Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күз мезгіліне саяхат. -

Күз мезгіліне саяхат.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1756 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтыңтақырыбы: Күз мезгіліне саяхат.
Сабақтың мақсаты: Күз айларының атауларын, олардың ерекшелігін ұғындыру. Күз мезгілінің: Жомарт күз, Алтын күз, Қоңыр күз, - деп атай отырып, әр көрінісінен алынған білімдерін қортындылау. Күзгі табиғат өзгерістерін балалар өз көздерімен көріп, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге, сурет көріністерін әңгімелеп бейнелей білуге үйрету.
Көрнекілік: Күз мезгілінің үш кезеңіндегі сурет, әр балаға жемістер мен көкөністердің бетпернелері.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:- Кәне балалар,қазір бәріміз шеңберге тұрып. Шаттық шеңберін құрамыз
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті, міне, бойларың,
Иіліп сәлем береміз
Әдепті боп өсеміз.
Кіріспе: Балалар енді Шар ұста ойынын ойнаймыз.
Шарты: Қолымдағы шарды кімге лақтырсам сол менің сұрағыма жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қай кезде қызыл жасыл жапырақтар көп болады?
Бала: - Күзде.
2. Жемістер, көкөністер қай мезгілде жиналады?
Бал: - Күзде.
3. - Күз айларын ата?
Бала: - Қыркүйек, Қазан, Қараша,
4. - Күзде құстар қайда кетеді?
Бала:- Жылы жақа ұшады.
5. - Күз туралы тапақ білесің бе?
Бала: - Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
-Бәрекелді жарайсыңдар! Олай болса, бәріміз баққа барамыз. Күздің бірінші қыркүйегінде - ауа - райы тамаша! Жемістер, көкөністер піседі.
Олар дәмді, пайдалы. Мына жемістермен танысайық.
(жемістердің бетпернелерін киген балалар тақпақтар айтады)
1. Бала:- Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
2. Бала:- Мен жүзімін, жүзіммін
Моншақ болып үзілді.
3. Бала:- Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

3. Бала:- Мен өрікпін, өрікпін.
Табиғатқа көрікпін.
- Рахмет жемістер. Сендермен таныстық. Балалар жемістер ағашта өседі.
- Мынау көкөністер, олар бақшада өседі. Менің жұмбақтарымды шешіңдер. Көкөністерді атап бересіңдер.
1. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.

2. Аласа талда алуан алуан алма.
Алқызыл болмай аузыңа алма.

3. Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар
Түймелеуге жетпейді.

4. Үстінде тігіп көк шатыр.
Астында қызыл дәу жатыр.
!
5. Іші жұмсақ, сырты қатты
Еті қызыл, сүті тәтті.

Балалар, көкөністер жерде топырақта өседі. Олардан біз салат жасаймыз, қысқа тұздап сақтаймыз. Көкөністердің және жемістердің бойында пайдалы дәрумендер өте көп.

Балаларға көкөністермен жемістердің суреттері таратылады.
Ойын: «Жемістермен көкөністерді орналастыр».
Жемістерді бақтағы ағашқа. Көкөністі бақшаға орналастыру.

Сергіту сәті.
Алтын сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атыpaп.
Ой алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ.
- Міне енді елімізге Алтын күзде келіп қалыпты ғой, суретке қараңдаршы, балалар (күз бейнесі, балалар сары жапырақтарды жинап жүр).
Сурет бойынша әңгімелеп береді.
Айнала сап сары жапырақтар түсіп жатыр. Сәуле мен Мұрат күзгі жапырақтарды жинап жүр. Олар көңілді.

Балалар күз туралы тақпақтар айтады.
Жайдары күз, жарқын күз.
Аяулы күз алтын күз
Дәнге толып кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Мерейлі күз, мырза күз.
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.

Күнді көрсе толғанар
Бұлтты көрсе шамданар
Қысты кәзір жолатпа
Тола түссін қамбалар

- Ой балалар айнала қоңырқай күз болыпты. Мына суретке қарап мазмұныны айтып берейік « Қоңыр күз бейнесі».
- Күн салқын, ағаштардың жапырақтары түскен, құстар жылы жаққа ұшып барады.

Балалар А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңін бірге айтайықшы.

Сұр бұлттүсі суық қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма
Жылқы ойнап, бие қошақан тай жарысқан.

Мінекей бүгінгі сабағымыз күз туралы болды.
- Балалар күзде жапырақтарда, өсімдіктерде қандай өзгерістер болады.
- Бізде бау бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі.
- Жапырақ түсу қай кезде болады.

Рахмет балалар, осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.