.
.
Үйірме сабақ Коллаж. Балапан.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3329 | Размер: | Автор: гость«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернаты» КММ
Дайындаған: Кыстаубаева Э.О.
Тақырып: Коллаж.Балапан.
Мақсаты:Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру.Тауық,балапан жайлы түсініктерін кеңейту.
Көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мейірімділікке,қайырымдыллыққа,жұмыс барысында ұқыптылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.
Әдіс—тәсілдері:сұрақ-жауап,қию,жапсыру,себу,басу.
Үлестірмелі құралдар: балапан суреті,жіп қиындылары-сары,қызыл,қара түсті,желім,қылқалам,қайшы.
Көрнекілігі:Көгалда жайылып жүрген тауық,балапан жасалу жолы-орындалу реттілігі,коллаж-аппликация түрлері.
Сабақ барысы
-Балалар бізге бүгін көп қонақтар келді.Қонақтардың келгеніне қуанышымызды мына өлең жолдарымен жеткізейік.
-Қане бәріміз бірге:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Қайырлы күн достарым,
Қайырлы күн ұстаздарІ
-Балалар біз бүгін «Балапан» тақырыбындағы коллаж жұмысымызды аяқтаймыз.
-Ең алдымен коллаж дегеніміз не? Еске түсіреміз.
-Коллаж-бұл бейнелеу өнерінің техникалық әдіс;яғни шығармашылық ізденіскезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір түрі.Түрлі матадан,жіптерден, қағаз,газет қиындыларынан,әйнек,ағаш қалдықтарынан желімдеп жапсыру арқылы жасалынады.
Коллаж-әсіресе балалардың шығармашылық жұмыстарында кеңінен пайдаланылады.
-Балалар,қане тақтадан не көріп тұрмыз?
-Дұрыс айтасыңдар. Тауық.
-Тауық құстардың қай түріне жатады?
-Иә,балалар тауық үй құстарына жатады.
-Тауық бізге несімен пайдалы,яғни тауық бізге не береді?
-Жұмыртқасы,еті-тамақ,ал жүнінен жастық,көрпелер жасалады екен.
-Тауық қалай дыбыстайды?
-Қыт,қыт.(балалардың жауабы)
-Тауықтың баласын не деп атайды?
-Балапан.
-Ал балапан қалай дыбыстайды?
-Шип,шип.
-Балапан қандай болады?
-Сап-сары,жұмсақ сүйкімді болады.
-Енді мына тауық көгалда балапандарын жоғалтып алыпты.Бізден көмек сұрап келіпті.
Қане көмектесемізбе?
-Иә көмектесеміз.Балапан ды коллаж әдісін пайдаланып жасап шығарайық.
Енді қайшы,желім,қылқаламмен жұмыс жасайтын болғандықтан қауіпсіздік ережесін еске түсіріп,қайталап аламыз.
Қылқаламды суда,желімде қалдыруға болмайды;
Пайдаланып болған соң қылқаламды жуып, тазалап қою керек;
Қылқаламды орнына қойғанда қылы бар жағын жоғарыға қаратып орналастыру керек.
Желім құйылған ыдыс аузы нығыз жабылуы керек;
Желіммен жұмыс жасап болғанда қолды жуу керек
Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек
Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.
Жұмысымызды бастамас бұрын сергіту сәтін өткізейік
Сергіту сәті
Бала-бала балапан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат.
Сарамандық жұмыс.(әуен)
-Жарайсыңдар.Енді жұмысымызды бастайық.Біздің балапанымыз,жіптеріміз дайын.Біз бұл жұмыстарды өткен сабақтарды әзірлеп алған болатынбыз.Бүгінгі жұмысымыз балапанымыз қатты қағазға жапсырып,содан кейін коллаж әдісін пайдаланып жіпті жапсырамыз.
-Алдымызда жіп қиындылары,желім,қылқалам тұр.Ең бірінші балапанға желім жағып жапсырайық.Дайын балапан үлгісін қатты қағазға жапсырып алып,балапанның басынан бастап біртіндеп желімді жаға отырып жіп қиындыларын себеміз.Осылай балапанның өне бойын жіп қиындыларымен жапсырып шығамыз
Сергіту сәті.
Балалармен бірлесе,көмектесе отырып жұмыс жасау.
Тақтада жұмыстың орындалу реттілігіне назар аудару.
Балалар жұмысын мақтау,мадақтау.
Қане балалар жасаған балапандарымызды тауық-анасының жанына алып барайық.Тамаша балалар сендер қандай мейірімді,қайырымды,көпшіл болып ер жетіп келесіңдер.
-Әр бала балапанға тілегін айта отырып тақтаға іледі.
Қорытынды.Бекіту.
-Жарайсыңдар.Қане біз бүгін не жасадық?
-Иә.Қандай жұмыс түрі болды?
-Сендерге бұл жұмыс ұнады ма?
-Тамаша.Тауық-анамызға да өте қатты ұнапты,сондықтан сендерге
алтын- сиқырлы жұмыртқасын бере отырып алғысын білдірмекші.
-Әрқашан осындай еңбекшіл әрі мейірім шапағатына бөленіп жүрулеріңе тілектеспін,Рахмет.
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін мектеп-интернаты»КММ
Тақырып: Коллаж. Балапан.
Тәрбиеші: Қыстаубаева Э.О.
Сынып: 1 «А»сынып
2014-2015 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.