.
.
Тақырыбы: « Кітап – асыл қазына» Кітап – асыл қазына
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2511 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер, интерактивті тақта, кітаптар, т.б.
Сабақтың барысы:
1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақындарымыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 1б - сынып оқушылары дайындаған «Кітап – асыл қазына» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - бөлім. Кіріспе.
Кітап туралы не білеміз? Тақтаға назар аударайық.
Кітап – араб сөзі, “жазба”,ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеу цехы.( слайд)
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
-Балалар, айтыңдаршы, сендер сабақтарыңды нешеге оқығыларың келеді?
-5-ке. Олай болса, қонақтарға болашақта қандай болатындарыңды әнмен жеткізіп беріңдерші.
Ән: «Болайықшы осындай»
Мұғалім: Балалар, кітап туралы ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың мынадай нақыл сөздері бар екен.
Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.
-Балалар, байқап қарасақ, кітаптар да адамдар сияқты ауырады екен. Оны көріністен тамашалайық.
Көрініс «Науқас кітап» Дәрігер ролінде: Аяжан
Науқас кітап рөлінде: Нәзігім, оқушы Ақерке
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
Есіңе сақта! Слайдтан көру.
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма! Кітап беттерін жыртпа. – Әлішер
7.Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.Кітапты жатып оқыма. – Біржан
слайд
1. Кітап - таусылмайтын байлық. - Нұршат
2. Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы. - Жанель
3. Кітап – алтын қазына.
4. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. - Жұлдызай
5.Білім тозбайды, Ақыл азбайды.
6. Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.
7. Оқу білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
8.Кітап – шебер ұстаз,тілсіз мұғалім. - Нәзігім
Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?
Ы. Алтынсарин Кел, балалар, оқылық! Елнұр
Н.Ә.Назарбаев сөзі. Аяжан
Би Гүлсезім
Ән: Әліппе
Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан - жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
-Олай болса, кітап туралы әдеби монтажымызға кезек берейік.
1. Гүлсезім:Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын алып неден.
Елнұр: Жақсы әңгіме, өлеңді,
2. Әр бетінен табамын.
Ертегіні көлемді,
Оқи алар баламын.
3. Аяжан: Кітап оқу адамға,
Әкеледі жақсылық.
Ой ұшқындап санаңда,
Оянады жақсы үміт.
4. Оңталап: Мол қызыққа батамын,
Кітап – білім бұлағы.
Деген сөзі атамның,
Есімде ылғи тұрады.
5. Ақерке: Кетпейді ешбір жадымнан,
Мектепке бардық күз айы.
Тастамай сені жанымнан,
Қолтықтап жүрдім ұдайы.
6. Біржан: Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің?
Оқи берсең кітапты.
7. Қолғанат: Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу-білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
Мұғалім: Оқы талмай, түй санаңа ,
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,
Бар білімді мен егемін санаңа.
8. Мұғалім: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дейсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Таппасаң нәрін шөлдерсің - деп келесі кезекті кітапты қалай жасалатыны туралы слайдқа берсек.
Мұғалім: Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Әзима апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)
кітапханашы апайға сұрақ қою. Гүлсезім, Ақерке, Аяжан.
Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар.
Мұғалім: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі
Мұғалім: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін,
Көрген кісі кітабың кір демесін.
Көрініс: «Салақ бала»
Кітап ұстау ережесі: (Слайд арқылы түсіндіріледі)
Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,
Білсең кітап - нағыз жол басшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқанды Нұсұлтандай Елбасы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Майдакөл ауылы,№98 орта мектеп мұғалімі Жұмағали Зоя Өмірзаққызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.