.
.
Өзін-өзі тану сабағының жоспары Кешірімділік-көңіл кеңдігі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2370 | Размер: | Автор: гостьМектеп: Некрасов атындағы №9-гимназия
Мерзім:12.11.15.
Сынып: 8 «а».
Оқушылар саны: 24.
Тақырып:№10 Кешірімділік-көңіл кеңдігі
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу, шыншылдық, отаншылдық
Мұғалім: Абдураимова В.С
Мақсаты:Оқушыларға «ақиқат құндылығы» арқылы кешірімділік адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіре отырып,ізгілікпен қарауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: оқушы бойында өз-өзіне деген адалдық, кешірімділік қасиеттерді дамыта түсу;
Дамытушылық: айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;
Тәрбиелілік: оқушыларды шыншылдыққа,отаншылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар (құралдар,
мәліметтер,
оқулық, слайд, күнделік, дөңгелекше қағаздар,
түрлі – түсті суреттер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.Орманға ойша серуен.
Баяу әуен қойылады.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып,күлімсіреңіз!
Үй тапсырмасын тексеру
Ә.Рудакидің өлең жолдарына өз ойларын жазып келу. Көзқарас.Оқушы өз көзқарасын айтады.
Себебі.Оқушы ойлау себептерін көрсетеді.
Мысал.Оқушы мысал келтіреді.
Оқушы өз дәлелін келтіріп қорытады.
Ескерту:
5 Т-ны есте сақтау:
Тәртіп
Тазалық
Татулық
Тыныштық
Талап
Дәйексөз.
«Кешіре білген адам күшті адам» А.Иүгінеки
-Кешіру деген не?
-Кемшіліксіз адам бола ма?
-Өзгелерді кешіру арқылы не туындайды?
Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
АҚИҚАТ ДҮКЕНІ
Бір адам маңдайшасында «Ақиқат дүкені» деген жазуы бар дүкенге бас сұғыпты.
Қандай ақиқат алғыңыз келеді, толық па, әлде жартылай ма,-деп сұрапты сатушы.
Әрине толық! – сенімділікпен жауап берді алушы. – Мен ешқандай өсек-өтірікті, болжамды, түсіндірулерді қабылдамаймын. Менің ақиқатымның бұрмаланбай анық, нақты, таза болғанын қалаймын.
Сатушы оны дүкеннің төріне алып барып «Қымбат» деген жазуы бар,
ақиқаттың бағасын көрсетті.
Неше тұрса да сатып алуға шешім қабылдаған ол:
Қанша тұрады?-деп сұрады.
Бағасы, Сіздің жан тыныштығыңыз,-деп жауап берді сатушы.
Адам ауыр, шаршаған, шаншыған жүрегімен сыртқа шықты.
Талдау сұрақтары:
1. Сатушы нені сатпақ болды?
2.Адамның жан тыныштығы неде?
3.Неліктен адамның жүрегі шаншыды?
4.Ақиқатты сатып алуға бола ма?
5. Ойланып көрейікші! Адам өмірінде ақиқат болмаса не болар еді?
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. (Сыныпты түрлі-түсті дөңгелекшелер арқылы 3-топқа бөлу)
1- топ. Парақты екіге бөліп сызып, бір бағанға өзіне жақын адамдарды жазу. Екінші бағанға сол адамдардан не күтетінін (сезімі, әрекеттері) тізбектеп жазу.
2-топ. Кешірімділікке байланысты сөздерді теріп жазу.
3-топ. Әдептілік, кешірімділік, сыйластыққа байланысты мақал-мәтелдер жазу.
Топпен ән айту.Армандастар сөзі: Т.Молдағалиевтікі
әні: Ә.Бейсеуовтікі
Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз де жазылмаған дастан едік
Армандастар - құрдастар
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзалдостар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
Арманқуған, қиялқуған кезің қайда
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Солалғашқыалаулағансезім қайда?
Армандастар - құрдастар
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзалдостар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!
Қайдасыңдар, құрдастар?!
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзалдостар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
Үй тапсырмасы.
11-сабақ А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» атты мәтінімен танысып келу.
Сонғы тыныштық сәті:
(Баяу музыка қойылады) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Қиянат жасамау,қиянат жасамау,қиянат жасамау
бар жерде,
Қиянат жасамау,қиянат жасамау,қиянат жасамау
бүкіл әлемде.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал «Бөбек» Алматы 2010 ж
2.Өзін-өзі тану оқулығы 8-сынып Алматы 2010 ж
3.WWW Ustaz.Kz.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.