.
.
Атырау облысы, Атырау қаласы Кішкентай зерттеушілер.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2832 | Размер: | Автор: гость№13 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі
Найзабекова Жумазия Муханбетовна
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Экология
Тақырыбы: Кішкентай зерттеушілер.
Мақсаты:
1. Зерттеу – ізденіс тәжрибесі, ойындары барысында балалардың іздемпаз-
дылық, танымдылық қасиетін дамыту.
2. Логикалық ойлау арқылы өз ойларын, пікірін, сөйлем құрап айтуға,
сөйлеу мәдинеттілігін қалыптастыру.
3. Белгілі бір тәжрибелерді жасау жолында балаларды еңбекке баулу,
нәтижесіне жету.
4. Экологиялық эксперименттік ойындар арқылы балалардың бойында
табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарауға оны қорғауға,
сақтауға үйрету және тәрбиелу.
Әдіс тәсілдер:
1. Көрнекілік әдіс
2. Сөздік әдіс
3. Ойын әдіс.
Керекті көрнекілік:
1. Слайдтан тақырыпқа байланысты суреттер.
2. Пластмасс стакан, суды сүзетін ақ мата
3. Сары, қызыл, көк, жасыл түсті бояулар
4. Түрлі – түсті шарлар, резеңке қолғап
5. Сұйық сабын, трубка
6. Тұз, 2 банка 0,5л сумен, 2 жұмыртқа
Сабақтың жүру барысы:
Бөлме ішіне бірнеше үстелдер қойылып, әр үстелдің үстінде арнайы
ыдыстар, зерттеу – ізденіс тәжрибе ойындарына қажетті құралдар.
Тәрбиеші:
Балалар біз бүгінгі күнімізді шағын зертханамызда зерттеу – ізденіс
тәжрибе ойындарын жүргіземіз. (Слайд арқылы суреттер көрсету.)
Тәрбиеші:
Балалар бізге су не үшін қажет?
Балалрдың жауабы:
1. Су бізге жуыну үшін қажет
2. Суды ішеміз, судан шәй қайнатамыз
3. Мамамыз көже жасайды, кампот қайнатады
4. Суда балықтар тіршілік етеді, су болмаса балықтар өліп қалады.
Тәрбиеші:
Дұрыс айтасыңдар балалар, Жарайсыңдар!!!
I топ балаларын тапсырма:
I топ балалары алдарыңызда екі стакан қойылған, біреуіне су құйылған
алдымыздағы ақ матаны алып екінші ыдыстың бетіне жауып, суды
сүземіз, судың бойындағы лас заттарды анықтаймыз.
(балалардың жұмыс сәті)
Тәрбиеші:
Медина неге суды басқа ыдысқа құйдың?
Басқа ыдысқа сүзіп құю арқылы судың құрамындағы ласты анықтадым.
Махмудадайхан неге суды сүздің?
Басқа ыдысқа сүзіп құю арқылы судың құрамындағы ласты анықтадым.
Тәрбиеші:
Дұрыс айтасыңдар балалар, Жарайсыңдар!!!
II топ балаларына тапсырма:
Балалар судың түсі қандай?
Балалардың жауабы:
Судың түсі түссіз.
Тәрбиеші:
Алдымыздағы ыдыстағы суға бояу қосу арқылы зерттеу – ізденіс
тәжрибесін жасап көрейік. (балалардың жұмыс сәті)
Тәрбиеші:
Батыржан сенің ыдыстығы судың түсі қандай түске айналды?
Менің ыдыстағы суым сары түске айналды.
Тәрбиеші:
Дұрыс айтасың. Осылайынша осы топтағы барлық балалардың жұмыс
нәтижесін анықтау және көрсету.
III топ балаларына тапсырма:
Балалар шар және резеңке қолғап не үшін керек?
Балалардың жауабы:
Шарды үріп, кішкене шарымыз көлемі үлкейеді, қолғапты ыдыс жуғанда
еден жуғанда киеміз.
Тәрбиеші:
Алдымыздағы ыдыстың ішіндегі суды шарға, резеңке қолғапқа құямыз.
(балалардың жұмыс сәті)
Тәрбиеші:
Балалар енді орнымыздан тұрып, сергіту, тыныс алу жаттығуларын
орындайық.
IV топ балаларына тапсырма:
Алдымыздағы ыдыстағы судың ішіне сұйық сабын құйып суды
көпіртеміз. Су неге айналды? (балалардың жұмыс сәті)
Балалардың жауабы:
Сәтжан, менің суым трубкамен үрлеу арқылы көбікке айналды.
Сабина меніңде суым үрлеу арқылы көбікке айналды.
Дұрыс айтасыңдар балалар, Жарайсыңдар!!! Өте тамаша.
Тәрбиеші:
Келесі зерттеу – ізденіс тәжрибемізді мен өзім көрсетемін, оның аты
«су асты қайық». Алдымыздағы екі банканың біреуіне үш ас қасық
тұз салып әбден араластырамыз. Жәймен қасықпен ішіне жұмыртқаны
саламыз. Судың ауырлығымен жұмыртұа су бетіне қалқып шығады.
Ал екінші банкаға тағыда жұмыртқаны саламыз, жұмыртқа судың
түбінде қалып қояды. Міне балалар судың қасиеті өзгергенін
байқадық.
Тәрбиеші:
Балалар, бірінші банкадағы жұмыртқа неліктен су бетіне қалықтап
шықты?
Балалардың жауабы:
Себебі біз суға тұз салдық, су ауырланды, сондықтан жұмыртқа
су бетіне шықты.
Тәрбиеші:
I II III IV топ балаларына қандай тапсырмалар беріліп оны қалай
зерттеу – ізденіс тәжрибелерін жасағандарын қорытындылау.
(Слайдтан сурет көрсету). Балалар біз айналамыздағы бізді қоршаған
табиғатты яғни ағашты, өзен көл суларын, құстарды, жануарларды,
балықтарды, жәндіктерді, гүлдерді, бау – бақшаны бәрін біз адамзат
қорғауымыз қажет. Суды ластамаумыз, ағаштарды баптап, қоқысты
көшеде тастамаумыз керек. Табиғатты қорғап, аялау біздің міндетіміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.