн суытқанынан біледі.

Балалар тапсырманы мұқият тыңдап алып, өз беттерінше жұмыс жасауға кіріседі.


Рефлек- сиялық - түзетуші- лік Жұмыстарын орындап болған соң, балалардың жасаған жұмыстарын бағалап мадақтайды.

Қорытынды сұрақ-жауап жүргізіледі.

Қорыта келгенде, күз кереметі тек осымен аяқталмайды, сонымен қатар күзгі өнімдерді жинап, адамдар көптеген еңбектер жасайды.

Күз ханшайымы табиғат сыйын берді ме екен?
- Сендер тапсырманы түгел орындадыңдар ғой. - деп, жан-жағына қарап себеттегі жемістерді көріп балалар қуанады. Балалар бір- бірінің жұмыстарын талдайды, тамашалайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар таң қалып көңілденеді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: күз кереметі туралы толығырақ мәліметтерді;

Игереді: құрылыс материалдарымен құрастыруды, қағаздан бүктеуді, құммен сурет сала білуді;

Меңгереді: құрастырудың және бейнелеудің әдіс-тәсілдерін, сұрақтарға еркін жауап беруді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.