.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы,Отырар ауданы,Шәуілдір ауылы ХХІ ғасыр - білім заманы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1359 | Размер: | Автор: гостьШ.Қалдаяқов атындағымектеп-гимназиясыныңқазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ердосова Ғалия Есенгелдіқызы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
ХХІ ғасыр - білім заманы
Еліміздің білім беру саласында жаңару мен жаңашыл бағыттардың тың бетбұрысқа қарай беттеп отырғаны баршамызға аян.Бұған негізгі ықпал қазіргі кездегі заманауи технологияның жетілуі мен жаңаша оқыту үрдісі қанатын кең жаюы.Елімізде Кембридж бағдарламасы бойынша мұғалімдер біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі құрылған.Қазір осы жаңа бағдарлама бойынша мұғалімдер біліктілігін арттыруда.
ХХІ ғасыр - білім заманы. Ақпараттың құрал көздері - жаңа технологиялар жаңашыл ұстаздың жан-жақты дамуына ықпалын тигізуде. Бұл күндері тәуелсіз еліміз әлемдік деңгейде өркениетті елдердің қатарына жету үшін білімді ұрпақтың болашағын бәсекелестікке қабілетті етіп қалыптастыру үшін қарқынды жұмыстар атқарылып, білім саласында көптеген өзгерістер болып жатқаны қуантады. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны білімі мен білігін дамытып отыратын, ізденімпаз да еңбекқор жеке тұлға болып қалыптасқан ұстаз ғана қалыптастыра алады
Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, ал ата-ана оқу материалы және де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді,ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны абзал. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдік құндылықтарын ұстанады.Демек, олар шыншыл,батыл,төзімді,оқушыларға аяушылық,мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл –ой мен дамуының, мәдениетінің, білімінің деңгейін анықтаушы фактор. Жас ұрпақтың келешегі әрине мұғалім қолында. Мен де балаларды тәрбиелеуге,білім беруге өз үлесімді қосатыныма сенімдімін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.