.
.
Коучинг тақырыбы: ХХІ ғасыр ұстазы. ХХІ ғасыр ұстазы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1429 | Размер: | Автор: гостьКоучинг мақсаты: Мұғалімдердің білімін дағдыларын, шығармашылық деңгейін, ой қиялын арттыру. Топтық жұмыстың тиімділігін ұғындыру.
- Міндеті: Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне ендіре отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру.
- Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту.
- Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.
Әдіс-тәсілдер: Топтық, жұптық.
Коучинг барысы. Ұйымдастыру кезең.
1. Психологиялық дайындық.
2. Жемістер арқылы топқа бөлу.
3.Сізге қандай жеміс-жидектер ұнайды (жемістер таңдайды) түсінік беру.
4. Үлестірме тарату (үлестірмедегі суреттерге қарап, суретті сөйлету керек).
5. Топты бағалау (критерий қою)
а) суретті дұрыс сөйлету 1, 2, 3
ә ) әсемдігі 1,2,3
Қорытынды: а) «Кім тапқыр» (алфавит ретін тауып, мақал-мәтел жазу) ә) Пантомимо арқылы топтар бір-бірлерін табу. Б) түстер арқылы коучингтен алған әсерлерін түйіндеп жазу.
«Сізге қандай жеміс-жидектер ұнайды»
Әлде –бір жеміс –жидектерге деген жеке адамның құштарлығы оның «мінез-құлқындағы кейбір құпиялардың құлпын ашады» екен. Американдық психолог И.Канн өз тәжірибелері негізінде осындай қорытындыға келген. Ұнайтын себептерін түсіндіріңіз.
Егер алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға шын берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жана сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Шабдалы ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адаммен тіл табыса алатын ашық жар-қын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Құлпынайды жақсы көрсеңіз сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табысы аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нізік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жан-жал, дау-дамайға бара бермейді.Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана, өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық-ауыз сөзі жоқ.Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетін жандар. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін, кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Алып-қашпа сөзге жоқсыз, есесіне қалжындасқанды ұнатасыз. Ал, махаббат жөнінде сәби тәріздісіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнатуда қиын көрінеді.
Үлестірме салынған парақ әр топқа таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.
1-тапсырма
Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан
Кілті
1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңестік. Бұл балаға алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады»
2-тапсырма
Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр сыныптың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
2-тапсырма
«Әрбаланың қабілеті әртүрлі болғанымен, бұл балалардың жан дүнйесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді»
3-тапсырма
Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
3-тапсырма
Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді.
Кім тапқыр
Алдарыңызда берілген кеспе қағаздағы сандарды альфавиттегі әріптердің қатар сандары бойынша жазып шыққанда мақал-мәтелдер құралды.
Пантомима арқылы топтар бір-бірлерін табу
Мимика арқылы бір-бірлерін табу керек. Мұғалімдерге ән жазылған қағаздар таратылады. Осы қағаз арқылы бір-бірлерін ым арқылы тауып, басқа топқа өздерінің әндерін мимика арқылы басқа топқа таныстырады. Соңынан тобымен өлеңнің бір шумағын айтып беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.