Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Халық даналығы -

Халық даналығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1904 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көктөбе ауылы «Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Ибраймова Нүргүл Серікқызы
Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы
Сабақтың мақсаты:
«Даналық»ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Жұмбақ. Ертегі – халық даналығы екендігін түсіндіру.
Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру.
Халық даналығын сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. /Нұрға бөлену/ Балаларды сабырлы, жағымды күйге түсіндіру мақсатында баяу классик, музыка қойылып, мұғалім баяндайды.
Елестетіп көріңіз. Күн нұры төбеңізден нұрын себе өтіп, кеуденізге қарай бойлап барады. Күннің әр нұры сіздің ойыңызды сезіміңізді, тілек қалауыңызды жылытып мейірім шашып, сабаққа құлшынысыңызды арттырды.
Нұр бірте- бірте шұғыласын шашып, денеңізден шығып, айналаға сәулесін шашты. Ойша айтамыз: Мен Нұрлымын. Менің жаным сәулелі мейірім ақылға толы. Бастапқы қалыпқа оралу. Рахмет.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қайырымдылық» М.Сүндетовтың әңгімесін түсініп оқып келу. Сұрақтарға жауап беру.
Талдау сұрақтары:
Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
Сендердің қайырымды іс-әрекет жасаған кездерің болды ма?
Сол жағдайда өздеріңді қалай сезіндіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім тарапынан түйінделеді.
«Қайрымсыз мыңнан – қайырымды бір артық»Апасы Мұхтардай қайырымды ұлының бар екенін мақтан тұтады.
3.Жаңа сабақ. Әңгімелесу. Мұғалімнің кіріспе сөзі. «Тарту». А.Байтұрсын
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа.
Келіндер, түсіп, байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
«Даналық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу мақсатында сұрақтар қойылады:
Халық даналығы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Қандай адамды дана деп айтуға болады?
Балалар егер сендер дана адаммен кездессеңдер, не жөнінде сұрап білер едіңдер?

4.Жаңа ақпарат.
Халық даналығы өлең, жыр, жұбақ, мақал – мәтіл, ертегілер, шешендік сөздер, аңыздар, нақыл сөздер арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жетіп отырады. Оларда халқымыздың ежедгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген.
5.Мәтінмен жұмыс
Ертегі, аңыздар арқылы адам өмірі мен тәрбиесін, оның бойындада жақсы қасиеттердің қалыптасуын балаларға ұғындыру мақсатында «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» ертегісін мұғалім әңгімелеп береді.
-Ерте, ерте , ертеде бір қатал патша болыпты. Олардан келетін ешқандай пайда жоқ деп, қарттарды ұнатпапты және «Кім де кімнің ата-анасының жасы алпыстан асса, оны балалары теңізге не таудың шатқалына апарып тастасын» деген жарлық шығарады.
Сол патшалықта өмір сүрген бір мейірімді бала әкесін өте жақсы көреді екен. Жасы алпыстан асып, жетпіске жетсе де, әкесін ешкімге көрсетпей жасырын ұстап, асырай береді. Күнде кешке даладан келгенде не болып жатқанын әкесіне айтып отырады екен.
Бір күні қарт даладан күңіренген дауысты естіп, баласы келгенде оның мәнісін сұрайды.
- Балам, жұрт неге күңіреніп кетті?
- Әке, патша аң аулап жүріп, теңіздің жағасына барғанда, оның түбінен
жарқыраған бір гаухар тасты көреді де, соны алып бер деп, уәзірлеріне бұйырады. Теңізге сүңгіп тасты таба алмағандарының басын ала береді. Тіпті, ел ішіндегі талай жігітті жұмсап, олардың бәрі суға кетіп өлді. Сондықтан патшаның қатыгездігін естіген ел күңіреніп кетті, - дейді баласы.
- Балам, теңіз жағасында үлкен ағаш жоқ па екен? – деп қайталап сұрайды
қарт.
- Иә, патша гауһар тасты көретін тұста теңізге төне өсіп тұрған үлкен бір
бәйтерек бар, - дейді баласы.
- Теректің басынды құстың ұясы жоқ па? – деп қарт тағы да сұрайды.
- Иә, бір қыран құстың ұясын көргенмін, - дейді бала.
- Балам, тыңда, - дейді қарт сеніммен. – асыл тас теңіздің түбінде емес,
ұяның ішінде жатыр. Теңіздің түбіне оның сәулесі ғана түсіп тұр.
Келесі күні теңіздің жағасы тағы да у-шу, асыл тасты ешкім таба алмай жатыды. Сол кезде бала патшаға жақындап барып:
- Мәртебелі патша, гауһар тасты теңіз түбінен іздемей-ақ қойының, ол ана
бәйтерек басындағы ұяның ішінде жатыр, - дейді.
Бір уәзір сол заматта – ақ терекке өрмелеп шығып, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай гауһарды алып түседі. Патша қайран қалады.
- Сендер ақылдымыз, білімдіміз деп бөсесіңдер. Шынында мына баладан ақымақ екенсіңдер, - деп уәзірлеріне ұрысады да, балаға қарап:
- Бұл жайында саған кім?-деп сұрайды.
- Оны өзім ойлап білдім, -дейді бала.
Бұл жайға ыза болған уәзірлер қайтсе де баланы сүріндіріп, оның көзін жоюды қарастырады. Патшаға келіп мынадай кеңес береді:
- Бала көп білемін деп, босқа мақтанады. Егер шын білгіш болса, сіз түр-түсі
бірдей екі тай таңдаңыз да, оларды балаға алыстан көрсетіңіз. Қайсысының жасы үлкен, қайсысы жас екенін бірден ажыратып берсе, сыйлығын алар. Ал таба алмаса, жазасын тартатын болсын.
Патша баланы шақырып алып:
- Сен ертең таң азанда осында келесің. Мен саған екі тай көрсетемін. Сен
олардың қайсысы жас, қайсысы үлкен екенін табатын боласың. Таппасан, басыңды аламын, - дейді.
Бала үйіне мұңлы оралады.
- Балам, неге мұңлысын? – деп сұрайды әкесі. Баласы болған жайды
баяндайды.
- Балам, мұңайма, -дейді қарт. – Ол жұмбақтың шешуі қиын емес. Ертең
саған тайларды көрсетен кезде, сен олардың жүрістеріне мұқият қара. Жас тай жай жүре алмайды, әр қадамын ойнақшып басады. Жасы үлкендеуі сабырлы келеді. Осына есіңе сақтасаң болғаны.
Ертесіне бала патша сарайына келгенде уәзірлер екі тайды алып шығып, оларды балаға алыстан көрсетеді. Әкесі айтқандай, бір тай билей басып, екінші сабырмен келе жатады. Бала олардың жас айырмашылығын патшаға дәл айтып береді.
Баланың тапқырлығына қшіккен уәзірлер тағы бір сұмдықты ойлап, патшаға былай дейді:
- Мәртебелі патшамыз, бір талды кестіріп, оны ортасынан қақ бөліп, бірдей
етіп аршытып, оны балаға көрсетіңіз. Сол кезде бала оның қайсысы жоғары жағынан, қайсысы төменгі жағынана кесілгенін табатын болсын. Таппаса, жазасын алатын болады.
Патша арамза уәзірлерінің сөзіне еріп, баланы келесі күнге шақырады. Бала үйіне мұңая келіп, болған жайды әкесіне баяндайды. Әкесі ақылын айтады:
- Қорықпа, балам, оны табу қиын емес. Ол үшін екі бөренені де суға салдыр.
Сол кезде жоғары жағынан кесілген бөрене су бетінде түгелдей қалқып жүреді де, төменгі жағынан кесілген бөрененің бір жағы суға батыңқырайды. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.
Бала әкесінің айтқанындай, патша бөренелерді көрсеткенде, оларды суға салдыруын өтінеді. Осы кезде бала:
- Тақсыр, бөрененің мына жағы ағаштың жоғары жағынан, ал мына жағы
төменгі жағынан кесілген, - деп, дәл тауып береді.
Патша баланың бұл тапқырлығына қайран қалып:
- Сен шынынды айт, мұншама тапқырлық жасауға үлкен ақыл керек. Сен
болсаң әлі жассың. Егер шындықты айтпасаң, жазаға тартамын, - дейді.
Бала тәуекел етіп, патшаға барлық шындықты айтады.
- Әкемді сондай жақсы көретін әрі қатты сыйлайтын едім. Сондықтан,
өлімге қимадым. Ал ол болса қиналған шақта әлгі ақылдарды айтып, жол тауып отырады.
Патша ойланып қалады:
- «Алпысқа келгеннен ақыл сұрама» деген мақал қате екен, енді оны
«Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деп өзгертейік, - деп, қарттарды жазалауға берген жарлығын қайтып алған екен.
Мұғалімнің оқушылардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды.
*Патшаның жарлығы дұрыс па?
* Қарттың даналығы неден көрінеді?
- Халық даналығының шығуында үлкен мән бар.
Өйткені даналық өмірде болған бір оқиғаға, жағдайға, іске байланысты соның қорытындысы ретінде айтылады. Мұғалім сөз соңында «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» мақал неге байланысты айтылды деп ойлайсыңдар? – деген сұрақпен сауал болады.
Мұғалім даналықтың бірі ертегілер екенін мына бағытта айтып, түсіндіру мүмкін:
- Халық даналығының бірі – ертегілер. Өз арман – ойыңды, қиялыңды ертегі
арқылы беру де – ойлылықтың, даналықтың белгісі.

6. Ойын. «Жалғасын тап»
Балаларды 2 топқа бөліп, кеспедегі мақал- мәтелдерді толық тырып айтып, мазмұнын ашу тапсырмалары.

БІЛІМ АҚЫЛ
1. «Оқу білім бұлағы» 1. «Ақыл - жастан»
2. «Оқусыз білім жоқ» 2. «Ақылдың көркі тіл»
7. Дәйексөз
«Ақыл шыңы - даналық» халық даналығы. (мұғалім түсіндірмесі)
- Балалар, өте ақылды, ақыл асқан адамды дана адам дейді. Дана адам
барлық ақылмен шешеді, ойланып әрекет етуіұстамды, сабырлы болады. Ашуын ақылмен жеңеді. Ойын қысқа, нұсқа дәл айтады. «Ақыл шыңы – даналық» деген осы екен.
8. Шығармашылық жұмыс.
Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарды сәйкес топтастыруды тапсыру.
1. Оқу – білім бұлағы, білім өмір шырағы.
2. Адам деген ардақты ат.
3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
4. Адам арын ойлайды.
5. Оқу – инемен құдық қазғандай.
6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
7. Адамның сұлулығы – шыншылдығында.
9.Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс.
10.Соңғы тыныштық сәті.
Балалар ыңғайланып көдерін жұмып отырып, бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып, іштей өздеріне, мұғаліміне, әлемге тыныштық, сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіреді.
- Балаларды сабаққа белсенділіктері үшін мақтау, ынталандыру. Қоштасу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.