Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Лақтарын жоғалтқан ешкі -

Лақтарын жоғалтқан ешкі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1301 | Размер: | Автор: гость
. Баймаганбетова Гульмира Нарзыкуловна,
№120 жалпы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының (МАДТ) тәрбиешісі.
ОҚО, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Лақтарын жоғалтқан ешкі

Білім беру саласы: Таным, әлеумет, шығармашылық.
Бөлімі: Тіл дамыту, ҚМҰҚ, қоршаған ортамен танысу, сурет салу.
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары және пішіндер туралы алған білімдерін бекіту, сөздік қорларын молайту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ешкі, лақтар, қасқыр, аю, түлкі, пішіндер, доп, т.б.
Билингвизм: ешкі-коза, лақтар-козлята, пішіндер-фигуры.
Әрекет кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушы кезең: «Амандасу» психологиялық сәт. Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Тосын сәт: Қонаққа ешкі келеді.
-Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа ешкі келіпті.
Іздену-ұйымдастырушылық кезең.
-Ешкі бізге қай ертегіден келді? («Жеті лақ» ертегісінен келді).
-Жеті лақ ертегісінде тағы қандай кейіпкерлер бар? (лақтар, ешкі, қасқыр).
-Балалар, ешкінің көңіл-күйі жоқ, ол мазасызданып тұрған сияқты. Ол менің құлағыма бірдеңе деп сыбырлайды, қане тыңдап көрейікші… Балалар, ешкі лақтарын жоғалтып алыпты, ол бізден сұрап келіпті. Көмектесеміз бе? (Иә).
-Олай болса, орманға лақтарды іздеуге жолға шығайық.Балалар мына жолымыздан кездескен аюдан жөн сұрап көрейікші. Лақтарды көрді ме екен.
(Аюға жақын келіп тәрбиеші аюмен сөйлескендей болады. Аю балалардан тапсырманы орындаса жол көрсететінін айтады).
Аюдың тапсырмасы.
Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат». Балалардың алдына үй жануарлары мен жабайы аңдардың, орманның және қораның суреттері ілінеді.
-Балалар, үй жануарлары мен жабайы аңдарды мекен ететін ортасына қарай ажыратып апарып ілейік (Балалар жануарларды орналастырады)
-Асан, үй жануарлары қайда тіршілік етеді?
-Олар адамға жақын өмір сүреді.
-Ал жабайы аңдар ше?
-Орманда тіршілік етеді.
-Үй жануарлары адамға не береді?
-Май, сүт, ірімшік, құрт береді.
-Үй жануарларын қалай күтеміз?
-Оларға жем, шөп, су береміз.
-Балалар, аю сендердің тапсырманы дұрыс орындағандарыңа риза болып, жол көрсетті. Жүріңдер жолға шығайық.(Алдарынан түлкі шығады. Ол да өз тапсырмасын орындаса жол көрсететінін айтады)
Түлкінің тапсырмасы
Ойын: «Пішіндерді ата және салыстыр» Геометриялық пішіндерден түлкіге үй құрастыру.
-Аружан, үйдің қабырғасын тұрғызу үшін қандай пішін қолдандың? Зере, үйдің шатырын қою үшін сен қандай пішін қолдандың? (Балалардың жауыбы)
-Балалар, лақтарды шақырып көрейік, мүмкін алдымыздан шығып қалар.
Сергіту сәті
Шөре, шөре лағым,
Тентек болма шырағым!
Секеңдеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
-Балалар, міне біз қасқырға да келіп жеттік. Біздің лақтарымыз қасқырда екен. Егер біз қасқырдың көңілін көтеріп ойнасақ, ол лақтарды жібереді.
Ойын «Ғажайып дорба»
Балалар шеңберде тұрып дорбаның ішінен шыққан заттардың қажеттігін айтады.Тәрбиеші балалардан толық жауапты талап етеді. Балалар лақтарды ешкіге қосады. Ешкі мен лақтар өз үйлеріне қайтады.
Күтілетін нәтиже
Білу керек: Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындай отырып, үй жануарларының тіршілігін бақылай білу керек.
Геометриялық пішіндерді ажыратып айта білу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.