Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күздегі адам еңбегі -

Күздегі адам еңбегі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3586 | Размер: | Автор: гость
. МҚКК № 26 «Жұлдыз» балабақшасы

«Қатынас» білім беру саласы бойынша «Тіл дамыту» ашық оқу
іс – әрекеті

Күздегі адам еңбегі

№7 «Үйшік» ортаңғы тобы
Тәрбиешісі: Байдосова Г. М.

Атырау 2015- 2016 оқу жылы

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Күздегі адам еңбегі» (тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу).
Мақсаты: адамдардың күз мезгіліндегі еңбегімен таныстыру; өзара сыйластыққа тәрбиелеу; тірек сызба арқылы сөйлем құрай білу қабілеттерін дамыту.
Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: күзгі бақтағы еңбек бейнеленген сурет, бағбан ата, сары жапырақ. Слайд, мнемокесте.
Сөздік жұмысы: күннің нұры, жүрекке жылу сыйлайық.
Билингвалды компонент: шеңбер – круг, алақан – ладонь, жүрек – сердце.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сөздік жұмыс, жұмбақ, мақал – мәтелдер. Сергіту сәті, жеке жұмыс. «Тіл ұстарту ойыны», «Жеміс қайсы? Көкөніс қайсы?» дидактикалық ойыны. «Естіп , алақаныңды соқ» дидактикалық ойыны.
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Жылулық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жиналған жылы шуақты,
Көршімізге сыйлайық. Шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге айтады.

Алақандарының жылуын көрішісіне қаратып үрлейді.
Ұйымдастыру, іздестіру Күзгі баққа серуен» тыныштық сәті
-Балалар, біз неге «Жомарт күз» немесе «Алтын күз» дейміз?
Ендеше тыныштық сақтап «1, 2, 3» дегенде көзді жұмып, күзгі баққа қиялмен сереуендеп қайтайық.
«Жапырақтарынан айырылған ағаштар сыңсығандай. Аяқ асты жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет! Сап – сары кілемге оранып тұрғандай. «1, 2, 3» көзді аштық, бақшамызға оралдық».
-Біз нені елестеттік?
Елімізге келіпті ғой Алтын күз,
Жомарт күзді бақыладық бәріміз.
Кім табады, кім табады?
Қандай екен Алтын күз?
«Тіл ұстарту ойыны»
Іс – іс – іс
Піс, қазаным піс.
Ыс – ыс- ыс
Болсын мол ырыс,
Болып қапты қыс,
Аман болсын туыс,
Ыдыстарды жуыс.
«Алтын күз» әнімен Бағбан ата келеді. Бағбан ата:
-Амансыңдар ма, балалар?
Балалар, мен бау – бақшамды аралап жүріп, алтын жапырақтарды тауып алдым. Қарасам, бұл жапырақтарда сөздер жазылған екен. Сендер осы жапырақтағы тапсырманы орындай аласыңдар ма?
1-тапсырма:
Суретпен жұмыс
Бау – бақшадағы күзгі еңбек бейнеленген суретті көрсетіп, сұрақтар қояды. Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
Сергіту сәті
«Саусақ» ойыны
Ал, балалар, тұрыңдар,
Өнімдерді жинаңдар.
Мына қатар шалқан,
Сына қатар қызылша,
Мына жерде сәбіздер.
Түгел жинап алдық біз,
Мол өнімді, Алтын күз.
Саусағымыз талса да,
Жинап алдық бәрін біз.
2-тапсырма:
«Нан дастарқанға қалай келеді?»
Тірек сызба арқылы көрсетіп – түсіндіріп, балалар жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
Сөздік жұмысы:
«Қырман», «диірмен», «наубайхан»,»диқан», «комбайын».
3- тапсырма:
Күз мезгілі туралы тақпақтар, мақал – мәтелдер.
«Естіп алақаныңды соқ» дидактикалық ойыны.
(ш) (ж) дыбыстары бар сөздерді (шалқан, жүзім, т. б.) айтады, осы дыбыстарды естігенде алақандарын соғу керектігін түсіндіреді.
«Жеміс қайсы? Көкөніс қайсы?» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: жемістер мен көкөністерді екі себетке бөліп салу керек.
Бағбан ата:
-Балаларым, жарайсыңдар. Өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендерді өзімнің бау – бақшама жеміс – жидек жеп қайтуға шақырамын. Ал, енді мен қайтайын, өздеріңді күтемін. Сау болыңдар!
Жеке жұмыс«Не артық?»
Жемістер мен көкөністерге жатпайтын заттарды қара қарындашпен дөңгелек етіп қорша.


Сұрақтарға жауап береді.

Көздерін жұмып, күзгі бақты елестетеді.

Күзгі табиғатты суреттейді, көкөністер мен жемістер туралы айтады.

Тіл ұстарту жаттығуын қайталайды.

Атаймен амандасады.

Сұрақтарға жауап береді.

Өлең жолдарын айтып, мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыстар жасайды.

Балалар жауап береді.

Сөздерді қайталайды.

Мақал –мәтелдер мен тақпақтар айтады.

Сөз ішіндегі (ш) (ж) дыбыстарын естігенде алақандарын соғады.

Бағбан атаймен қоштасады.

Балалар жеке жұмысты орындайды.

Рефлексивті түзетушілік Әлдихан Қалдыбаев.
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар – деп оқу іс – әрекетін қортындылау. Сұрақтар қойып, балаларды мадақтау. Өлең сөздерін балалар қайталап айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: күзгі бақта, бақшада, егіс даласында қандай жұмыстар жүргізілгенін.
Нені игереді: жемістер мен көкөністерді, дәнді дақылдарды ажыратуды.
Нені біледі: күзгі еңбек түрлерін.
Тәрбиеші: Байдосова Г. М.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.