Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кім  білгір? -

Кім білгір?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1773 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Жосалы кенті
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлнұр

Тақырыбы: «Кім білгір?»
Мақсаты:
1. Оқушылардың білім алуға деген қүштарлықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытып ,өзгенің ойын тыңдау, сыйлау дағдыларын қалыптастырып жан-жақты болуға,өзін-өзі дамытуға ынталандыру.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мектеп-кеме, білім-теңіз
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
Кіріспе бөлім
Қайырлы күн қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Құрметті бүлдіршіндер! Ақыл көпке жеткізеді,өнер көкке жеткізеді.
«Оқу -инемен құдық қазғандай», «Білекті бірді,білімді мыңды жығады» осы мақал-мәтелдердің түбінде үлкен мағына жатыр.
«Кім білгір?» тақырыбындағы сайысымызға қош келдіңіздер!
«Б» оқушыларынан құралған топтармен танысайық.
1.«Балдырғандар» тобы
2. «Бүлдіршіндер» тобы
«Балдырғандар» тобының мүшелері : Нұрым, Динара , Сая.
«Бүлдіршіндер» тобының мүшелері : Нұрлан , Нұрдәулет , Анель.
Әділ қазылар алқасымен таныстыру
Сайыс шарттарымен таныс болайық:
1. «Білгенге маржан»сұрақ-жауап (пәндер бойынша)
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі
1.Сиырдың төлі 1.Түйенің төл
2.А қандай дыбыс? 2.р қандай дыбыс?
3.Адамның есту мүшесі 3.Адамның көру мүшесі
4.Сызықтың түрлерін ата 4.Геометриялық фигураларды ата
5.Жабайы жануарларды ата 5.Өлі табиғатты ата

2. «Кім тапқыр?» Жұмбақтар әлемі
1.Өзі айлакер, өзі қу 1.Жолбарысқа ұқсайды Жүрген жері айқай-шу Тышқанды ғана ұстайды

2.Қалқиып ұзын құлағы 2.Көзге көрінбейді
Елеңдеп қорқып тұрады. Қолға ілінбейді.
3.Қатқан қардай 3.Бұрап қойған сағаттай
Татсаң балдай Айқайлайды таң атпай.

3. «Ойлан,тап» жасырынған әріптерді анықтау.
1топ 2-топ
Т..р, а..а, ар..а та..а, пар..а, н..р

Көңілді үзіліс: «Ұшты-ұшты»ойыны
4. «Жалғасын тап» мақал-мәтелдердің жалғасын табу
1.Оқу инемен.......(құдық қазғандай)
2.Ақыл азбайды.........( Білім тозбайды)
3.Еңбек түбі.............(береке)
4.Отан оттан да...............(ыстық)
5.Сөз анасы .........................(сәлем)
6.Ас атасы.......................(нан)
7. Мектеп-кеме,.................(білім-теңіз)
8.Отансыз адам ормансыз..............(бұлбұл)

5. «Дыбыстар әлемінде»
Дауысты,дауыссыз дыбыстарды тиісті үйшіктерге салу.
а,т,п,н,ғ,р,л

ата, тар сөздеріне дыбыстық талдау жасату

Көңілді үзіліс: «Өз орнын тап» (сандар ретін анықтау)

Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау.

№1



А.Жанпейісов атындағы
№105 орта мектептің
2«Б» сынып оқушысы
Зулхарнаев Азаматтың
Әдебиеттік оқу пәніне
арнаған дәптері





Ата-анамен байланыс
2 «Б» сынып


Бастауыш сынып мұғалімі:
Тәжібаева Гүлнұр



2015-2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.