Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ХИМИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ  ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ -

ХИМИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1927 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
№77 А. Аскаров атындағы жалпы орта
мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Кушекова Алмагул Курмантаевна
ХИМИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Мектепте химиядан білім берудің маңызды мақсаттарының бірі – күнделікті өмір сүруге және республикамыздағы халық шаруашылығы, мәдениет, ғылымның барлық салаларына қажетті химиялық білім мен білікті оқушыларға меңгерту. Химиялық білім оқушыларды өздігінен білім алуға, химиялық әдебиеттерді пайдалана білуге, білімін өздігінен дамытуға, жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Мектепте химия курсынан берілетін базалық білім оқушыларға міндетті минималды химиялық білім мен білікті қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде еліміздің көптеген мектептері мен лицей және гимназияларында оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, химиядан тереңдетілген бағдарламалар бойынша саралап оқыту жүзеге асырылуда.
Сонымен жалпы білім беретін орта мектепте химияға қызығуы, ынтасы бар, химиямен байланысты мамандық алуға үмітті оқушылар үшін тереңдетілген химиялық дайындық қажет-ақ.
Сабақта жаңа әдістер мен техникалық жетістіктерді, оның ішінде интерактивті тақтаны пайдалану – сабақ өтудің тиімділігін арттырып, оқушы білімін тексеру жолын жеңілдететін, білім-білік дағдыларын дамытуда таптырмайтын құралдардың бірі болып саналады.
Интернет желісі арқылы алынған мәліметтерді пайдаланып, 8-11 – сынып аралықтарындағы химиядан интерактивті тақтамен өткен сабағымыздың бірнешеуіне тоқталғымыз келеді.
Сабақ жоспары түсіндіріліп, үй тапсырмасы тест арқылы тексеріледі. Интерактивті тақтада қойылған сұрақтардың жауабына оқушылар алдарындағы парақтарға белгілейді. Өзара тексеру әдісімен жауаптары бағаланады. Бұл әдіс оқушылардың өздеріне сенім білдіру арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы өзара байланысқа негізделеді
Шығармашылық жұмысымызда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында тірек белгілерін пайдаланып, химия сабағына қызығушылығын арттырылды. Міне, осы тірек белгілерін интерактив тақтаны, ақпараттық технология әдісімен байланыстыра отырып тереңдетіп, қызығушылығын дамытудамыз.
Ең басты мақсат сабақтың таптауырынға айналған түрлерінен бас тартып, оқушылардың таным белсенділігін арттыру болды. Өйткені «химиялық элемент» және «зат ұғымдары» арасындағы нақтылы байланысқа құрылған тірек белгілер оқушылардың ой-өрісін тереңдетіп дамытады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты баяндалғаннан кейін ТБ-1 интерактивті тақтада көрсетіліп, әр блок бойынша сыныпқа сұрақтар беріліп, төмендегі бағытта пысықталады.
ТБ-1. Хлор және тұз қышқылының қасиеттерін қайталау сабағы
Б-1. Хлор – химиялық элемент. Негізгі қосылыстары, валенттілігі, атом құрылыс, хлорды зертхана жағдайында алу. Электрондық баланс әдісімен теңдеуді теңестіріп, тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды анықтайды.
Б-2. Хлордың физикалық қасиеттері.
Хлор – газ. Т.И.У
Т – түсті (сары-жасыл)
И – иісті (өткір, тұншықтырғыш иісті)
У – улы (өте улы газ)
Тығыздығы – ауадан 2,45 есе ауыр. р - р электрон бұлттарының қабысуынан ковалентті полюссіз-байланыс түзеді.
Б-3. Хлордың химиялық қасиеті.
1. Жай заттармен әрекеттесуі:
а) металдармен (Ғе, Cu, т.т)
ә) бейметалдармен (Н2)
2. Күрделі заттармен әрекеттесуі:
а) сумен
ә) сілтілермен әрекеттеседі.
3. Периодтық жүйедегі VII негізгі топ элементтерінің бірін-бірі ығыстыру қасиеті:
а) хлор топ бойынша өзінен кейін орналасқан бромды, оның қосылыстарынан ығыстырады;
ә) Хлор топ бойынша өзінің алдындағы фторды, оның қосылыстарынан ығыстыра алмайды.
4. Берілген сапалық реакция теңдеуі бойынша хлор-ионын қосылыстары құрамынан анықтау. Теңдеулер жазып теңестіріледі.
Бұл оқыту технологиясының бір ерекшелігі – біраз өзекті проблемаларды ТБ – 1-лерге сүйеніп, оқушылар өздері шешті, атап айтсақ:
А. ТБ бойынша сан есептерін құрастырды:
1) Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер;
2) Реакция теңдеулері бойынша көлемдік есептеулер;
3) Зат мөлшері ұғымын пайдаланып жүргізілетін есептеулер;
4) Заттың тығыздығы, молі, мольдік массасы және көлемі арасындағы байланысқа есептеулер жүргізу;
Ә. Зертханада өздері алған тұз қышқылына тән тәжірибелер жасады:
1) Тұз қышқылының металдар, метал оксидтері, гидроокосидтері және тұздармен арасында жұретін тәжірибелер жасады;
2) Тұз қышқылының сапалық құрамын, ондағы сутегі ионының болатынын индикатор түсінің өзгеруінен, ал хлор ионының болатынын күміс нитратымен жүретін тәжірибелер арқылы анықтады.
Оқушының білім сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған оқыту әдісінен де байқалады. В.Ф. Шаталовтың «Куда и как исчезли тройки», «Точка опоры» деген оқу құралдарымен таныстым, содан бері В.Ф. Шаталовтың педагогикалық - әдістемелік әдісі – тірек-сызбабелгілерін оқыту үрдісінде кең қолданамыз.
Білім сапасының деңгейін көтеруде оқытудың ақпараттандырылған жаңа түрлері «Электрондық оқулық» пен «Қашықтықтан оқыту – жер серігі» арнасы бойынша берілген іс-тәжірибемізде пайдаланған сабақты ұсынамыз. Ақпараттандырылған оқытудың бұл жүйесінің негізгі мақсаты: Оқушыға жер серігі арнасынан берілген сабақты ұқыпты тыңдатып, көргенін бақылап, одан әрі шығармашылықпен ізденіп, өз бетінше жұмыс жасай алатын, ойын ашық жеткізіп, ой тұжырымдап, білімін күнделікті өмірмен ұштастыратын жеке тұлға қалыптастыру.
Оқытудың бұл түрінде мұғалімнің шеберлігі мен іскерлігі жоғары дәрежеде болуы тиіс, себебі теледидардан тікелей берілген сабақтың бөлімдері дамыта оқытудың ғылыми дәлелдемелерімен ұштасады.
Жаңа сабақты ақпараттандырылған әдіспен тыңдаған оқушының білім деңгейін одан әрі әр түрлі тәсілмен ұғындыруда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
- Тірек сызбалар.
- Тест тапсырмалары.
- Ойланып, толғанатын тапсырмалар.
- Салыстырмалы сипаттама сызбалары.
- Жергілікті жер материалымен ұштастыру.
Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарастары өзгертеді.
Қашықтан оқытудағы мұғалімнің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары:
- экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді;
- Педагогикалық, оқыту мотивациялық, интерактивті, технологиялы және индивидуалды болып келеді;
- Ақпараттық мұғалімдер және білім жиынына телеконференцияларға, басқа интернет желісіне қатысуына мүмкіндіктері бар.
Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тесттік тапсырмаларды орындау, лабораториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиадаға қатысу оқушының шығармашылық потенциялының дамуына әсер етеді.
Әдебиеттер:
1. В.Ф.Шаталов Куда и как исчезли тройки – Москва, 1978ж
2. В.Ф.Шаталов Точка опоры. – Москва
3. Т.С.Назарова, В.Н. Лаврова. Химический эксперимент в школе
4. В.В. Сорокин, З.Г. Злотников Как ты знаешь химию?
5. 12 жылдық білім Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық сараптамалық журнал.
6. В.П.Романенко Сетевой информационный пойск
7. А.А.Журин. Компьютер в кабинете химии.
8. WWW.alchimik.ru орта мектеп мұғалімі әдістемелік құжаттарды, қашықтан оқыту жаңалықтарын басқада қызықты мәліметтерді таба алады.
9. WWW.cenrer.fio.ru интернеттегі білім мәселелері және химия пәнәі бойынша сабақты ұйымдастыруды табуға болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.