Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Квадрат теңдеулер тарауына есептер шығару -

Квадрат теңдеулер тарауына есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1921 | Размер: | Автор: гость
. Рахматуллаева Барно,
№ 7 Бабыр атындағы мектептің математика мұғалімі
ОҚО, Сайрам ауданы
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер тарауына есептер шығару

Квадрат теңдеулер тарауына есептер шығару
Еліміздің жарқын болашағы, мектеп қабырғасындағы, бүгінгі жас ұрпақтың терең білім, үлгілі тәрбие алуына байланысты. Қазіргі кезде еліміздегі білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне ене бастағанда, біздер пән мұғалімдері де, заман талабына сай педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерді қабылдай отырып, өз сабағымызда жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуіміз қажет. Осыған негізделе отырып, 8-сыныпта «Квадрат теңдеулер тарауына есептер шығару» тақырыбындағы сабақ өткіздім. «Квадрат теңдеулер» мектептегі алгебра курсының маңызды тақырыптарының бірі. Көптеген табиғи үдірістер мен құбылыстар, с.с. мазмұнды есептердің шығарылуы квадрат теңдеулерді шешуге келіп тіреледі. Теңсіздіктерді шешу, функцияларды зерттеу (функцияның нөлдерін, экстремум нүктелерін, өсу және кему аралықтарын табу), ең үлкен және ең кіші мәндерді табу есептерін шығару және т.б. жағдайларда квадрат теңдеулерді шеше білу қажеттігі туындайды. Сондай-ақ тригонометриялық, көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулерді, физикада және техникада, геометрия курсының есептерін алмастыру тәсілімен шешкенде квадрат теңдеулерге келтіріледі. Әріптестеріме сабақтың үлгі-жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулер тарауына есептер шығару»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап, теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.
Сілтеме Алгебра 8 сынып, дидактикалық материалдар 8 сынып.

Міндеттері
• Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептерге қолданылатын негізгі формулаларды білу
• Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау
• Алған теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдана білу
Оқып үйренудің нәтижелері Оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шеше алады, өз ойларын еркін жеткізе алады.
Сабақтың көрнекілігі тақырыпқа сай слайдтар, үлестірме парақтар, плакаттар, маркер, стикер, бағалау парағы.
Бағалау критерийі:
1 сұраққа толық жауап берсе - 1 ұпай
Ережелер толық айтылып формуладан қате кетсе- 0,5 ұпай
Ауызша есептеуде толық жауап үшін 1 ұпай
Дұрыс жауап беріп, түсіндіре алмаса 0,5 ұпай
1 есеп толық шықса -1 ұпай
Топты бағалау парағы
Аты-жөні Қайталау жаттығулары «Айналмалы бекеттер» Синквейн
Сергіту сәті «Зерде Тест ұпай саны.


Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
3 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Есептер жазылған стикер таратып беру. Топтастыру.
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Басбармақтар арқылы көңіл-күйін білдіреді.
Есептейді, дискриминанттары бойынша 3 топқа топтасады, 1 топ , 2 топ 0 3 топ .
Мысалы,
1 топқа,
3 топқа, 3 топқа топтасады. Кім бірінші есептесе, сол топбасшы болады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2 минут Топбасшылардың есептерін тексеріп беремін де қалғандарын тексеруге нұсқау беремін Топбасшылар тобындағы оқушылардың есептерін тексереді

Ой-қозғау
«Қайталау – білім айнасы
5 минут

«Логикалық кесте» ні толтырып, сұрақтар қойып өтілген сабақтарды еске түсірге нұсқау беру.

Топтасып, логикалық кестені толтырады, топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

«Айналмалы бекеттер» әдісін пайдалану
12 минут

Синквейн
5 минут Оқулықта берілген есептерді «Айналмалы бекеттер» әдісін пайдаланып есептеуіне бағдар беру.
Бұл әдіс оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп, проблеманы немесе мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді.
Ұйымдастыру:
Бөлмеге индикаторлары, түрлі-түсті қағаз және қаламдар бар бірқатар бекеттер қою керек (немесе әр топқа әр түсті қалам беріңіз, осылайша кім қандай үлес қосқанын көре аласыз).
Жұмыс алгоритмі:
Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 10 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.

Зат есім теңдеу
Сын есім
Етістік
Сөйлем
Синоним
Жазылған кеспе қағаздар таратып беремін
оқушылар өзгелердің идеясына сүйеніп, есепті толығымен қамтыды, белсенді болып, жылдам қозғалады.
1) x2+2x+1=0
Шешуі: x1+x2=-2; x1x2=1; x1=-1 x2=-1(дұрыс) түбірлерінің таңбасы теріс сан болады
2) x2+9x-22=0
Шешуі: x1+x2=-9; x1x2=-22; x1=2 x2=-11(дұрыс) түбірлерінің таңбасы оң және теріс сандар
3) x2-20x-300=0
Шешуі: x1+x2=20; x1x2=-300; x1=-10 x2=30 (дұрыс) түбірлерінің таңбасы теріс және оң сандар
4) 3x2+8x=4
Шешуі: x1+x2=- ; x1x2= ; x1=-3 x2= (дұрыс) түбірлерінің таңбасы теріс және оң сандар
5) 8x2-1=2x 8x2-2x-1=0
Шешуі: x1+x2= ; x1x2= ; x1= x2= (дұрыс) түбірлерінің таңбасы теріс және оң сандар
6) 4x2+9x+2=0
Шешуі: x1+x2= ; x1x2= ; x1=-2 x2= (дұрыс) түбірлерінің таңбасы теріс және оң сандар

Зат есім Теңдеу
Сын есім (квадрат теңдеу)
Етістік шешіледі
Сөйлем ax2+bx+c=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу
Синоним квадрат теңдеу, сызықты теңдеу
«Зерде».
3 минут Мақал – мәтелдер айтып, оның ішіндегі екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері және теңдеу беріледі, яғни Виет теоремасы, Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеу құру керек. Әр теңдеуге 3 ұпай 1. Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
x1=1000, x2=1,
Жауабы:x2-1001x+1000=0
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
x1=7, x2=1; Жауабы:x2-8x+7=0
3. Бір тал кессең, он тал ек.
x1=1, x2=10; Жауабы:x2-11x+10=0
4. x2-9x+8=0
x1=1, x2=8; Жауабы:
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
5. x2-14x+49=0
x1=7, x2=7; Жауабы:
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім ал.
6. x2-10x+24=0

x1=6, x2=4; Жауабы:
Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі жетеді.
Сергіту сәті
5 минут
«Тез есепте» ойыны
Оқушылардың тез есептеу техникасын меңгеруге арналады. Түсіндіру:

Мысалы,
Оқушылар қолдарын алға созып, дене мүшелерін қимылдата отырып, есептің жауабын айтады




Бекіту
Тест тапсырмалары
5 минут Интерактивті тақтада сәйкестендіру тестін көрсетемін.
Сәйкестендіру тест жұмысы
1) 5х2 + 2х + 7 = 0,
1. Д<0, түбірі жоқ 2. х1 = 2,5; х2 = - 3,5 .
3. х1 = 0; х2 = 10. 4. х1 = 2; х = 5.
2) 2х2 +3х - 5 = 0,
1. х1 = 2; х2 = -5. 2. х1 = 1; х2 = - 2,5.
3. х1 = 1; х2 = - 5. 4. х1 = 5; х2 = - 1.
3) х2 - 6х + 5 = 0,
1. х1 = 1; х2 = - 6. 2. х1 = - 5; х2 = -1.
3. х1 = 1; х2 = 5. 3. х1 = 5; х2 = -6.
4) х2 - 6х + 9 = 0,
1. түбірі жоқ ; 2. х1 = 1; х2 = 9.
3. х = 3. 4. х1 = 3; х2 = 6.
5) 12в2 + 2в - 2 = 0,
в2 + 2в - 24 = 0,
1. х1 = - ; х2 = . 2. х1 = -2; х2 = 6.
3. х1 = 4; х2 = - 6. 4. түбірі жоқ .
Жауабы: 12331
Оқушылар сәйкестендіру тесті бойынша дәптерлеріне жауап береді, бірін-бірі тексереді

Бағалау
2 минут Әр тапсырмадан кейін оқушылар бірін –бірі бағалалауын қадағалау, формативті бағалап отырады.
Топтардың бағаларын талдау. Жиынтық бағаны шығару Әр тапсырмадан кейін топтағы оқушылар бірін-бірі критерийлер бойынша бағалайды. Күнделіктерін ашып жиынтық бағаларын қойдырады
Үйге тапсырма
2 минут «Тапқыр болсаң, талас жоқ» ойыны.
Үй тапсырмасы осы сыныпта жасырылған. Қай топ ұйымшылдықпен орындаса, сол топ тапсырманыбірінші табады. Егер сіз х2 -7х + 10 = 0 квадрат теңдеуін дұрыс есептесеңіз, үй тапсырма жасырылған қатардың нөмерін х1 , партаның нөмерін х2 – көрсетеді, табылған теңдеудің дискриминант есептесек, үй жұмысының нөмірін аламыз. Оқушылар топтасып есептеп, тапсырманы алады, үйге тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия
1 минут - Өзің үшін қандай жаңа білім алдың?
- Нені білдің?
- Нені білгің келеді?
Сұрақтарына жауап жазуына нұсқау беру Оқушылар өз ойларын жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.