Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ә.Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы -

Ә.Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 12279 | Размер: | Автор: гость
. Қазақ әдебиеті 11-сынып
Сабақ тақырыбы: Ә.Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы
Сабақ мақсаты: 1. Жазушының романда көтерілген өмірдегі кереғар құбылыстарды салыстыра
отырып, оқырман талқысына салған философиялық ойларын таныту.
2. Оқушыларды достыққа, сыйластыққа, мейірімділікке шақыру, өнерді танып,
махаббатты қадірлеуге үндеу.
3. Мәнерлеп оқуға, өз ойын дәл жеткізуге, шешен сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Оқыта отырып баяндау, сұрақ қоя отырып жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушының суреті, кітаптары, газет материалдары, үлестірме қағаздар,
Видеопроектор.
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын пысықтау.

Жаңа сабаққа көшу: Ә.Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы бойынша
Мұғалім: Біз бүгін Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы бойынша сабақ өтеміз, cабағымызды бастамастан бұрын мынадай мәліметтерді сіздерден сұрап білейін.
1. Ә.Кекілбайұлы туралы не білесіздер?
2. Бүгінге дейін жазушының қандай шығарамаларын оқыдыңдар?
3. Автор шығармаларын қандай тақырыпта жазды?

Олай болса, жаңа сабағымызға көшейік. Тақтаға назар салайық. (видеопроектордан көрсетіледі)
Сабағымыздың эпиграфы: « Орта Азия халықтарына тән аңыздың тууына негіз болған
Самархандтағы Бибі ханым салдыртқан ескерткіш қазақ
жазушысының әңгімесінің өзегіне айналған».
Осы сабағымызды пайдалана отырып, Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында осы ескерткішті жаңғыртып жаңалауға, қалпына келтіруге жұмыстар ұйымдастырылса деген ойымыз бар.
Сонымен қазақ әңгімесіне арқау болған қандай аңыз, ол үшін сабағымыздың жоспарына назар салайық:
ЖОСПАР:
1. «Өзегінен құрт шыққан алма»
2. «Алақан жайған қос ақ білек»
3. «Аспандай қараған асқақ мұнара»
4. «Барар жерің бәрі бір жердің асты»

Сабағымыздың мақсаты: Өмірдегі жақсылық пен жамандықты, зұлымдық пен махаббатты, абырой мен арсыздықты, қанағат пен құлқынды ара жігін айыру, оны бүгінгі өмірмен салыстыру.
Оқушыларға мәтіндер таратылып, оқытылады, мазмұны талданады. Мұғалім әрбір мәтінннің арасында қосымша түсінік келтіріп, бір ойды екінші оймен байланыстырып тұрады.

1-мәтін
Міне бүгін де ол көп ұзамай тағы да атқа қонатын келесі жорығы туралы ойланғалы келіп еді, есіне қайдағы бір алма сап ете қалды. Сол бір білінер-білінбес жіп-жіңішке пышақ дағы түскен нарт қызыл алма кеше бұның алдынан қайтқан-ды, жаңа тамақ үстіне қызметші әйел алтын табаққа салып тағы әкеліпті. Өзге алмалар жетпегендей, тап соны ұстай апты. Арасын ашып қарап еді, бұлаңдап құрт шықты. Қызметшілердің алдында мінез шақырып жатпады, байқамаған боп табаққа қоя салды...
Жастығының қасында тұрған қоңырауға қолының қалай тиіп кеткенін білмей де қалды. Есіктен басын иіп, қызметші әйел көрінді. Бұл өне бойын зіркілдетіп алып бара жатқан ашуды жасыруға бар күшін салып бақты.
- Мына алманы осындағы бақтан үздіңдер ме?
- Жоқ, тақсыр ием, сізге әдейі Ұлы ханым жіберіпті.
- Бара бер.

2-мәтін.
Тәкәппар ханымның аспаннан басқа ештеңеге көзі түспейтін асқақ жанарын өзіне аударудың жалғыз жолы – мына мұнараны бұрын-соңды бұл Қос өзен елінде ешкім көрмеген ғажайып көрікке бөлеу. Мұнараның қасынан әрқайсысы алты қанат ордадай оншақты тандырды қатар жағып, дермене мен жапақты тау-тау қып үйіп, әуелі бояу әзірлейтін күл өртеді, сосын таңғы аспандай көкпеңбек, күнге шағылысқанда қырық құбылып, жылтырап тұратын шытыра тас күйдірді. Бір айдан соң он шақты шеберді қатар өрмелетіп, мұнара сыртын шытырамен жаптыра бастады. Күні кеше қара жерді ойып жіберетіндей тырп етпей табандап алған зілман мұнара күннен күнге ажарланып барады. Көк мұнара күн орнынан ауған сайын әр алуан кейіпке көшіп құбылады да тұрады. Қараған жан соның бәріне қайран қалады. Бірақ соның сыйқыры неде екенін біле алмайды.

3-мәтін

Бөлме іші бозамық. Ханымның төсегі қай тұста екенін кейін барып аңғарды... дөңкиіп үюлі жатқан көрпенің тасасынан қос ақ білек қайта-қайта алақан жайып көкке көтерілді; кенет оқ тигендей, ұйпа-тұйпа үйіліп қалған көрпенің үстіне сылқ құлады да, екі қол айқаса кетті. Сүйрік саусақтар бірінің арасына бірі сығымдала кіріп, біраздан соң құшағынағы мамық көрпені мытып ап, бауырына қыса түсті.
Ханымның мойны әнтек қисайып, жастықтан аунап кетіпті. Қос көзі тарс жұмық. Ханым өз тісін өзі күл ғып үгіп жібергісі келгендей, тістеніп апты. Бір-біріне қадалып қалған ақшыл тістердің ар жағынан әлдебір аласұрған қомағай құштарлық сес бергендей. Кіші ханымның ұйықтап жатып, әлденеге өліп-өшіп, ентіге шыққан демі Әміршінің құлағын шаянша шағып алды.

4-мәтін

Қарсы алдында дәл баяғы алғашқы көргендегісіндей боп, ханымның өзі тұр. Сол баяғы ақ желең көйлегі, басында сол баяғы ақ селдір перде... Жоғарырақ көтерілсе, жел ұшырып әкетердей сатының ақырғы басқышына жете бере тоқтай қапты. Сол бяғы қымсына күлімдеген нәркес жанары. Шиедей албыраған етті екі ерін. Өзіне мөлдірей қараған сұлу әйелге байыптап қарап еді – үлбіреп тұрған уыз жас. Бұдан әрі үрке, әрі әлденге қымсынып, бір түрлі қиыла қарайтын сияқты. Жаппар әлдене дегісі кеп тамағын кенеп еді, бәрі бір даусы шықпады. Ханым телміре қарап тұр. Жаппар қолын созып еді, ханым бұлқынған жоқ. Ол жұп-жұмсақ, ып-ыстық елестің бауырына қалай кіріп бара жатқанын байқамады. Өмірінде жалғыз-ақ рет тап болатын қас-қағым ғана бақытты сәт осы екенін сезді.

5-мәтін

Иә, көк мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ сол кімінің кімге махаббаты? Көк мұнара алыс жорықтағы еріне ынтыға қол созған сағынышты жар ма, алыстан қол созған ғашық жүректі мен мұндалап қасына шақырған сиқыр сұлу ма, қайсысы? Мана бұл қасынан көзі қиып кете алмай көп қараған жоқ па еді, сонда сиқыр мұнара өзіне тартып тұрмап па еді? Сонда оны салған шебер нені бейнелеген болды? Алыстағы жарын күткен сағынышты бейнелесе, қасысына барғанда, асқақтап аспанға қарап жатып алатыны несі? Сәл алыстасаң болды, қайтадан өзіңе баурап, қараған көздің шырқ айналып шыға алмайтыны қалай? Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымның алыстағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген. Өліп-өшкен махаббатын бейнелеген... Иә солай. Көк мұнараның сыйқырына ол енді түсінді... Бәйбішесі жіберген өзегіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді табылды.

6-мәтін

Бұған енді бәрі де түсінкті болды. Ханым әуелі мынау күлімдеген көркем мұнараға қайран қалды. сосын адамның ақылы жетпейтіндей сыйқыр мұнара тұрғызған шеберді бір көруге құмартты. Көріп еді, жас жігіттің іші-бауырына кіріп бара жатқан әдемі жанарына арбалды да қалды... Әмірші астамшылық ойлаған шебердің монтаны жанарын қалай құртудың қамына шындап кірісті. Бұрынғысындай емес, біртүрлі бойы сергіп қалғандай. Көңілі бықсық күмәннан арылды. Оның орнын енді өзегін өртше жалап бара жатқан өшпенділік жайлап алды.

7-мәтін

Зынданда тағы бір орын босады. Асылық ойлап, аспандағыға қол созған астам тілек шебердің нұр жайнаған қос жанары жендеттің қолындағы шоқ шашырап тұрған істік темірден ағып түсті. Бейшара жігіт көзінен айырылып, бебеу қағып жатқанда, тілі қырқылды. Қан-қан құр сүлдерді қыл арқанмен буып-буып түн қараңғысында екі жендет дарияның ар жағындағы бір қыстаққа апарып тастады. Талай жанның басын жұтқан Байтақ шаҺардың көріп отырғаны бір бұл емес. Елден асқан өнер көрсеткен талай шебер осындай халге ұшыраған-ды.

8-мәтін

Әміршінің көз алдынан соқыр жігіт кетпей қойды. Ол есек арбасын дария жағасына тастап, өзі мұның күймесіне көшіп кеп, қарсы алдында қасқиып отырып алғандай. Нұр жайнаған жаутаң жанардан айырылған соң, жүзіндегі баяғы мейірім жым-жылас жоғалып кетіпті, әдемі жас жігітке лайық ізет-ибадан да еш жұрнақ қалмапты. Үңірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өңінен кісі шошығандай. Міне, ол бұған қарай қозғалғандай болды, бірте-бірте жақындап келеді. Күс-күс қос шеңгел кеңірдегіне тақап қалыпты. – Қорықпа,- деді әлдебір қырылдақ дауыс. –Барар жерің бәрібір жердің асты.
Әмірші бұл жолы өзінің үйреншікті алтын күйме, атлас шатырында жатқанын, әлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда жатқанын анық ажырата алмады.

Шығармашылық жұмыс: 1. «Өмірдегі әділетсіздік деген не?»
2. «Өнерлінің өрісі кең»

Қорытынды: «Тізгін біліксіз емес біліктіге, парықсыз емес парықтыға, өнерсіз емес өнерліге
бұйырса ғана әділдік аяққа басылмайды, тәртіп тәрк болмайды»
Ә.Кекілбаев

Айса САҒЫНДЫҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Сарға ауылы
«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.