.
.
Кембридж бағдарламасын игеру өмір талабы. Кембридж бағдарламасын игеру өмір талабы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1302 | Размер: | Автор: гостьБүгінгі басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын игермейінше сауатты маман ұстаз болу мүмкін емес. Оқытудың сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: "Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы " деп текке айтпаған. Халықаралық PISA тестіне қатысқан Қазақстандық дарынды, үздік оқушылар жазу імласы өте жақсы, теориялық білімдері мықты бола тұра Тайван, Гонгкон, Корея елдерінің 1 сынып оқушыларындай планшетті шашып- жинаудай өмірлік дағдылары болмағандықтан, мұғалімдері оны үйретпегендіктен , мұғалім өзі дәл соны білмейтіндігінен жүлделі орындарды иелене алмады. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп, алдағы өмір жолын өзі болжап, өзін-өзі басқара алатын тұлға етіп тәрбиелеу ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардан кәсіби біліктілікті , өміршендікті ізденімпаздықты, ғибраттылықты, шығармашылдылықты, имандылықты, адалдықты, еңбекқорлықты, мейірімділікті, ізгілікті және жаңашылдықты талап етеді.
Кембридж бағдарламасын жүзеге асыру үшін төмендегі жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
1. Педагогикалық білім берудің ерте кезеңінде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
2. Мұғалімдерге қолдау көрсету үшін мектептерде тәлімгерлікті ұйымдастыру.
3. Жетекші тәлімгерлерді іріктеп алу және дамыту.
4. Мұғалімдер бір- бірінен үйренуі үшін жағдай жасау.
Осы бағытты мақсатқа алып ойланып қарасам, біз көптеген әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ өтіп келдік, бірақ оларды мақсатқа сәйкес пе, дұрыс қолданып жатырмыз ба, жоқ па, мән бермеген екенмін. Мысалы, топтық жұмысты сабағымда үнемі қолданып келгеніммен, оны жарыс тәрізді оқушыларды қызықтыру ынталандыру үшін қолданғанмын. 3 айлық курстан топшылағаным, топтық жұмысты тек ынталандыру үшін емес, барлық оқушының мәтінді игеруіне көмектесу үшін, олардың өз ой- пікірлерін еркін айту үшін, топ мүшелерінің бір біріне сыйластығын арттыру үшін, басқанаң пікірімен санасу үшін, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу үшін, топ ішінде өзін бағалауға, бір бірін адал бағалауға үйрету үшін, басқаның тұжырымынан өзіне керектісін алу үшін, топтық ережелерді сақтап, шешімі табылмай жатқан мәселелерді бірігіп шешу үшін, ол мәселенің бір неше шешу жолдары барлығын ұғындыру үшін, бір-бірінен білмегенін сұрап білу үшін, зерттеу, талқылау, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру үшінде қажеттілігін қаныға түсініп жеттім.
Сыни тұрғыдан ойлау - оқушыны ойлауға үйрету болып табылады. Ойлау арқылы салыстыра талдау жасап, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік пікірін қорғайды, терең ойлаумен тұжырымын жеткезе алады. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кету мүмкін емес.
Сыни ойлау әлемдегі көптеген ғалымдардың алдынғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба екен. Шығыс даналары айтқан екен: "маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалады, өзім істесем үйреніп аламын", - деп. Яғни оқушының ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы, өмірде қолдану мүмкіндігін ұғындыру арқылы, үйретуді оқытуды дамыту қажет екен. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ, бұл ұстаздың шығармашылық белсенділігіне , әр бір ұстаздың шеберлігіне, мамандардың өз кәсібінің ұстасы болуына байланысты болады. Сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын , оқушыларға терең ойланып, ойын ашық айтуға мұрсат беру, әр түрлі идеялармен пікірлерді ортаға салып қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау, оқушыларға мысқылсыз, кемсітусіз қолайлы ортада жұмыс істеулеріне мүмкіндік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақытпен жақсы жағдаймен қамтамасыз ету, кез келген оқушының сыни шешім қабылдай алатынына сенім білдіру, сыни ойлауға бағыттау, сыни ойлауды бағалау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға басқалардың пікірін сыйлауға үйрету болып табылады.
3 айлық курстың бағдарламасы бүгінгі күннің қызметін жетілдіру арқылы болашаққа жол салады. Сыни тұрғыдан ойлауға жүгінетін болсақ, алымбайтын қамал жоқ, келешекте керемет жетістіктерге қол жеткіземіз деген үміттемін.
Талантты дарында балаларды оқыту білімін арттыру, шындау, көп білім алуына жағдай жасай отырып, үнемі қолдау көрсету қажет. Әр бір оқушының жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту , қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыру қажет.
Жас ерекшелігіне сәйкес оқытуда, оқушылардың жасына сай , мұратына жақын, мақсаттарына керекті білімдерді бастауыш сыныптардан бастап беріп өмірде қолдануларына бағыт бағдар беріп отыру керек. Баланың жасы ұлғайған сайын оның мұрат мақсатыда айқындала түседі. Білім алуыда күрделене барады. Алған дағдыларында өміршеңдігін көрсете біледі. Ұсыныстар айта алады. Өз білімдерін өздері көтере алады. Білімдерін арттыру үшін өз бетінше дайындала бастайды. Оларға үнемі қолдау көрсетіп, бақылап, нұсқау , бағыт бағдар беріп отыру мұғалімнің міндеті.
"Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын, одан әрі жақсы оқи түседі", деп өз тәжірибесінен жазған Питер Клайн. Ал бізде көпшілік ата-аналар балаларына сабағын істеп, есебін шығарып береді, контрукторларды да өздері құрастырып, сүреттіде өздері салып береді. Сонда бала қиыншылықты жеңуді қашан үйренеді? Өздігінше қашан шешім қабылдап, қашан басқаларға көмек беруге дағдыланады?
Негізі, білім берудің мектептегі табыстылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды фактор, әр ұлттың ұлттық ерекшеліктерін өзінің дәстүрлі мәдениетін, рухани құндылықтарын сақтау, және рухани бай ұлтшыл тұлғаны тәрбиелеу болып табылады деп есептейді педагогика ғалымдары.
Курстың мақсатыәр бір адамды бір тұлға деп есептеп, пікірін ойын бағалауға бағыттайды. Үлгі бойынша жұмыс жасауды ұмытуды уағыздайды, мұғалімдерге ойларымен ортақтасып, әдістеме алмасуға мүмкіндік береді. Ең тиімді әдісмен стратегияларды жинақтауға, оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндік тудырады. Сонымен қолданған жаңа әдіс тәсілдер арқылы жоғары нәтижелерге жетуге болатынына көз жеткіздім.
Оқушылардың көшбасшылығы топқа бөлінгеннен белгілі болады, топта ерекше белсенділік көрсетіп, басқа оқушыларға көмектесіп, олардың жауап беруін жоспарлап, сыныптастарын жетістікке бағыттайтын оқушы нағыз көшбасшы болады. Көшбасшы мұғалім 7 модульді тиімді пайдаланып, шеберлікпен оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізетін, мектепте тәлімгерлікті ұйымдастырып, бар мұғалімдердің әдіс тәсілдері мен тәжірибелерімен бөлісуіне ықпал ететін өз пікірін ата-аналарға көпшілікке әріптестеріне өткізе алатын болса, көшбасшы болады деп есептеймін.
Білім беруде АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану) оқушыларға өз бетімен оқуына аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдеуіне, білім білік дағдыларын интернет арқылы нығайтуына, тест тапсырмалары арқылы білімін тексеріп отыруына, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауына, қажетті ақпаратты жедел түрде тауып алу мүмкіндігіне, тапсырмаларды оқып,үйреніп, ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуіне қол жеткізуге ықпал етеді.
Бағалау оқушылардың білім деңгейін, сапасын қорытындылау болып, біліктілік дағдылар көлемін анықтайтын үдеріс. Өз-өзін бағалау, сыныптастарын бағалау, оқушыларда зерттеу қабілетін қалыптастырады, жауапкершіліктерін нығайтады, білім алуға ынталандырады.
Оқушыларда ақыл толыстырып, білімдерін шындау, сыни көзқарастарын қалыптастыру, пайдалы білім мен жанына ізгілік нәрін егіп, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажыратуға, адамгершілік қасиеттерді сіңіруге өз тәжірибемді шыңдауым керектігін ойыма түйдім. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі бәсекеге қабілетті , қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы тұлғаны тәрбиелеу үшін, қалай оқуды үйретуге өз уақытымды, еңбегімді аянбай жұмсауға бекіндім.
Оқушыларды сыныптан тыс басқа үйірмелерде, бала дамуына көмектесетін клубтарда, мектепке даярлау орталықтарында оқыту, спорт өнер , музыка мектептерінде оқытып, дамыту, оларды теледидар арқылы көрсетілетін зорлық зомбылық, бұзақылық жайлы фильмдерді ақпараттарды көруден шектеуге ықпал етеді. Бұл жерде ата-аналардың желілік қоғамдастық ұйымдарының қызметін жандандыру өте орынды деп есептеймін.
Адам қабілетін ашу және дамытудың басты құралы ілімге құмарту болғандықтан өскелен ұрпақты керекті білімнің барлығынан хабардар етуге мектеп, мұғалімдер міндетті болып қалабереді.
Азимова Дильфуза Нуритдинқызы
ОҚО, Түркістан қаласы
№20 жалпы орта мектебі
ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.