Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ХХI ғасыр көшбасшысы -

ХХI ғасыр көшбасшысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1151 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын ата жалпы орта мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі Майлыбаева Гүлжан Ержігітқызы.
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: ХХI ғасыр көшбасшысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
білімдерін қайталау
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге,
білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, жетондар
Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: сайыс
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. «Бәйге»
3. «Жалғастыру»
4. «Тіл өнері»
5. «Дода»
6. «Егерде мен ( президент, кітапханашы, эколог,
мұғалім) болсам....»
7. Қорытынды.
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесіп кезекшіні анықтау.
ә) Кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.
б) Оқушыларды сайыс шартымен таныстыру.
2. «Бәйге»
Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырыссасыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға болады. Сонымен бәріңізге сәттілік тілейміз!
1.Қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесі қашан берілді ? (1997жылы 7 шілде )
2.Деректі зат есім дегеніміз не? (Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат.
Мысалы: қалам, домбыра, есік )
3.“Абай жолы” романын кім жазды? (М.Әуезов )
4.Абайдың неше қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар )
5.Есімше дегеніміз не? (Есімше-бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі)
6.“Мұнар күн”, “Қызғыш құс” өлеңдері кімнің шығармасы? (М.Өтемісұлы )
7.Етістіктің райлары нешеге бөлінеді? (Етістіктің райлары 4-ке бөлінеді:ашық рай, бұйрық рай, шартты рай,қалау рай )
8.Бір ғана жұрнақ арқылы жасалатын қай етістік? (Тұйық етістік )
9.Тұрақты тіркесі дегеніміз не? (Тұрақты тіркес –сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес)
10.Күрделі сөз нешеге бөлінеді? (Күрделі сөз 4-ке бөлінеді:біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз)
11.М.Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” дастанын алғаш рет кімге оқып берді?
(Ғ.Мүсірепов )
12.Сөздердің байланысу түрлері нешеге бөлінеді? (Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу түрлерінің бес түрі бар:қиысу, матасу,меңгеру, қабысу, жанасу)
13.Сөз тіркесі дегеніміз не? (Толық мағыналы сөздердің өзара бірі бағындыра,екіншісі оған бағына байланысуын айтады)
14.Сөз тіркесінің қандай түрлері бар? (Есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесі )
15.Қиысу дегеніміз не? (Бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан үйлесіп, жіктік жалғау арқылы байланысқан түрі қиысу деп аталады )
16.Етістер нешеге бөлінеді? (Етістердің 4 түрі бар:өзгелік етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс )
17.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер? (Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз )
18.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (9 сөз табы бар.олар:зат есім, сын есім, сан есім, етістік,есімдік, үстеу, еліктеу сөз, одағай және шылау )
19.“Өгіз бен бақа”, “Егіннің бастары” мысалдарының авторы кім? (А.Байтұрсынов )
20.Матасу дегеніміз не? (Бірінші сөз ілік септік тұлғасында, екінші сөз тәуелдік жалғауында байланысып келген сөз тіркесін матасу дейміз.)
3. «Жалғастыру»
Өлеңнің бірінші жолдары оқылады. Сол өлеңді жалғастырып, авторын айту керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1.Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам (С.Торайғыров “Шәкірт ойы” )
2.Күндей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар.
Көз дегенің сұп-сұр көр
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп
Көрсе ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар
Неге екенін білмеймін
Сол анамды сүйемін. (М.Жұмабаев “сүйемін” )
3.Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам!
Ақсақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам. (Ж.Жабаев “Аттандыру” )
4.Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... (Қ.Аманжолов “Өзім туралы” )
5.Қайтер едің өмірге келмегенде,
Көнесің де...
Қайтесің көнбегенде?
Көресің де...
Қайтесің көрмегенде?
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде. (М.Мақатаев “Көнеміз де” )
4. «Тіл өнері»
Бұл кезеңде жұмбақты шешіп, оның орысша, ағылшынша аудармасын айту керек.толық жауап берілсе 20 ұпай.
1.Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (Жаңбыр-дождь-rain )
2. Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Керек қып пайдаланар тәмам халық. (Кітап-книга-book)
3.Фонетикалық екі ұғым,
Бірімен-бірі сыбайлас.
Бірі айтылады да, естіледі,
Екіншісі жазылады да, көрінеді. (Дыбыс пен әріп-звук и буква-volume letter)
4. Тауда жоқ, сайда бар,
Атта жоқ, тайда бар.
Биеде жоқ, түйеде бар.
Жиында жоқ, тойда бар.
Осындай тағы қайда бар? (Й – I)
5.Қатар өскен бес киік,
Бірінен-бірі биік (Бес саусақ-пять палец-fivefinger )
6. Жазда ауыр,
Қыста жеңіл (Шана-санки-skeit )
7.Қажетіне жараған,
Аузына ел қараған. (Ұстаз-учитель-teacher )
5. Дода “Менің таңдауым”
Бұл кезеңде өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 10 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинауға болады.Ұпай саны жоғары оқушы бастайды.Әр тақырыпта тест үлгісімен 4 сұрақтан бар.



1.Диалект сөзді тап:
А. Жегжат адам
Ә. құдағай, сым
Б. кілт тоқтау
В.Оқыған адам
2.Бірінші буыны батыр сөзінің синонимі,екінші буыны адамның дене мүшесі болып келетін жалқы есімді табыңыз:
А. Ержүрек
Ә. Ертіс
Б. Есіл
В. Елгезек
3. Бірінші түбірі “тағам”сөзінің синонимі, екінші түбірі ыдыс атынан біріккен сөзді табыңыз:
А. Бірқазан
Ә. Асаба
Б. Асқазан
В. Көктабан
4. Екі сан есімнің синонимі бар қатарды табыңыз:
А. Аға істеген асыл істерді, іні көріп қуанған
Ә.Бір үйдің қос өрені, қамсыз өсіп келеді
Б.Болу керек туыстар бірі аға, бірі іні.
В. Аға болған сыңары, Таңертең кеш тұрады.
5. Жуан дауыстылар қалай жасалады?
А. Тілдің ұшы кейін тартылып,үсті дөңестеу арқылы жасалады.
Ә. Тілдің ұшы ілгері созылып жатуы арқылы жасалады.
Б. Езудің кейін тартылуы арқылы жасалады.
В. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.
6. Алфавиттегі 13-ші әріп қандай дыбыс?
А. Қатаң
Ә. Үнді
Б. Жуан
В. Ұяң
7. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
А. Барыс септік
Ә. Жатыс септік
Б. Көмектес септік
В. Табыс септік
8. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз:
А. аспан
Ә. төрт
Б. тату
В. Шешен
9. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?
А. тасымал
Ә. буын
Б. дыбыс
В. екпін
10. Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз:
А. Арман-адам қанаты
Ә. Көрмес-түйені көрмес
Б. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер
В. Айла-алтау, ақыл-жетеу
11.Күрделі үстеуді табыңыз:
А. Бүгін келдім
Ә. Кеше бардым
Б. Балама сайрайды
В. Әрең көтердім

12. Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз:
А. Толық лексикалық мағынасы болмайды
Ә. Түрленбейді
Б. Сөйлем мүшесі бола алмайды
В. Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді
13. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін табыңыз
А. Салт
Ә. Сабақты
Б. Көмекші
В. болымсыз
14. Сөз тіркесінің белгісі қайсы?
А. Толық мағыналы, ең кемі екі сөз болуы керек
Ә. Зат құбылыстың атауы болуы керек
Б. Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады
В. Зат есімнің орнына жұмсалады
15. Бастапқы сыңар етістіктен болған сөз тіркесін табыңыз:
А. Суыққа шыдамды
Ә. Белгілі кісі
Б. Жақсы оқиды
В. Қиын екен
16.Етістікті тіркесті табыңыз:
А. Өнерлінің ырысы
Ә. Елді қорғау
Б. Ізгі сөз
В. Іске шебер

17. Сөз тіркесін табыңыз:
А. Бара жатыр
Ә. Жүз он бес
Б. Қара торы
В. Бірінші үй
Егерде мен (президент, кітапханашы, эколог, депутат, мұғалім) болсам...
6. Егерде мен (президент, кітапханашы, эколог, депутат, мұғалім) болсам...
7.Жорға
Сіздер бұл кезеңде 2 оқушы қатысады. 1 минуттың ішінде әрқайсысына бірдей сұрақ беріледі.
Сұрақтар:
1. Есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар? (7)
2. Киіз үйдің төбесін қалай атайды?(шаңырақ)
3. “Қараңғы түнде тау қалқып” өлеңінің әнін кім жазды? (Абай)
4. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)
5. Қ.Р-ның 1-президенті? (Н.Назарбаев)
6. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ы.Алтынсарин)
7. “Менің атым Қожа” атты повесін кім жазды? (Б.Соқпақбаев)
8. Қыс мезгілінің екінші айы? (қаңтар)
9. Қиылыспайтын екі түзу? (параллель)
10. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл)
8.Қорытынды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.