.
.
ОҚО, Түркістан қаласы , Коучинг әдісі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2737 | Размер: | Автор: гость№20 жалпы орта мектебі,
І деңгей бойынша сертификатталған,
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Азимова Дильфуза Нуритдиновна
Коучинг әдісі
Әлемдік тәжірибелерді білім саласында іс жүзінде қолдануды Қазақстан Республикасы білім беру мекемелері соңғы жылдары қолға алып отыр. Оның ішіне мұғалімдер біліктілігін деңгейлеп көтерудің тиімді жолы коучинг әдісі яғни тәлімгерлік әдісі де кіріктілген.
Деңгейлі курстарды бітіріп келген коуч-тәлімгер мұғалімдер оқуда алған білімдерін оқу сапасын көтеруге , қазіргі заманғы жетістіктермен , оқуды ұйымдастыру ерекшеліктерімен, білім беру үдерісіне диалог жүргізу білігі мен , сыни тұрғыда ойлауды дамыту принціптерімен, Лессон Стади сияқты тәжірибе зерттеу сабақтарымен, мектеп ішінде, аудан аймақ көлемінде коучингтер өткізіп, тәжірибесін көпшілік әріптестерімен бөлісіп жатқан жағдайлары бар. Баспасөз жарияланымдарында мақалалар жазып, мәлімдемелер, ақпараттар жолдап, өз білімдерімен ортақтасуды әдетке айналдырған.
Коучтар өз біліктілігін артырып қана қоймай, білімдерін өткізген сабақтарын нақтылай пысықтап, оқушылар алған білім сапасы бойынша талқылап- қортындылауға, өз ісінің дұрыс-бұрысын бірге отырып талдауға, өз білім деңгейінің сапасын анықтап бағалауға көп көңіл бөліп отыр. Коуч мұғалім сабақ беруші ғана емес, ол оқушыларды проблемаларға бағыттаушы, зерттеушілік оқу танымдылық іс әрекеттеріне кеңесші, ұйымдастырушы, білім алуды үйлестіруші, оқушылардың ақыл ой әрекеттеріне жағдай жасаушы, олардың бастамаларына көмекші ретінде, ұйытқы болып отырады, химиялық термен мен айтқанда катализатор, әділ төреші ретінде сабаққа бағыт -бағдар беріп отырады. Коуч білім берудің мақсатын жасаудың тұжырымдамалық негіздерін оқып үйренген, оқушылардың шығармашылық ойлау іс әрекеттерін белсенділендіруге бағыттайды, идеяларын іске асыруға , ойлау іс әрекеттеріне жәрдем беретін "Миға шабуыл" сияқты зерттеу, талдау, талқылау,болжау, қортындылау, бағалау сияқты іс әрекеттерін негізгі мақсатқа бағыттап отырады. Негізі, коучтың біліктілігі тәлім алушылар білімінің сапасымен анықталады.
Әр бір мектепте коуч- лидер әр бір мұғалімнің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін оқу әдістемелік материалдар жүйесін дайындауға көмектеседі, мұғалімдер жұмысын жеңілдетуге, оқу сабақ жоспарының сапалы орындалуын қарастырады. Түсінікті ғылыми негізделген жоспарларды ұсынады.
Мұғалімнің әр сабағының құны, оқушының дамуы үшін ерекше маңызды болуын ескерсек, коучтың шыңдалған ғылымға негізделген әр бір сабағы адал еңбегі оны жеңіске алып барады, Оның қорытындысы мектеп бітіретін әр бір оқушының біліміне өз игі әсерін тигізіп, нәтижесін көрсетеді. Әр мектептегі коуч тәлімгерлер оқу жоспарының едәуір тиімді орындалуына септігін тигізіп, еңбегін адал ақтап шығуға әрекетін жасап, тырысып, еңбек етіп жатқан жағдайлары бар.
Коуч- тәлімгерлер арасында бірінің сабағын бірі қайталап, айнытпай көшіріп жүргендері де кездеседі. Сол үшін де коуч біліктілігін өткізген сабағының сапасын бақылап, бағалап отыратын түрлі қауымдастықтар құрылып, тәжірибе алмасып отыратын болған. Қысқасы, ешкімнің де еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ, жұмыс істемегендерді әдіскер- тренерлер бақылауына алған.
Қауымдастық мүшелері аудан, облыс көлемінде жазғы демалыс кезінде кездесіп, жақсы коучинг сессияларын өтіп, ой пікірлерін, жаңалықтарын ортаға салып, ортақтасып тәжірибе алмасқан жағдайлар болды. Түркістан қаласында екі рет, Сарыағаш курорт жағажайында бір рет осындай демалыс коучинг сабақтары өтілді. Бірақ алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, нәтижесі аса құнды болды деп айта алмаймын. Жолсыздан салынған жаңа соқпақ жол сияқты коуч жұмыстары енді енді тереңдеп келеді. Коучинг әдісінің үлкен даңғылына жетіп, оқушылар жүрегіне тез арада қиындықсыз жете алатын күнде алыс еместігініе сенемін. Коучинг сессиялар мұғалімдердің өз педагогикалық қызметтеріне деген көзқарастарын өзгертуге ықпал етеді. Тәлім алушы мұғалімдердің диалогты оқыту барысында формативті бағалау, сын тұрғысынан ойлау, топтық оқытудың тиімділігі мен маңыздылығы туралы теориялық танымдарын дамытады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.