.
.
Сабақтың тақырыбы: Кітап – білім бұлағы. Кітап – білім бұлағы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3780 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру. Білімдік танымдарын
өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
2. Кітапты күтіп таза ұқыпты пайдалануға үйрету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар.
Сабақтың барысы:
Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен. Кітап - өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
Кітапханашы оқушыларды кітапханамен таныстырады, кітап туралы мағлұмат береді. Кітапты пайдалану туралы ережемен таныстырады.
Кітап туралы ережелер:
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.
Ұқыпты оқушы.
Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын,
Мұқабасын бүктеймін - қырқылмасын
Таза болсын беттері - сызылмасын.
Көрген кісі кітабы кір демесін.
2 „В“ класс оқушыларының кітап туралы дайындаған бағдарламасы:
1. Кітап туралы даналық сөздер
2. Кітаптың шығу тарихынан
3. Кітап турасындағы мақал - мәтелдер
4. Кітап туралы тақпақтар
5. „Кітап – сенің досың“ қойылым
6. Кітап туралы жұмбақтар
Жұмбақтар:
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.
Мақал - мәтел
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Артық ғылым кітабы
Ерінбей оқып көруге.
Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
„Кітап – сенің досың“ қойылым
Тақпақтар:
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.
Іздегенде табылады,
Ғылым жұмбақ, тау сындас.
Білім өмір сабағы,
Ғұмыр бойы таусылмас.
Келесі кезекті тақпаққа береміз.
Нақыл сөздер.
1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
2. Кітап - құдіреті қару.
3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім.
4. Кітап - өмір ұстазы.
Міне балалар, кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп, сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді. Кітапты сүйіңдер, кітап асып таспайтын асыл досымыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.