.
.
Атырау облысы, Атырау қаласы Киіз үйдің керегелері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3573 | Размер: | Автор: гость№26 “Жұлдыз” балабақшасының
бейнелеу пәні маманы
Окашева Қаламқас Шангерейқызы
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Топ атауы: №9 «Бәйшешек» ортаңғы топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы:Киіз үйдің керегелері
Мақсаты: Киіз үйдің керегелері туралы түсініктерін кеңейту; жуан,жіңішке таяқшаларды рет-ретімен салуды, қарындашты қолдануды үйретуді жалғастыру; шығармашылыққа, сыйласымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу; ойлау, көру қабілеттерін,ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Әдіс-тәсілдері: «жүректен жүрекке» шаттық шеңбері,сұрақ-жауап, «үй құрастыру» ойыны, ғажайып сәт, көрсету, түсіндіру,әдіс-тәсілдері, сергіту сәті, мақал,әңгімелесу, қорытынды.
Билингвалдық компоненті: киіз-кошма; киіз үй-юрта- nomad's tent; жайлау-летнее пастбище- summer pasture; әже-бабушка- grandmother;
Іc-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Педагог балаларды «Жүректен жүрекке»шаттық шеңберіне шақырады.
Сұрақ қояды:
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қыс мезгілінің қай айы?
-Өткен оқу іс-әрекетінде біз ненің суретін салдық?
-Сырмақты немен әшекейледік?
-Оны қайда төсейді?
-Балалар, біз қандай үйде тұрамыз?
«Үй құрастыру» ойыны
Балаларды шығарып, тақтаға пішіндерден өз қалауымен үй құрастыруды ұсынады.
Балалар шеңберге тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
-Сырмақты әшекейледік.
-Біз сырмақты ою-өрнектермен әшекейледік.
-Сырмақты үйге төсейді.
-Біз тастан салынған жай үйде тұрамыз.
Пішіндерден үй құрастырады.
Ұйымдастыру-
іздестіру
Осы кезде есік қағылып, топ бөлмесіне әже кіреді.
Әже:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Бұл не? (тақтадағы үйді нұсқайды)
-Дұрыс айтасыңдар,балалар, сендер осындай үйде тұрасыңдар. Ал мен,ауылдан келе жатырмын, мен мынандай үйде тұрамын. (қолындағы киіз үйдің макетін көрсетеді)
Бұл үй қалай аталады? Кім біледі?
Дұрыс айтасыңдар,бұны киіз үй, ал кейбір жерлерде ағаш үй деп атайды. Киіз үй- мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және жайлы баспанасы. Ол тез құрылып,тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Киіз үйдің негізгі қаңқасын-киіз үйдің сүйегі деп атайды. Олар: кереге,уық, шаңырақ, есік. Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің әр бөлігін-қанат деп атайды. Содан кейін шаңырақты көтереді. Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Шаңырақ- үй,әулет мағынасында пайдаланылады. Содан соң уықтарды шаңырақ пен керегенің аралығына шаншиды,оны уық баумен бекітеді. Содан соң есігі бекітіліп, киізін жабады.
Педагог:
-Ал,балалар, киіз үйдің қалай тігілетінін түсініп алдық па?
-Олай болса, осы киіз үйдің негізгі бөлігі- керегесінің суретін әжемізге салып көрсетеміз бе?
-Алдымен үлгі суретке назар салып қарап алайық.
Үлгі суретті көрсетіп, ретімен салғызады.
Керегелердің суретін салу технологиясы:
-қағаздың бетіне жоғарыдан төменге қарай,бір бағытта үзік сызықшалар жүргіземіз.
- сызықшаларды бастырып, бір-бірімен қосамыз.
Сергіту сәті:
Шеңбер болып тұрамыз
Керегені құрамыз,
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп.
-Салынған таяқшаларға қарсы бағытта,тағы бірдей таяқшалар саламыз.
-Дайын керегелерді қоңыр түсті қарындашпен бояймыз.
Мақал:
«Аузымен астау шапқан,
Қолымен жаңқа жара алмас»
Мақалдың мағынасын түсіндіреді.
Балалар әжемен амандасады.
-Бұл біздер тұратын үй.
-Бұл үй-киіз үй деп аталады.
Балалар әженің әңгімесін тыңдайды.
-Ия
-Ия,салайық.
Үлгі суретті тамашалайды.
Жоғарыдан төмен қарай үзік сызықшалар жүргізеді.
Сызықшаларды бір-бірімен біріктіреді.
Өлең жолдарына сәйкес қимыл жасайды.
Таяқшаларды салады.
Керегелерді бояйды.
Мақалды тыңдап,мағынасын түсініп алады.
Рефлексивті -түзетушілік Дайын болған суреттерді педагог пен әжей қарап шығып көрмеге қояды.
Әже:
-Айналайын,балаларым, рахмет сендерге, суретті әдемі салады екенсіңдер. Керегенің суретін жақсы етіп салдыңдар. Сендерге ауылдан әкелген базарлығым бар. Оқу іс-әрекеті аяқталған соң апайларың таратып бере жатар. Мен енді жүрейін. Сау болыңдар.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
-Қандай үйлер болады?
-Ұлттық үй қалай аталады?
Балалардың еңбектерін бағалап, жақсы жақтарын мадақтайды. Қуанышты хабарлама таратады. Жұмыстарын көрмеге қояды.
-Сау болыңыз, әже!
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі:қағаздан үйлер құрастыруды.
Игереді:үзік сызықтарды қарама-қарсы орналастыру арқылы керегенің суретін салуды.
Меңгереді:киіз үй жіне жай үйлер туралы түсінікті
Қажетті құралдар мен материалдар: жай, қара, қоңыр түсті қарындаштар,альбомдар, үлгі, киіз үйдің макеті.
Технологиялық картаны толтырған:Бейнелеу маманы: Окашева Қ.Ш
Күн: 21.01.2015 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.