Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Киіз басу жолдары -

Киіз басу жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2581 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Киіз басу жолдары
Киіз - шығыс халқының көшпенді тұрмысына орай колданылған мүліктін бірі. Киіздер негізінен: үй жабуға арналған киіз, сырмақтық киіз, түрлі киім-кешекке арналған жұка киіз, жабағы киіз деп өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Киіз басу әдісі:
Алдымен тоқылған 5 метрдей ши немесе кенеп қажет. Шидің үстіне жүнді шабақтап орналастырады да, бірнеше адам екі жағынан отырып білектеп соғады. Көшпенділікке байланысты пайдаланатын киізді бір түсті жүннен басады.
Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң-тозаңын, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдермен бірге еркектерде қатысады. Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы қазақ ғұрпында ойын-сауықпен көңілді ететін-ді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.
Жүн сабау жұмысына керекті заттар - сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым, шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығын 1 метр 20 сантиметрдей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Ол сабаушылардың санына карай әр кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі сабаумен кос колдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ төселеді.
Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе, кеуіп тұрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен басады. Ол үшін оралмаған ақ ши, ыстық су, шелек, шөміш қажет. 4 қант шиді екі қатар жарастыра көктейді немесе шидің шет бауырларын байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен беттестіріле киіз төселеді. Киіздің екі бетін киіздің асты мен үсті немесе киіздің өңі мен теріскейі дейді.
Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса. онда оның астыңғы бетіне бозғылт, қызыл түсті жүндер шабақталады, бетіне ең әдемі жүн тартылады. Сырмаққа арналған киіз жұка басылады, егер қалың басылса, сырмақ астарланып сырыла келе өте ауырлап, ыңғайсызданып кетуі мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі беті тартылған соң, жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет жүріп өтіп, киізді алақанмен басып көреді. Жұка жеріне жүн косады, қалың жерін жаймалап жұкартады. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп кұяды. Жоғарыдан шашырап кұйылған су өз салмағымен жүнді басып біріне-бірін косып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды.
Су себіле бастасымен қатар отырған 3-4 әйел басылып жатқан жүнді қабаттай шиыршықтап, ескен тәрізденіп, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Осы тәртіппен жүн тартылған ши түгел жиналған сон, оны сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып, екі басын тұйыктап бос салып кояды. Бұл шиыршықталып жатқан шиді домалатып сүйрету үшін кажет.
Киізге ою салынған болса, яғни текемет болса 1 сағат тепкеннен кейін шиді тарқатып, киіз бетіндегі өрнекті түзетіп алып, оны қайта орап, тағы да тебеді. Жалпы киізді тебу уакыты 2 сағаттан 3 сағатқа дейін созылады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым шымыр, тегіс, әдемі шығады да, ондай киіз көп уақытқа дейін қопсып, түтеленбейді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.