.
.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 8 Кірпілер
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1341 | Размер: | Автор: гостьТобы:«Балапан» I- кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: “Таным”
Бөлімі: Сенсорика.
Тақырыбы:«Кірпілер»
Мақсаты:
а) «Көп», «аз», «біреу» ұғымдарын қалыптастыру, заттарды түстері бойынша топтауды,заттың көлемін ажыратуды үйрету.
ә) Кеңістіктік түсініктерін дамыту,сөйлеу тілінде заттың орынын білдіруші кеңістік ұғымдарын қолдана білу,(астында,үстінде жанында) жалпы және ұсақ қол моторикасын жетілдіру,тактильді түйсікті,эстетикалық мәдениетті дамыту.
б) Жануарларға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен дала жануарларын атату.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,ойын.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:ойыншық кірпі,кірпіні жасауға арналған ермексаз,күнбағыс дәні,мүсіндеуге арналған тақтайша мен сүлгі.Билингвалдық компоненті: кірпі-ежик,жасыл-зеленный,сары-желтый.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Дидактикалық ойын «Кірпінің балаларын тап»
Шарты: Суреттен кірпінің балаларын көрсету.
-Балалар қараңдаршы, кірпі ана бізге қонаққа келді. Бірақ ол көңілсіз сияқты. Қалай ойлайсыңдар,неліктен? Кірпі-ана маған кішкентай балаларының одан тығылып қалғанын айтты. Ол балаларын табуға сендерден көмек сұрайды.
-Кірпінің балалары қайда жасырынып қалғанын білесіңдер ме?
Билингвалдық компоненті: кірпі-ежик,жасыл-зеленный,сары-желтый.
Балалардың жауаптары.
Балалар кірпінің балаларын іздейді(үстелдің орындықтың астынан,себеттің ішінен,төсектің астынан.
Қайталайды: кірпі-ежик,жасыл-зеленный,сары-желтый.
Іздену-ұйымдас тырушы
Дидактикалық ойын «Кірпілер қандай?»
-Кірпі- анақандай?
-Ал кірпінің балалары қандай?
-Кішкентай кірпілер қаншау?
-Ал үлкені ше?
-Қараңдаршы,жасыл көгалда қанша кірпі отыр?
-Ал қанша кірпі сары көгалда отыр?
Балалармен жұмыс жүргізіледі.
Сергіту сәті:
Тікенекті кірпі келеді,
Шыршаға ұқсап жайқала.
Жинап жеміс-жидекті,
Асығар үй-жайына!
Дидактикалық ойын: «Тікенек жаса»
-Ал қазір,балалар,үстелдеріңе жақндаңдар. Қараңдаршы, сендердің үстелдеріңнің үстінде кірпілер жатыр. Бірақ олар бір түрлі екен. Оларда не жоқ?
-Кірпілердің арқаларына тікендерін қайтаруға көмектесейік пе? Тәрбиешінің көмегімен балалар жауап береді.
-Үлкен .
-Кішкентай .
-Көп.
-Біреу.
-Көп.
-Аз.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін қайталап жасайды.
Балалар үстелге жақындайды.
-Тікенек жоқ.
Бәрі келіседі. Балалар күнбағыс дәндерінен тікендер жасайды.
Рефлексивтік- түзетуші Жарайсыңдар,балалар! Кірпілеріміз тамаша болды. Кірпілерімізді арқаларынан сипайықшы. Олар қандай болып шықты?
-Тікенекті болып шықты.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:арқасы тікенекті кірпіні.
Қандай түсініктерді игерді: кірпі тікенекті болатынын; «аз», «біреу» және«көп», ұғымдарын;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: кірпі туралы және оның өмір сүру ортасы туралы білімді.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 9
Тобы:«Балапан» I- кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: “Таным”
Бөлімі: Сенсорика.
Тақырыбы:«Ұзын-қысқа»
Мақсаты:
а) «ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру,беттестіру(бетіне қою) әдісі арқылы ұзындықты салыстыруға үйрету,сондай-ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімдерін қолдана білуге үйрету.
ә) Қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды,көз мөлшерін дамыту,ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
б) Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Балаларды ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,ойын.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша-жолдар(ұзыны-жасыл және қысқасы-көк);әр балаға әртүрлі түстен 1машина;түрліұзындықтағы ленталар;әр балаға жолдардың түсіндей үйдің суреті бейнеленген 2данадан карточкалар.
Билингвалдық компоненті: үй-дом,жол-дорога,ұзын-длинный,қысқа-короткий.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Саусақ жаттығуы.
Бас бармаққа қонаққа,
Үй есігі алдында,
Балаң үйрек,ортан терек,
Шылдыр шүмек асыға,
Ең ақыры кішкентай бөбек,
Есік қақты жайлана.
Бірге жүрсе саусақтар-мәңгі достар,
Бір-бірінсіз күні жоғын ұғынды олар.
Балалар тәрбиешімен бірге бір уақытта екі қолдың да саусақ ұштарын мәтіндегі сөзге сәйкес кезекпен қосады.
Іздену-ұйымдас тырушы
Дидактикалық ойын: «Жол салу»
Балаларға жолақша-жолдар,үйлер және машиналардың суреті бар карточкалар үлестіріліп беріледі.
Билингвалдық компоненті: үй-дом,жол-дорога,ұзын-длинный,қысқа-короткий.
Балаларға сұрақтар қойылады.
-Жолдар бірдей ме?
-Айырмашылығы неде?
-Олардың қайсысы ұзынырақ?
-Жолақшалардың ұзындығын бір-бірінің үстіне қою арқылы білеміз.
-Қай жол ұзынырақ;үстіңгісі ме,астыңғысы ма?
Ұзын жолды жасыл үйге қоямыз,ал қысқасын көк үйге қоямыз.
-Машина қай жолмен үйге тез жетеді?
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Қайталайды: үй-дом,жол-дорога,ұзын-длинный,қысқа-короткий.
Тәрбиешінің сұраққа жауап береді.
Балалар жолдарды салыстыра қарайды, тапсырманы орындап,сұрақтарға жауап береді.
Балалар жауап береді.
Рефлексивтік- түзетуші Дидактикалық ойын: «Ұзын және қысқа таспаны тап»
Әртүрлі ұзындықтағы таспалар салынған қорапты ортаға қояды. Балалар ұзын және қысқа таспаларды табады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:«ұзын», «қысқа» таспаларды салыстырады.
Қандай түсініктерді игерді:заттардың ұзын,қысқа болатынын;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: заттардың ұзын,қысқалығын білу үшін беттестіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.