Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
"Кембридж бағдарламасының жаңа әдіс- тәсілдері  арқылы бейіндік бағдарлы оқытудың тиімді жолдары" атты семинар сәтті өтті. -

"Кембридж бағдарламасының жаңа әдіс- тәсілдері арқылы бейіндік бағдарлы оқытудың тиімді жолдары" атты семинар сәтті өтті.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2194 | Размер: | Автор: гость
. "Кембридж бағдарламасының жаңа әдіс- тәсілдері арқылы бейіндік бағдарлы оқытудың тиімді жолдары" атты семинар сәтті өтті.
Жақында Түркістан қаласы, Ыштихат мөлтек ауданы № 20 жалпы орта мектепте қалалық білім беру тарапынан ұйымдастырылған "Кембридж бағдарламасының жаңа әдіс-тәсілдері арқылы бейіндік бағдарлы оқытудың тиімді жолдары" тақырыбындағы кең көлемді семинар болып өтті. Ол семинарды қаладағы І-ІІ-ІІІ деңгейдегі педагогтардың біліктілігін арттыру курсын бітіріп қайтқан ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби желілік қоғамдастық мүшелері мен І (ілгері) деңгейді бітірген Азимова Дильфуза, №9 Некрасов атындағы мектеп гимназиясының мұғалімі Ибадуллаева Нилуфар және № 20 жалпы орта мектептің ағылшын тілі қоғамдастығы дайындады. Семинарға қаланың барлық мектептеріндегі ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты - көптеген әдіс тәсілдермен қонақтарды таныстыру , оның ішінде "Lesson Study" үдерісімен іс жүзінде таныстырып, тәжірибелерді бірлесе талдап, сараптап, танымдық, зерттеушілік дағдыларын ортаға салып, оқыту сапасын арттыруға ұнамдысын таңдап, пікірлесу болатын.
Алдын ала таңдап алынған зерттеу сабағының тақырыбы "Lesson Study" анықталған соң желілік кәсіби қоғамдастық мүшесі №9 Некрасов атындағы көп салалы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Ибадуллаева Нилуфар №20 мектептің 6 "г" сыныбында зерттеу сабағын өткеруді ұйғарған. Оған қоса Нилуфар семинарда "Lesson Study" тақырыбында мұғалімдерге коучинг сабағын көрсетіп, өзінің ерекшелігін, ізденімпаздығын пәніне деген сүйіспеншілігін көрсете алды. Семинарда көрсетілген 6 сабақтың төртеуі "Lesson Study" бойынша жоспарланып, мұғалімдерге ұсынылған болатын.
Семинарда ІІІ базалық деңгей бойынша біліктілігін арттыру курсын жақсы бітіріп қайтқан қала мектептерінің көшбасшы мұғалімдері коучинг сабақтар және ашық аралас сабақтар өтті. Атап айтар болсақ кәсіби біліктілігі мол өзіндік ерекшеліктері үстем №9 мектеп гимназиядан Ибадуллаева Нилуфардың "My House" , № 2 жалпы орта мектептен Юсупова Насибаның "Famous Travellers", №15 Мағажан Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясының Малышова Гулнараның және осы аталған мектептен қазақ тілі пәні мұғалімі Тұрсынқұлова Дананың "Қазақ тілі мемлекеттік- тіл", "Speaking about Kazakhstan" тақырыбында өткен өте сирек кездесетін интеграцияланған сабақтары қанымызға еніп, сүйегімізге сіңіп кеткен, Отанға, отбасыға деген сүйіспеншілікті басқаларға үйретер үлгісі бар Кембридж бағдарламасы үдерісімен жаңаша әдіс тәсілдермен оңай және түсінікті етіп жеткізді. № 22 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Рамбердиева Гауһардың "Lesson Study" коучинг сабақтары ерекше маңызды, қызықты өтті. Семинарға келген барлық әріптестеріміз сабақтарға белсене қатысып отырды. Өздерінің жаңашыл пікірлерін ортаға салып, Кембридж бағдарламасының түйінді идеяларымен танысып, оны жақтап қолдау көрсете білді. Сабақта оқушылар өте белсенді қатысты, ағылшын тілінде қысылмай еркін сөйлеп, пікірлерін ашық айқын баяндады.
Іскерлік қабілеттерін шыңдап жүрген, жаңашылдыққа жаны құмар № 20 жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Абдукамалова Баргинса "My House" , Өтегенқызы Мөлдір "Travelling", Шакаримова Нодира "Whose T-shirt is it?" аралас ашық сабақтарын ұқыпты, жақсы дайындаған және өте маңызды, қызықты өткізе білді. Оқушылардың ағылшынша еркін сөйлеп тұрғандарына сүйсіне қарап, біз олардың әр бір сабақта осындай белсенді жауап беретіндерін аңғардық. № 21 жалпы орта мектеп мұғалімі Асубаев Руслан ІІІ (базалық) деңгейдің мақсат міндеттері мен көпшілікті таныстырып, құнды мәліметтер берді. №20 жалпы орта мектептің І (ілгері) деңгейде біліктілік курсын бітіріп қайтқан жоғары санатты көшбасшы мұғалімі Азимова Дильфуза өз іс-тәжірибесінен үзінділер көрсетіп, Кембридж оқыту тәсілі бойынша 7 модульдің оқыту сапасын арттыруға жетелейтін идеяларының құнды деректер мен өскелен ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беруде оларды өздігінше білім алуға қалай үйрету керектігі жайлы қызықты әнгімелер айтты. Оқушыларымызды отанын сүйетін ұлтшыл, иманды, мәдениетті етіп тәрбиелеуде алды мен оларға өз өздерін ақыл мен басқара алатын, жауапкершілікті тереңінен түйсіне алатын, келешекте ұлы ақын Абай айтқандай "... кетігін тапта бар қалан" демекші орнын тауып кетуіне көмектесетін білім беру қажеттілігін нақтылай айтты.
Семинарға қатысып отырған қалалық білім бөлімінің әдіскері Рысбекова Мадина дөңгелек үстел үстінде жоғарыда аттары аталған мұғалімдердің сабақтарға үлкен дайындықпен келгендерін, өз істерінің шебері, ұқыпты, белсенді, ізденімпаз, шығармашыл екендігін мақтап, оқушылардың белсенділігін мадақтап, барлық мұғалімдерге алғысын білдіріп, семинарды ұйымдастырған № 20 мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, машақаты мол еңбектеріне табыс тіледі. Семинарды жоғары деңгейде керемет өтті деп бағалады.

№20 жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Азимова Дильфуза Нуритдинқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.