.
.
Сабақтың тақырыбы:Киіктің айласы Киіктің айласы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1817 | Размер: | Автор: гостьІ кезең.
«Көпір»тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1. Табиғат дегеніміз не?
Ж: Табиғат - адамдардың, жан -жануарлардың, өсімдіктердің мекен ортасы.
2. Қызыл кітапты не үшін ойлап шығарған және қай жылы ?
Ж. 1996 жылы Қазақстанда жойылып кету қауіпіндегі жануарлар тіркелген Қызыл кітап шықты
3. Қалып қойған әріптерді жаз?
Ж: Ар..ар, бұ..ы, қара..ұйрық, қа..қыр, ақ..өкен, құн..ыз.
ІІ кезең ( топтық жұмыс)
Теория бойынша: « Білу»
Бос орынға қажетті сөздерді оқулықтан тауып жазыңдар (топтық жұмыс):
1. Аң мен жануардың жауларынан сақтанатын қару - құралы, айла - тәсілі бар.
2. Қасқырдың қаруы -тіс, қабанның қаруы- азу,ақбөкеннің сүйенері- аяқтары.
3. Қасқырлар ауыздарын арандай ашып, киіктерге тап берісті.
4. Таяқ сілтем жерде ғана кетіп барады..
5. Үздік - создық ырсылдай діңкесі құрыған қасқырлар тілдері салақтап, әр жерде шоқиып отырып қалды.
6.Әлгі теке, шынында, ақсақ емес еді.
7.Өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті.
8. Ақбөкеннен жүйрігі жоқ.
10. Өздері сұлу болады.
11. Адамға ешбір залалы жоқ.
12. Киіктің лағын құралай деп атайды.
Теория бойынша : «Түсіну» неге? неліктен? себебі? не үшін? Себебін анықтаңдар:
1. Неліктен қасқырлар киіктерге тап берісті?
Ж: Себебі,қасқырлар аш,өздеріне азық іздеуде.
2. Неліктен ақсақ теке олардан дараланып, бөлініп қашты?
Ж. Өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті..
3. Неліктен ? киік таяқ сілтем жерде ғана кетіп барады?
Ж: қасқырлардың көңілін аудару үшін.
4.Неліктен діңкесі құрыған қасқырлар тілдері салақтап, әр жерде шоқиып отырып қалды?
Ж:ақсақ теке оларды жеткізбей шаршатты.
(Курсивпен сызылған сөздерге мән беру)
Теория бойынша : «Талдау»
1. Салыстыр
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз 1.Венн диаграммасы арқылы қасқыр мен киікті салыстыр салыстырыңдар.
Киік Ұқсастығы қасқыр
2.Тақырыптың басты идеясы неде?
Барлығына ортақ қасиет: Дала жануары.Топтасып тіршілік етеді.Буындары қатаймаған балаларын қорғайды.
Қасқыр мен киіктің ерекшелігі: Бір далада тіршілік етеді.Топтасып тіршілік етеді. Өз үйірлерін қорғайды.
Теория бойынша: «Жинақтау»
( Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.
1. Тақырыптың басты идеясын схема түрінде беріп, толтырыңдар.
Практикада: «Қолдану» Мәтіндегі мына сөздерді басқаша қалай айтуға болатынын жаз.
Таяқ сілтем жер діңкесі құрыған буыны қатаймаған
Практикада: «Баға беру» 1. Қалай ойлайсыңдар?
1.Қызыл кітапты не үшін ойлап шығарған ?
2.Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарларды сақтау үшін сен қандай істі атқарғанды жөн санар едің?
Өз ойыңды жаз.
ІІІ кезең (кері байланыс- бағалау кезеңі): Жеке жұмыс.
І деңгей ( 5 балл). Әр тапсырманың бағасы – 1 балл.
Теория бойынша:
«Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қандай?, қалай? Нені? Қашан? не істеді?)
Тест (дұрыс жауаптың астын сыз).
1-тапсырма:
1.Аң мен жануардың жауларынан қалай сақтанады.
А) дауысы Ә) қару - құралы, айла - тәсілі Б)аяқтары В)қарулары
2. Қасқырдың қаруы -, қабанның қаруы-,ақбөкеннің сүйенері-
А ) тіс, азу, аяқтары. Ә) тіс, қару, мүйізі Б)мүйізі,таяғы, тісі В) азу, аяқ, көзі
3. Қасқырлар ауыздарын арандай ашып, нелерге тап берісті.
А)қозыға Ә)лақтарға Б) киіктерге В)қабанға
2-тапсырма:
4.Киік қандай жерде ғана кетіп барады..
А)Таяқ сілтем Ә)Алыс жерде Б)судың жағасында В)көрінбейтін жерде
5. Әр жерде шоқиып отырып қалған қандай қасқырлар?
А)діңкесі құрыған Ә)жайнандаған Б)шаршамаған В)ырсылдаған
6.Әлгі теке, шынында, қандай еді?
А ақсақ емес Ә)шапшаң Б) ақсақ В)шаршаған
3-тапсырма:
7.Өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін не істеді?
А) өтірік ақсады Ә) жүгірді Б) қашып кетті В)шайқасты
8. Ақбөкен қандай?.
А) жүйрік Ә)ақсақ Б)кәрі В)шапшаң
10. Өздері қандай болады?
А)сүйір Ә)ботақан Б)жайлы В)сұлу
4-тапсырма:
11.Киіктің адамға зияны бар ма?
А)бар Ә)жоқ Б)аздап В)біршама бар
12. Киіктің лағын қалай айтады.?
А) құралай Ә)ботақан Б) бөлтірік В )қошақан
Практикада: «Қолдану» 5-тапсырма:
Мәтіндегі мына сөздерді басқаша қалай қолдануға болады? Сөйлемдерде пайдаланып көр:
Таяқ сілтем жер діңкесі құрыған буыны қатаймаған
ІІ деңгей (5 балл+4 балл=9 балл). Әр тапсырманың бағасы – 1 балл.
Теория бойынша:
«Түсіну» неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Себебін анықта
1-тапсырма:
1.1. Аң мен жануардың жауларынан сақтанатын қару - құралы, айла - тәсілі болғандықтан, құтылып кетеді.
2. Қасқырдың қаруы -тіс, қабанның қаруы- азу,ақбөкеннің сүйенері- аяқтары болғандықтан өз айла -тәсілдерін қолданады.
3. Қасқырлар аш болғандықтан ауыздарын арандай ашып, киіктерге тап береді.
4.Әлгі теке, шынында ақсақ болмағандықтан құтылып кетті.
5.Киіктер азайып бара жатқасын, оларды қызыл кітапқа енгізді.
Теория бойынша:
«Талдау»
1. Салыстыр
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз 2-тапсырма:
Кестені толтыру арқылы киік пен қасқырды салыстыр.
Ерекшеліктері Ұқсастығы
киік Сұлу, жүйрік, залалсыз,дала жануары, қасиетті, тобымен тіршілік етеді Дала жануары, тобымен тіршілік етеді.
Қасқыр Дала жануары,жыртқыш, азулы, аулап қоректенеді, үйірмен тіршілік етеді
3-тапсырма: Тақырыптың басты идеясы неде?
Барлығына ортақ қасиет: далада тіршілік етеді.
Қасқыр ерекшелігі: жыртқыш, азулы жануар.
Киік ерекшелігі: Дәрілік мүйізі үшін, көптеп ауланып, саны азайып кетті
Практикада:
«Қолдану»
4-тапсырма: Тест (дұрыс жауаптың астын сыз).
1.«Таяқ сілтем жер» сөзінің басқаша айтылуы.
А)жақын жерде Б)алыс жерде В)қараңғы жер
2.«Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап.
А)шаршаған Б)қаңғырған В)азайған
3.«Буыны қатаймаған» сөзінің басқаша айтылуы.
А)жас лақтары Б)құралай В) теке
ІІІ деңгей (9 балл+3 балл=12 балл) Әр тапсырманың бағасы – 1,5 балл.
Теория бойынша:
«Жинақтау Сөзжұмбақты шеш.
1. Т Е К Е
2.Қ Ұ Р А Л А Й
3.А Қ Б Ө К Е Н
4.К И І К
5.Қ О Й Ғ А
6.А Қ С А Қ
7.Қ А С И Е Т Т І
1.Киіктің еркегін қалай айтады ?
2.Киіктің лағын қалай айтады?
3.Қойға ұқсайтын жануар?
4.Дала жануары?
5.Ақбөкендер неге ұқсайды?
6. Лақтарын сақтау үшін қандай айла- тәсіл қолданды?
7.Киік қандай жануар ?
Практикада: « Баға беру» 2-тапсырма:
а) Сен қалай ойлайсың? Қызыл кітапты не үшін ойлап шығарған?___________________________________________
б) Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарларды сақтау үшін сен қандай істі атқарғанды жөн санар едің?
Өз ойыңды жаз.______________________________________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.