.
.
ШҚО Аягоз қаласы Х дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1207 | Размер: | Автор: гость№2 «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Садвакасова Гульнур Турарбековна
5 жас даярлық тобының тәрбиешісі
Х х дыбысы мен әрпі.
Тақырыбы Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Жаңа дыбыспен таныстыру,әріпті анық, дұрыс айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ой-өрісін,тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, дыбысты дұрыс айтқызу,пікірлесу стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, тірек сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері. Балалар қол ұстасып шеңбер құрап, мынадай өлең жолдарын айтады.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!
II Өткен сабақты пысықтау, үй тапсырмасын сұрау. Сурет бойынша әңгіме құрастырту.
III Жаңа сабақ
Жаңа сабаққа байланысты салынған суретпен жұмыс.Оқушылар суретті көре отырып,шағын мәтін құрайды. Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау.
Марат қалада тұрады.Ал оның атасы ауылда тұрады.Марат ауылда тұратын атасына хат жазады. Атасы Мараттың хатын алып қуанды.
IV Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат)
V Х дыбыстың баспаша, жазбаша түрімен таныстыру. «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Х- дауыссыз дыбыс, А- дауысты дыбыс, Т-дауыссыз дыбыс.
VI Оқулықпен жұмыс.
Х әрпінен басталатын суреттерді көрсету. Балалар оқулықтан не көргендерін айтады. Мысалы: хат, халат, халба, хабар,т.б.
- Балалар, Х дыбысы сөздің басында да, ортасында да және аяғында кездеседі. (Көптеген сөздер айтып,түсінік беру. )Хабар, Хор, хат - х дыбысы сөздің басында орналасып тұр. Шахмат,Ахмет, рахат - х дыбысы сөздің ортасында орналасып тұр. Ах. Шах, пух -х дыбысы сөздің аяғында кездесіп тұр. Тірек –сызбадағы жазылған сөздерді оқытып, мағынасын сұрау.
Дәрі Ас Мейрам
Ұста Дәм
Ем Қымыз
Кітап
Осы оқылған сөздерді буынға бөлгізіп айтқызу. Мысалы Дә-рі –ха-на.
-Неше буын бар?
- Төрт буын бар. (Балалар буындағанда қолдарын шапалақтап отырып, неше буын бар екенін санайды) т.б жалғаса береді. Ем- ха-на, Қы- мыз-ха-на.
VII «Кітапхана» деген сөзді қалай түсінетіндіктері жайлы сұрау, ойларын ортаға салғызу.
VIII Пікір алу стратегиясы.
- Балалар, біздің мектепте кітапхана бар ма?
- Кітапхана бар.
-Кітапханада нелер бар?
- Кітапханада журналдар, газеттер, қызықты кітаптар, ертегі кітаптар бар.
Кітапхана туралы біраз мағлұмат беру.
Сегіту сәті
Шынығамыз жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бір,екі,үш,
Бір,екі,үш,
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
IX Кітап туралы нақыл сөздер айтқызу.
Өмірде ең жақын кеңесші-кітап.
Кітапсыз үй – жансыз дене.
Кітап – ғажап дос.
Білім – біздің шамшырағымыз.
Кітап – біздің ұстазымыз.
Кітап - ақылды қуаттандыратын құрал.
X Енді, балалардың зейіндерін тақтадағы тірек- сызбаға аудару.
Білгір
Кеңесші Білім
Ой-қиял Ғалым
Ерік Ақылшы
Ұстаз
XI Дәптермен жұмыс.
Сабақты қорыта келіп, жаңылтпашты жаттату.
Хабиба сумка көтерген,
Хат-хабар күнде әкелген.
Мадақтау
XII Үйге тапсырма: Хдыбысына байланысты сөздер тауып,әңгіме құрастырып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.