Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кірпілер -

Кірпілер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3751 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы
Іле ауданы
Өтеген батыр кенті
М.Мақатаев атындағы № 13 орта мектеп
Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі
Мергенбаева Гүлсім Қаналханқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: Кірпілер
Мақсаты: Табиғи материалдарды және ермексазды пайдалана отырып,кірпіні жасауды үйрету.Балалардың белсенділігін,шығармашылығын дамыту.Ұқыптылыққа, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі- құралдар: Кірпі туралы суреттер,слайд.
Балалар үшін: ермексаз,кескіш,тақтайша,әліппе дәптер.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап,талдау бағалау.

Іс әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру
Сезімдерін ояту. Шаттық шеңбері
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге сабақ оқимыз,
Міне біздер қандаймыз. Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдастырушылық
Ізденушілік. Жұмбақ
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме.
-Кірпі сәлеметсіздер ме балалар ?
-Сәлеметсіз бе апай?
Сәлеметсің бе кірпі,
Кірпі:Балалар мен орманға азық жинауға бара жатырмын,сендер менімен барасыңдар ма?
Тәрбиеші:Балалар біз кірпіге көмектесейік солай ма?
Тәрбиеші балаларға кірпінің жейтін азығы туралы әңгімелейді.Кірпі талғаусыз қоректенетін жануар.Ол әр түрлі жәндіктерді аулап,жеміс жидектерді жақсы көреді.Кірпі жақсы естиді және исшіл болады.Ол қорыққан кезе домалана қалады.Балалар біз кірпі туралы слайд тамашалайық.
Дидактикалық ойын: «Жемістерді жинау»
Балалар себетке кірпінің жейтін жемістерін жинайды.Сонымен бірге саңырауқылақты да жинап береді. Кірпі балаларға рахмет айтады.
Сергіту жаттығуы
Тұмсығында түймесі,
Деп тұрғандай тимеші.
Балаларға әліппе-дәптерді басшылыққа ала отырып кірпінің жасалу жолдарын көрсету.
Дидактикалық ойын: «Кірпіге ине қадайық» Сәлеметсіз бе кірпі
-Кірпі
Ия
Ия
Балалар тәрбиеші әңгімесін тыңдайды.

Балалар табиғи материалдармен жасалған кірпілерді тамашалайды.

Балалар кірпіні ортаға алып сипап ұстап көреді.

Балалар өздерінің кірпі туралы білетінтақпақтарын айтып береді.

Балалар сергіту жаттығуын жасайды.

Балалар кірпіні жасау жолдарымен танысып өз беттерінше жұмыс жасайды.
Қорытындылау. Балалардың жұмыстарын ортаға қойып талдау,мадақтау.
-Балалар біз сендермен бүгін көп еңбек еттік.
-Кірпі туралы не айтасыңдар?
-Балалар мен мен сендердің жұмыстарыңды көрдім маған ұнады барлығың жақсы еңбектендіңдер мен сендерге жұлдызша беріп марапаттағым келіп тұр.Сендер де маған көмек беріңдер,сендерге қай жұмыс ұнады? Балалар өздерінің ойымен бөліседі.

Балалар өздерінің жұмыстарына баға береді.
Күтілетін нәтиже:
Балалар кірпі туралы түсінік ала отырып,өз беттерінше ермексаздан мүсіндеп жасау.
Білуі тиіс:
Кірпінің ормандағы тіршілігі туралы білу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.