.
.
Мақтарал ауданы, «Еңбек» жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Кембридждік оқыту тәсіліне көзқарастарым
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1749 | Размер: | Автор: гостьИсмаилова Клара Отызбайқызы
Кембридждік оқыту тәсіліне көзқарастарым
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады».
А. Байтұрсынұлы.
Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ,ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып,өмірге енгізу игеру және жетілдіру-бүгінгі жастар сіздердің еншілеріңізде.Ақпараттық қоғамда оқушылардың толымды өмір сүруіне ерекше бағытталған оқытудың мүлдем жаңа парадигмасыкерек деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өтті.Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді,жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.ХІХ ғасыр-ақпараттық технологиялар ғасыры техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету,шыңдау,өз бетімен жұмыс істуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін артыру,ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін өз мақсаттарына тиімді пайдаланса ол-ұстаз шеберлігінің белгісі.Егемен еліміздің ертеңгі тізгінен ұстар бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ қолында.Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесіне,біліміне мықты көңіл бөлуіміз керек.Қазіргі таңда елімізде,мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында,Кембридждік оқыту тәсілі бойынша үш айлық оқыту курстары жүріп жатыр.Шәкірт тәрбиелеу жолында әлемдегі оқу үдерісінде болып жатқан өзерістерді меңгеру мақсатында менде осы курсқа келіп,өз кәсіби білім біліктілігімді арттырып Кембридждік тәсілдің басты мақсаты сындарлы оқыту екендігін түсіндім. Сындарлы оқытуға негізделген сабақ оқушының қабілетін ашады, ой-өрісін дамытады, өзіне деген сенімін күшейтеді,өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттайды. Жаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты- әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы жүйелі түрде жұмыс жүргізіп,оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасын мен белсенділігін қалыптастыру.Сондықтан да Кембридж жаңа оқу тәсілі біздің оқушылардың сапалы білім алуына және олардың болашағына жақсы өзгерістер алып келетініне сенімдімін. Бұл жаңа білім беру тәсілі әр мұғалімнің жүрегінде болып, жаңа өзгерістерге жол ашатын есіктің алтын кілті деп атағым келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.