Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас -

Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3942 | Размер: | Автор: гость
. Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас
Серғазынова Жанерке
Жетекші:Зәмзәмия Бейсенбайқызы

Академик Ж.С Ақылбаевтың Балқаш маңызды білім беру колледжі .
Мақсаты:Оқырмандардың көзқарасына сүйене отырып , латын әліпбиіне көшу туралы бағытты айқын көрсету; дұрыс бағыт-бағдар беру.Қазақ зиялыларының ой-пікірімен санаса отырып , латын әліпбиінің қажеттілігі мен кемшіліктеріне тоқталу.
Мазмұны
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.1Латын әліпбиі туралы жалпы түсінік
1.2Қазақ зиялыларының латын әліпбиіне көшу жөніндегі ой-пікірлері
1.3Жас алаштықтардың латын әліпбиі туралы көзқарасы
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Латын әліпбиі –көне және халықаралық әліпби.
Оны ағылшындар, италяндықтар, француздар, немістер қолданады .
Латындар-римдік көне тайпалар. Олардың әліпбилері біздің дәуірімізден бұрын VIII-VII ғасырларда пайда болған.
Кеңес Одағы кезінде түркі тілінде сөйлейтін халықтардың арасынан шыққан көрнекі ғылым қайраткері Н.Н Нариманов араб әліпбиінен жалпы түркіге ортақ жаңа әліпбиге көшу қажеттігі жайында ұсыныс жасады.
Бұл мәселе жөнінде Қазақстан ғалымдары өзара пікір алысты.
Сонымен латын әліпбиі 1928-1929 жылдары Қазақстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда кеңінен қолданыла бастады. Сөйтіп, 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа әліпбиге көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болды.
II.Негізгі бөлім.
1.1Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда.
Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып , кириллицадан латын әрпіне көшуді қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ.Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі, жиі айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап, өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Президентіміз әліпбиіміздің толықтай латын тіліне көшуін 2025 жылға қарай жүзеге асыруды көздеп отыр. Бірақ бұл мәселеге кейбір азаматтарымыз наразылығын танытуда. Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі: «Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқын екіге бөледі» деп, халқымыздың болашағы үшін шыбын жаны қиналып, шырылдап жүр. Айтқан сөзінің де жаны бар, астарында ақиқат жатқаны рас. Бұл мәселе елде қарама-қайшы пікірлі екі таптың пайда болуына әкеп соқтырады. Тіпті жақын көршілеріміз Өзбекстан мен Әзірбайжан халықтарының әліпбиі өзгеруі себепті бұрынғы жазылған тарихтарына көз жүгірте алмай отыруы да соңғы кездерде мәлім болуда , себебі – латын алфавитіне көшу арқылы кириллицаны ұмытқан. Осы сөздерімізге мына бір проблема айқын дәлел. Латын әрпіне ауысу – оңай шаруа емес. Бұл еліміз үшін өте ерте қадам. Себебі тарихымызды енді-енді айқындап жатқанда, бұл – теріс қадам басушылық. Әріптерімізді азайтамыз деп, болашағымызды бұлыңғырландырып, тарихымызды өшіріп алмасақ игі еді.
1.2 Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – заман талабы ма, әлде үлкен саясат мүддесі ме? Латын әліпбиіне көшу «біздің қоғам үшін тиімді» дейді мәдениет министрі Құл-Мұхаммед. Ал шетелдік ғалымдар әліпби ауыстыру «Назарбаевтың саяси ойыны» екенін айтады.Ақын Бақытжан Тобаяқовтың пікірі бойынша, алдымен тілімізді түзеп алуымыз керек . Мемлекеттік тілді жиырма жылдың ішінде толық меңгермей жатып латын әліпбиіне көшіру еш қисынға келмейді. 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгергендер 95 пайызды құрайды дейміз. Қазірдің өзінде еліміздегі адамдардың елу пайыздан астамы қазақ тілін толық меңгермеген. Егер басқа әліпбиге көшу маңызды болса, онда көне түркі жазуына ауысқанымыз дұрыс шығар. Әрі әліпби ауыстыру қыруар қаржыны керек етеді. Ал бұл тұрғыдан келгенде біздің әдеби-мәдени мұралар қайда қалмақ? Онсыз да латынша әріпті меңгеріп, кейін ауыса берерміз. Бірақ түбегейлі ауысудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді толық меңгеру ұзақ уақытқа созылғанымен, соңы нәтижесіз аяқталып келеді. Оның қасында ресми тіл жоғары тұр. Ал латынға көшу арқылы біз орыстан құтыла алмаймыз. Болмаса тәуелсіздік жылдарында біржола латынды таңдауымыз керек еді. Президенттің жолдауында латын қарпіне көшу мәселесі айтылғалы қоғамдық пікір екіге жарылғандай. Қолдайтындар және қолдамайтындар болып. Біреу біліп айтады, біреу еріп айтады. Жақында Абай.кз сайтында елге белгілі біраз азаматтардың «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз!» деген тақырыппен ашық хаты жарияланды. «Егер қазақ жұрты латынға көшсе ұлт мәдениеті мен әдебиетінен келер ұрпақ ажырап қалмай ма немесе мемлекеттік тілді толық меңгермей жатып латынға ойысу құтқара ма?» дейді алқалы топ. Мұзафар Әлімбаев, Мұхтар Шаханов, Мекемтас Мырзахметов, Амангелді Айталы бастаған қазақ зиялыларының әліпби ауыстыруға үрке қарауында бір себеп бар сияқты.
1.3 Латын алфавитіне көшуге қарсылық білдіріп тағы да Мұхтар Шаханов ағамыз бастаған бір топ тұлғалар билікке хат жолдап үлгерді. Қоғамдық пікір-таластар, дау-дамай толастамай жатыр.Дәл осы тұста әркім өзінше көрініп қалғысы келеді. Ғалымдар әліпби жасап, қоғам қайраткерлері бұл істің оң бастама екенін айтып жатқан жағдай бізде…Бәрібір сол жартас. Тағы да үлкендер жастар үшін шешім қабылдайды. Олардың ойымен санасып, пікірін сұрап жатқан жан көрінбейді. Сөздің шынын айтсақ, 2025 жылы қазіргі шулап жүргендердің бірі бар, бірі жоқ. Сонда латын жазуы кімнің игілігіне қалады? Оның иелері не ойлайды? Латын әліпбиіне көшу үшін көп уақыт қажет. Бізден кіші балалар да кириллицаға үйреніп қалған. Латын қарпіне көшсек те, көшпесек те біздің елімізде бірдеңе өзгереді деп ойламаймын. Оған көшу алдымен көп қаржыны талап етеді. Мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейді емес, бөлінеді. Бірақ ол талан-таражға түседі де, әліпби жайына қалады. Мұндай қадамға бармас бұрын алдымен халық арасында зерттеу жасау керек. Бұл кімге тиімді, кімге тиімсіз? Бұл ең алдымен жастар үшін, болашақ үшін істелетін нәрсе. Сондықтан алдымен жастардың пікірін білген дұрыс. Жеке пікіріме келсек, мен қарсымын. Өткенімізден, тарихымыздан қол үзіп қаламыз ба деп қорқамын. Қарт кісілерді ойлаймын. Олар жаңа әліпбиге көндіге алмасы анық. Сонда олар қоғамнан қол үзіп қалады. Мектеп оқушылары кезінде әнұран ауысқан кезде де біраз абдырап, кейін барып үйренген болатын. Жастардың қазір онсыз да миы ашып жүргенде мұндай қадамға бару әлі ерте.
III. Қорытынды.
Біз латын қарпіне көше қалған жағдайда туындайтын проблемалар қатары мынандай болуы мүмкін:
1) қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің осы уақытқа шейін тұтастай дерлік тек кирилл графикасында жазылуы; 2) жаңа әліпби бойынша мұғалімдер дайындау; 3) жекеменшік мекемелердің бұрынғыша кирилл әріптерімен жұмыс істей беруі; 4) латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі; 5) қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы әліпби екіге бөлінгеннен кейін, латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кету ықтималдылығы және т.б.
Қазақстанда латын әліпбиі ресми түрде қолданысқа еніп, қазақ мектептері осы әліпбимен оқытыла бастаған уақытта қазақтардың арасынан балаларын орыс сыныптарына берушілер қатары одан ары көбейе түсуі ғажап емес. А.Айталының болжауынша, «...қазақ тілінің болашағына сенбейтін қазақтар оқулықтары, ғылыми әдебиеттері, дайындығы мол мұғалімдері бар орыс мектептеріне балаларын беріп жатса, оған ешкімнің қарсылық жасауы мүмкін емес»
Автордың тағы бір қауіптенетіні – орыс және қазақ тілді болып екіге бөлініп кеткен қазақ ұлты енді екі түрлі әліпбиді қолдана бастағанда, ара жіктері тіпті ашылып, бұдан әрі тереңдей түсуі мүмкін екендігі. Сөйтіп айналып келгенде, Амангелді Айталы латын әліпбиіне көшу реформасын асықтырмай, сақтыққа шақыру жағын қолдайды


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Шығармалар. - Алматы; Жазушы, 1989. - 320 б.
2.«Қазақ әдебиеті». Энциклопедия - Алматы; Білік, 1999. - 750 б.
3.«Қазақ әдебиеті» газеті №26, 28.06.2002 ж
4.«Қазақ тілі» Алматы; «Атамұра» 2009.-8 б.
5.Шаханов М. Жаңа қазақтар. - Алматы; Білім, 2000.-224 б.
6.Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім, 1998.



--
Жанерке Сергазиновна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.