Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері -

Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3061 | Размер: | Автор: гость
. «Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ

Сыныбы: 8 «Г»
Пән мұғалімі: Д.Тлеулиева

2015-2016 оқу жылы

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ
География пәні мұғалімі Тлеулиева Даметкенннің 8«Г»
сыныбына арналған география пәнінен ашық сабаққа арналған қысқа мерзім жоспары

5-күн 4.12.2015ж 4- сабақ

Пәні География 8-сынып

Сабақтың тақырыбы:
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Ресурстар: 8-сынып оқулығы, интерактивті тақта ,маркер, стикерлер, Білім ағашы суреті, плакат, А3, А4, ресурстар.

Сабақтың міндеті Жаңа сабақты оқушылардың түсінуі

-сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегі арқылы талқылау

-ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы білімдерін қалыптастыра отырып, оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін кеңейту.
2.Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін өздігінен ізденісін дамыту.

3. Тәрбиелік: Қолайсыз атмосфералық құбылыстармен таныстыра отырып, табиғатына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі: • Атмосфералық құбылыстар туралы білімдері толығады.

• Оқушы жеке өз бетімен жұмыс жасайды, пәнге деген қызығушылығын,
жауапкершілігін арттырады.

• Сұрақтарды талқылауға қатыса алады, бір – бірін тыңдай біледі.

• Жалпы ой – өрісі дамып, сабақтың тәрбиелік мәні ұлғаяды.

• Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, сыни тұрғыдан ойлауы
дамиды.

Негізгі идеялар
Жаңа сабақты меңгерту. Бірлескен топтық жұмыстың тапсырманы қорғау кезіндегі ынтымақтастығы

Топқа бөліну
Күн, Бұлт, Жауын-шашын суреті бар қима картиналармен 3 топқа бөлінеді
Тапсырмалар
Кіріспе
Жүректен жүрекке Психологиялық ахуал туғызу Оқушылар бір-біріне тілек айтып, сәттілік тілейді.

1 Үйге тапсырма. Диктантты толықтырады.
Географиялық диктант
1) Қазақстанның жері негізінен ………….. болып келеді.

2) Қазақстанның жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері ……… ……… аралығында.

3) Қазақстанның жауын – шашын ең көп түсетін жері ……………. .

4) Қазақстанның жауын – шашын солтүстікте орта есеппен …………. .

5) Жылдық жауын шашын
мөлшерінің буланушылықа
қатынасын ……………………деп
атайды.

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту
4- модуль. АКТ. интерактивті тақта

2-тапсырма. Мағынаны таны
Топтағы оқушылар өздеріне берілген мәтінмен танысып, сол мәтіннен түсінгенін постерге салып қорғайды.
1-топ Қуаңшылық, аңызақ
2-топ Үсік, шаңды дауыл
3-топ Көктайғақ

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау. Джиксо әдісі
7-модуль. Оқытуды басқару және көшбасшылық
4- модуль. АКТ. интерактивті тақта
5-модуль. Талантты және дарынды балаларды оқыту


Топқа бөлу.
Күн, Бұлт, Жауын-шашын суреті бар қима картиналармен 3 топқа бөлінеді
І топ Күн
ІІ топ Бұлт
ІІІ топ Жауын –шашын
1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Топ ережесін бекіту. Топ ережесімен танысады.
Топ ережесі
1.Бірлесіп жұмыс жасау
2.Бір-біріміздің пікірін тыңдау.
3.Уақытпен санасу
4.Тыныштықты сақтау
5. Белсенді қатысу

3-тапсырма. Ассоциация әдісі
Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды жазып толықтырады.

Қолайсыз атмосфералық
құбылыстар

4- тапсырма
Топтық жұмыс. Сәйкестендіру тесті
Тестті сәкестендіреді.
1 Егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік беретін аудандар Шаңды дауыл
2 Атмосфералық құбылыстар Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл
3 Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын құбылыс Мақта, жүзім, т.б.
4 Аңызақ желдің ең ұзақ соғатын жері Қаратау жотасы, Іле Алатауы
5 55 – 60 күн Қуаңшылық, аңызақ

6 10 жылда 4 жыл үсік қаупі бар Қауырт атмосфералық құбылыс
7 22 мм – ге дейін барады Солтүстік және орталық
8 Үсік Қызылқұмда

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта
2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.

5-тапсырма. «Суреттерді таны » ойыны
Қандай сурет берілгенін табады.
1.көктайғақ
2. Үсік
3. шаңды дауыл
4. құрғақшылық пен аңызақ

Сергіту сәті
4- модуль. АКТ. интерактивті тақта
6- тапсырма. Қорытындылау. «Ұяшықты таңда» ойыны
Ұяшық таңдап, сұраққа жауап беріп ұпай жинайды.

Ұяшықты таңда

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту
7-модуль. Оқытуды басқару және көшбасшылық
4- модуль. АКТ. интерактивті тақта

Кейінгі тапсырма Үйге тапсырма: §25.Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
Мазмұнын айту. Өткен тақырып бойынша 5 жол өлең құрап келу.

Бағалау Қалыптастырушы бағалау:Мадақтау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы . 3 модуль. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 3 минут
Кері байланыс Білім ағашы суретіне сабақтан алған әсерлерін, пікірлерін жазып жабыстыру. 3минут
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.