.
.
Нұғманова Гаухар Нұрлығайнқызы «Керқұла атты Кендебай» ертегісі.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2367 | Размер: | Автор: гостьАтырау облысы,Құрманғазы ауданы
М.Әуезов жалпы орта мектебі
Сыныбы: 5 Күні:
Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату, Кендебай бойындағы адамишылық қасиеттерді нақтылап ашу;
ә)дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру дағдыларын, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлесу тілі мәдениетін дамыту;
б)тәрбиелігі: Кендебай мінезін ашу арқылы адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: іздендіре-оқыту сабағы
Әдіс-тәсілі: сұрақ –жауап, ой қозғау, шығармашылық қабілеттерін арттыру жұмыстары.
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау,дамыта оқыту элементтері
Көрнекілігі: үлестірмелі қималар, мақал – мәтелдер сәйкестіру сызбасы мен слайдтар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды және кабинетті дайындау. Оқушыларды түгендеп, журнал толтыру.
ІІ. Мақсат қою кезеңі. Балалар, үйге «Керқұла атты Кендебай» ертегісін мұқият оқу тапсырылған болатын. Ендеше, бүгінгі біздің мақсатымыз – ертегі мазмұнын толық меңгеру, талдау. Кендебай бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алу және шығармашылық қабілеттерімізді барынша көрсете білу.
Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері – Кендебайдың мінез-құлқына сәйкес сабағымыздың эпиграфы етіп «Адам да жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген нақыл сөзді алғанды жөн көрдім.
-Ой шақыру-стратегиясы
- Кендебай ең алдымен қандай адам? (Батыр).
- Ертедегі Кендебай сынды батырдың адал серігі – Керқұла деген ат. Осы батырлардың серігі – ат туралы жалпы жылқы туралы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қандай туындыларды білесіңдер?
- Кер және құла сөздеріне анықтама беріледі.
- Кер – құла мен торының, құла – сарымен жиреннің аралас түсі.
ІІІ. Еркін жауап кезеңі. –Қазір «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің мазмұны бойынша жұмыс жүргізейік. Қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр:
1. Кендебай мен жетім бала.
2. Керқұланың тағдыры.
3. Кендебайдың дүниеге келуі.
4. Хан бұйрығы.
5. Баланың ата-анасымен қауышуы.
6. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
7. Кендебайдың аралға баруы.
8. Кендебайдың биені күзетуі.
9. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
ІҮ.Мақалдарды мазмұн жоспарына сәйкестендір.
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
Батыр туса – ел ырысы.
2. Керқұланың тағдыры.
Қасқырдың ойлағаны – арамдық.
3. Кендебай мен жетім бала.
Қаралы көңіл жаралы.
4. Кендебайдың аралға баруы.
Жол мұраты – жету.
5. Кендебайдың биені күзетуі.
Өзі аққа құдай жақ.
6. Хан бұйрығы.
Есірген хан елді ермек етер.
7. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
Қаһарлы қамал бұзады
8. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.
9. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Ата - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
Ү.Әдеби-теориялық ұғым беру:
1.Идея дегеніміз не?
2. Кейіпкер деген кім?
3.Кендебай қандай кейіпкер?
ҮІ. Сөздік пен жұмыс.
1. Алты айдың ішінде алты кез болды (67- бет) (Кез – 71 см-ге тең ұзындық өлшемі).
2. Ернім жалақ, басым таз болды (68-бет). (Жалақ ерін жел қақты боп кеберсіген жара).
3. Құндыз жүнді арғымақ құлын туады (70-бет). (Құндыз- салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң).
4. Зынданның аузы құлыптауы. (Зындан – тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан).
5. Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар.
VІІ. Жаңа сабақтан түсігендерін тексеру.
А) – Балалар, енді Кендебай батырдың бойынан қандай қасиеттер көргендігімізді топтастырайық.
Ә) Оқулықпен жұмыс.
Қайырымдылығы: жылағанды жұбатыпты, қысылғанға жәрдем беріпті.
Қамқорлығы: Қарасудың бойындағы жыртық үйлі кеделерді аң аулап асырауы.
Жанашырлығы: жетім баланы жұбатып, әке-шешесін тауып беруге уәде беруі.
Кішіпейіл: хан қызының ақылын тыңдап, «Айрылғырдың суы айырыл!» деуі.
Адалдығы: жұлынып қалған қолындағы құлынның алтын құйрығын ханға табыс етуі.
Шыдамдылығы: шаршаса да түн бойы көз ілмей құлынды күзеткендігі.
Ақылдығы: ханға келген шаруасын, өзінің қарапайым адам екендігін айтуы, баланың әке-шешесін босатуға рұқсат сұрағандығында.
VІІІ. кезең. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.- осы ертегіні әнге, сазға, жалпы музыкаға бейімдеп жазып келу немесе сахналық қойылым ретінде өзгертіп дайындап келу тапсырылған болатын. Қане, кім не дайындап келді Үш оқушы Кендебай мен жетім баланың кездесуін, хан қызының ақыл айтуын сазды көрініс ретінде дайындап келіпті. Екі оқушы Кендебай мен жетім баланың диалогын «Қабанбай батыр» әніне лайықтап өлең сөзбен жазып, сахналандырылған көрініс қойды.
IХ. кезең. Бекіту.Тақтамен, дәптермен жұмыс.
А) Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Х.кезең. Үйге тапсырма: Кендебай сөзіне сөзжұмбақ құрау;
Ертегінің мазмұнын түгел оқып келу.
ХІ.кезең. Сабақты қорытындылау
Оқушы білімін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.