Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Хандыққа 550 жыл -

Хандыққа 550 жыл

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1207 | Размер: | Автор: гость
. 2-сынып
Тәрбие сағаты
Тақырып:Хандыққа 550 жыл
Сынып жетекшісі:Абжетова Гүлзат

Тақырыбы: Хандыққа 550 жыл
Мақсаты: Тарихтан мағлұмат беру. Еліміздің басынан кешкен қиын кездері мен қазіргі Қазақстан жетістігін салыстыра келе Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Түрлі топтық жұмыстар арқылы елімізді мақтан ету,туған елге,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Болашаққа деген сенім,Отанға деген мақтаныш сезімдерін ояту.
Керекті құралдар: «Хандықтың құрылуына 550 жыл» видеоролик, слайд, топтық тапсырмалар, шарлар, ел рәміздері, Қазақстан жері, елі туралы суреттер.
Жүрісі: 1-бөлім Хандыққа 550 жыл
2-бөлім Менің болашағым-Мәңгілік ел-мақтанышым.
3-бөлім Мен бақытты баламын.
Барысы: Тыныштық сәті. Оқушылар шеңбер құрып тұрып бір-біріне жылылық,жақсылық тілейді.

1-бөлім
- Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа келген екен жылы ағыс
Хандық құрып жеткен екен мұратқа
О, халайық ,құтты болсын қуаныш!
«Хандыққа 550 жыл» видео ролик көрсетіледі (5 минут)
2-бөлім
Топтық жұмыстар:
І – топ: 1. Алғашқы астана қай қала болды?
2. Үш биді ата
ІІ – топ: 1. Соңғы ханды ата
2. Хандық құрылғанына неше жыл болды?
ІІІ – топ: 1. Алғашқы заң жинағы қалай аталды?
2. Тәуелсіздік алған жылды ата
3-бөлім. Менің болашағым - мәңгілік ел – мақтанышым
1 Болашақ балалық көңілмен (сурет салу).
2 Отан, туған ел туралы мәнерлеп оқу, мақал - мәтел айту.
3 Үш бидің шешендік сөздерін айту.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Соңғы тыныштық сәті. Балалар шеңбер болып тұрады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.