Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар -

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5588 | Размер: | Автор: гость
. 9-сынып

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

Нұсқау:
4 нұсқадан бір дұрыс жауабын таңдайсыз.

Дұрыс жауабын таңдаңыз.
1. Ол ... айып төледі.
А) кешігумен
В) кешігуге
С) кешіккені үшін
D) кешіккенмен

2. Жүргізуші ... айып төледі.
А) ережемен
В) ережені бұзғаны үшін
С) ережені бұзғаны туралы
D) ережені бұзбады

3. Бұл жұмыс ... талап етеді.
А) ұқыптылықпен
В) ұқыптылыққа
С) ұқыптылықты
D) ұқыптылығын

4. Қазір халім жақсы, маған дәрігер ... керегі жоқ.
А) шақыруДЫҢ
В) шақырылу

5. Мен осы жексенбіде достарыммен ... келеді.
А) кездескім
В) кездесуім

6. Теледидардағы жарнамаларды ... мені жалықтырады.
А) қарауым
В) қарау

7. Осы жердің сұлулығын ... мүмкін емес.
А) сипаттау
В) жеткізу

8. Оның үйі алыс, ... мүмкін.
А) кешігуі
В) кешіктіру

9. Құлып бұзылған. Ол есікті ... мүмкін.
А) аша алмау
В) аша алмауы

10. Мына есепті ... болады. Ол өте оңай.
А) шығармауыңызға
В) шығарылуға

11. Теледидарды ... болады, маған кедергі келтірмейді.
А) өшірмеуіңе
В) өшірілуге

12. Мен еш жерден өзімнің кілтімді ...
А) таба алмай жүрмін
В) тауып алмай жүрмін

13. Сағат сегіз. ... уақыт болды.
А) тұру
В) тұратын

14. ... мен түстен кейін бастаймын.
А) дайындалу
В) дайындалуды

15. Мына телефон менің достарымдікі. Астанада көмек керек болса, оларға ... болады.
А) хабарласуыңа
В) хабарлауға

16. Жақсы кітаптарды ... маған ұнайды.
А) қайта оқу
В) қайта оқуға

17. Мына есікті сенің кілтіңмен ... болмайды. Кеше оның құлпын ауыстырған.
А) ашылуға
В) ашуға

18. Емтиханда ... болмайды.
А) көшірілуге
В) көшіруге

19. Сабақ бес минуттан кейін басталады. Байқа, .............
А) кешігіп жүрме
В) сабақта жүрме

20. Сіз мына кітапты кітапханаға бес күннен кейін ...
А) қайтарыңыз
В) қайтарылсын

21. Кеше Дәурен жұмысын уақытында ...
А) бітірді
В) бітіреді

22. Айдос кеше ... шешімін өзгертті.
А) қабылдаған
В) қабылдайтын

23. Оқытушыға ... курс жұмысымды тапсырғым келеді.
А) дайындалған
В) дайындаған

24. Жұмысын ... Ілияс хоккейге кетті.
А) бітіріп
В) бітіріп жүр

25. Маржан бізді ..., қасымыздан өте шықты, амандаспады.
А) танытып
В) танымай

26. Кешір, мен мына сөздерді ... айттым.
А) ойланып жүр
В) ойланбай

27. Сабақ басталғанға дейін 15 минут ... кітапханаға барып үлгереміз.
А) қалатын
В) қалды

28. Біз ... демалуға тоқтадық.
А) 15 минут
В) 15 минутта
С) 15 минуттан

29. Шешім қабылдамас ... алдымен ойланып алу керек.
А) ертерек
В) бұрын
С) алдында

30. Дастан театрға ... келді.
А) бес минутқа
В) бес минут
С) бес минут бұрын

31. Осы режиссердің әрбір фильмі ... аяқталады.
А) әнге
В) әнмен
С) әніне
D) әнде

32. Ауа райы адамдардың ... әсер етеді.
А) көңілі
В) көңілге
С) көңіліне

33. Осы кішкентай ел ... кедей.
А) пайдалы қазбалар
В) пайдалы қазбаларға
С) пайдалы қазбалармен
D) пайдалы қазбалардан

34. Біз ... демалуға тоқтадық.
А) бірер минутқа
В) бірер минутпен
С) бірер минуттарға
D) бірер минутта

35. Ол емтиханға ... келмеді.
А) себепті
В) себепті жағдаймен
С) себепті жағдай
D) себептілік

36. Финляндия ... бай.
А) су ресурсы
В) су ресурстарына
С) су ресурстарының
D) су жағдайы

37. Мен өзімнің ... жауап талап етемін.
А) сұраққа
В) сұрағыма
С) сұрағыммен
D) сұрақтарын

38. Оның ... келмегенін кім біледі?
А) егер
В) себебі
С) не үшін
D) себепті

39. Белгіні көріп тұрсыз ба? Машиналарға мұнда ... тыйым салынған.
А) тоқталуға
В) тоқтауға

40. Мынау өте маңызды кездесу. Оған ... болмайды.
А) кешігуде
В) кешігуге
С) кешігу
D) кешігумен

41. Ол ... ... үйрене алмады.
А) Астана ауа райы
В) Астана ауа райының
С) Астана ауасы
D) Астана ауа райына

42. Жас жазушының романы ... ұнады.
А) оқырмандардың көпшілігі
В) оқырмандардың көпшілігіне
С) оқырмандардың көпшілігінің
D) оқырмандардың көпшілігінен

43. Біздің ботаникалық бақ ... бай.
А) сирек өсімдіктер
В) сирек өсімдіктерге
С) сирек өсімдіктерден
D) сирек өсімдікпен

44. Таксимен жүруге тура келеді, ... уақыт аз.
А) сондықтан
В) себебі
С) сонымен
D) сондай-ақ

45. Нобель сыйлығы ... беріледі.
А) 1901 жылдан бастап
В) 1901 жылы
С) 1901 жылға дейін
D) 1901 жылдан

46. Менің достарым Астанаға ... келді.
А) апта
В) бір аптаға
С) бір аптада
D) бір аптамен

47. Бұл кітап қазақ тіліне 2005 жылы ...
А) жазылған
В) аударылу
С) аударылған
D) аударған

48. Күзде күннен түн ...
А) ұзағырақ
В) қысқа
С) кішірек
D) қысқалау

49. Туған жердің жуасы да ...
А) ащы
В) тәтті
С) дәмді
D) тұщы

50. Жақсы демалысыңды ... өткізбе.
А) үнемі
В) біраз
С) босқа
D) ілгері

51. Дүйсенбіден бастап оның демалысқа ... керек.
А) шығуың
В) шығуы
С) шығуыңыз
D) шығуым

52. Сөйлемді толықтырыңыз.
Еңбекқор адам өз уақытын ... өткізбейді.
А) бекер
В) қасақана
С) әдейі
D) лажсыздан

53. Қарамен жазылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.
Қаланың айналасындағы шағын елді мекендердің саны өсіп келеді.
А) төңірегіндегі
В) сыртындағы
С) ішіндегі
D) шалғайдағы

54. Сұраққа жауап беріңіз.
Жылыңыз не?
А) Менің жылым – торпақ
В) Менің жылым – егіздер
С) Менің жылым – барыс
D) Менің жылым бикеш

55. «Ұялу» сөзінің мағынасы
А) төбе шашы тік тұру
В) аузына құм құйылу
С) жер тепкілеу
D) бетінің оты шығу

56. Ұлттық ойынға жатпайтын сөзді белгілеңіз.
А) елтаңба
В) алтыбақан
С) тоғыз құмалақ
D) көкпар

57. Қаратпа сөз бар сөйлемді белгілеңіз.
А) Әселді туған күнімен құттықтаймын
В) Әсел, сені туған күніңмен құттықтаймын
С) Әсел сені туған күніңмен құттықтапты ғой
D) Әселдей кім туған күніңмен құттықтады

58. Сөйлемді аяқтаңыз.
Оған біздің әңгімеміз ұнамады, ... ... ... ... .
А) бірақ ол оны сездірмеді
В) бірақ ол оны сездірді
С) бірақ ол оны сездірмек
D) бірақ ол оны сездірер

59. Екі сөйлемді біріктіріңіз.
Басшы келді. Жиналыс басталды.
А) Басшы келді де, жиналыс басталды
В) Басшы келді, жиналыс басталды
С) Басшы келмек, жиналыс басталды
D) Басшы келді, жиналыс басталмақ

60. Мағыналас сөзді табыңыз.
«Танымал» -
А) белгі
В) белгілеу
С) белгілі
D) белгіледі

Оқылым бөлігі

Оқыңыз.

Біз бесінші сыныпты бастаған жылы жағрапия пәнінен мектеп директорының тәртіп жөніндегі орынбасары сабақ беретінін естіп қорқып қалдық. Өйткені біздің сынып оқушылары үшін «тәртіп» деген сөз онша ұнамайтын. Сыныпта бар болғаны төрт-ақ ұл. Бірақ тәртіп бұзатын ұлдар емес, қалған он алты қыз еді. Қыздар көп болғандықтан да, ұлдар тыныш жүретін, ал қыздар ұлдар сияқты небір ойға келмейтін оқиғалар ойлап табатын. Біз аз уақыттың ішінде осындай еркіндіктен айырылып қаламыз деп ойламаған едік.
Зағипа апай «тәртіп» деген жалғамасы болса да қатал емес екен. Сабақта ұрыспақ түгілі дауыс көтермейді де. Бірақ ол кісінің жәй айтқан әрбір сөзі біздің жүрегімізге сіңе берді.
«Жағрапия – ең бірінші картамен жұмыс істей білу. Сендер ер жеткен кездеріңде әлемге жол ашылады, еш кедергісіз жер шарының түкпір-түкпіріне баратын боласыңдар. Сол кездерде әрине мені ұмытарсыңдар, бірақ әрбір елдің жағрапиялық жағдайын, табиғи ерекшеліктерін, тіпті астанасы мен қала аттарын, өзен-көлдерін біліп тұрсаңдар, менің еңбегімнің босқа кетпегені» деп жиі айтатын. Ол кез-келген уақытта, кез-келген сұрағымызға қуана да сүйсіне жауап беретін. Жағрапия оқулығы аз уақыттың ішінде біздің бас көтермей оқитын пәнімізге айналды. Зағипа апайдың жағрапиясы біздің басқа пәндерді де қызыға оқуымызға септігін тигізді.
(«Мұғалім», Гүлзат Шойбекова. 175 сөз)

61. Мәтін тақырыбы ... туралы.
А) жағрапия (география) пәні
В) мұғалім
С) тәртіп
D) оқушылар

62. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Жағрапия оқулығы аз уақыттың ішінде біздің бас көтермей оқитын пәнімізге айналды.
А) жақсы
В) сүйікті
С) қиын
D) керекті

63. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Зағипа апайдың жағрапиясы біздің басқа пәндерді де қызыға оқуымызға септігін тигізді.
А) жақсылығын
В) көмегін
С) мақсатын
D) жақсы жағын

64. Әңгіменің қорытындысы бойынша оқушылар
А) жағрапия пәнін оқымады
В) жағрапия пәнін жақсы көріп кетті
С) жағрапия қызықты пән деді
D) жағрапия керек деді

***
Жарық – көрінбейтін радиотолқындар мен ренгендік сәулелерге жататын, электромагнит деп аталатын сәуле шығарушы ауқым. Жарық мынадай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт – сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке тек арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшыларына түскен кезде, жарықтың жеті түске жіктелуі көрініп, кемпірқосақ пайда болады.
Кемпірқосақ - жарықтың жеті түске жіктелуінің айқын көрінісі.

65. Бұл мақала ... .... .... туралы
A) жарық
cool жаңбыр
C) жарық және жеті түс
D) жаңбыр

66. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Кемпірқосақ – жарықтың жеті түске жіктелуінің айқын көрінісі.
A) жақсы
cool белгілі
C) анық, нақты
D) біз білетін

***
«Солтүстік Тянь-Шаньның маржандары» аталатын «Көлсай көлдері» Күнгей Алатауында 1887 және 1911 жылдары болған жер сілкінісі салдарынан пайда болған екен. Ал енді «Көлсай көлдері» деген атауға келсек, көрікті көлсай көлінің өзі – Жоғары, Ортаңғы және төменгі Көлсай деп аталатын үш көлден тұрады. Және де әр көлдің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Жоғары Көлсай – 1800 метр биіктікке орналасқан. Тіпті осы үш көлдің тереңдігі де әр түрлі, жағадағы көлсайдың терең жері – 24 метр екен. Ортаңғы Көлсайдың ұзындығы – 1150 метр, тереңдігі – 57 метр, ол өзіміз суретін Алматының Арбатынан тамашалап жүрген төменгі Көлсайдың тереңдігі орта есеппен 60-85 метр көрінеді. Табиғаттың берген тағы бір сыйы, Көлсай Көлдерінің барлығында дерлік патша балық еркін ойнақ салып жүр. Әрине, аулауға қатаң тыйым салынған. Бұған қоса, осындағы Қайынды көлі де – туристерді тартуға болатын көрікті де табиғаты әсем көлдердің бірі. Қайыңды көлінің суы алуан түрлі тамақ ауруларына мың да бір шипа екен. Мұны жергілікті тұрғындар жыр ғып айтады.
(Баспасөз беттерінен, 142 сөз)

67. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) Көлсай көлдері
В) жоғарғы Көлсай
С) ортаңғы Көлсай
D) төменгі көлсай

68. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Көлсай көлдері 1887 және 1911 жылы пайда болған себебі ...
А) Алатауда қар көп
В) Алатау мұздары еріген
С) жер сілкінген
D) жаңбыр көп жауған

69. Сәйкес сөйлемді табыңыз.
Көлсай көлдерінің барлығында дерлік патша балық еркін ойнақ салып жүр.
А) көлдерде балық көп
В) балықтың түрлері де көп
С) үш көлде де патша балық жүзіп жүр
D) Патша балықтар еркін жүзіп жүр

70. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Патша балықты аулауға болмайды, себебі ...
А) олар аз
В) қызыл кітапқа енгізілген
С) қатаң тыйым салынған
D) балықтарды көбейту керек

***
Экологтар Чукто теңізінде жағалаудан жүз шақырымға жуық қашықтықта жүзіп келе жатқан ақ аюларды кездестірді. Дүниежүзілік табиғатты қорғау қорының мәлімдеуінше, ақ аюлар Арктикадағы мәңгілік мұз қабаттарының еруіне байланысты ажалдан қашып, басқа суық мекен іздеуге мәжбүр болыпты. Аталған табиғат қорғау қорының өкілі Джефер Йорк: «Аюлардың Арктикадан тобымен қашу оқиғасын бірінші рет көруім. Егер аяқ астынан боран басталса, аюлардың бәрі теңізге батып кетуі мүмкін» - деп қауіптенеді.
Ақ аюлар – жер бетінен құрып кету қаупі төніп тұрған, өте сирек кездесетін аңдардың бірі. Қазір олардың саны мыңдап емес, жүздеп саналады.
(Нұр Астана, 4.09.2009. 82 сөз)

71. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) экологтың әңгімесі
В) табиғат қорғау
С) ақ аюлар
D) мұз қабаттарының еруі

72. Сөйлемге сәйкесін табыңыз.
Қазір олардың саны мыңдап емес, жүздеп саналады.
А) олар мыңға жуық
В) олар жүзге жуық
С) олардың саны көп емес
D) олар өте көп

***
Мына цифрлар туралы білгіңіз келе ме?
Жазылу тәсілі:
- ең үлкен санды көрсететін символдан бастап, солдан оңға қарай жазылады;
- І, Х, С қатарынан жазылғанда, үштен артық қайталанбау керек, V, L, D символдары қатарынан қайталанбау керек;
- Егер кіші санның символы үлкен санның символының алдында тұрса, үлкен саннан оның мәні алынады.

73. Бұл мақала ... ... туралы.
А) араб цифры
В) рим цифры
С) қытай таңбалары
D) түркі таңбалары

***
«Ахиллес өкшесі» - грек аңызы. Бұл аңызда Ахиллес – ержүрек батырлардың бірі. Оның шешесі – теңіз құдайы Фетида. Ол баласы Ахиллес дүниеге келгенде денесінен оқ өтпесін деп, оны өкшесінен ұстап, Стикс өзеніндегі қасиетті суға малып алады. Кейін қарсыласы Паристің жебесі қасиетті суға малынбаған өкшені іздеп тауып, Ахиллес сол жарақаттан қаза табады. Осыдан барып туындаған «Ахиллес өкшесі» деген қанатты сөздің мәні адамның, жан-жануардың немесе белгілі бір нәрсенің ең әлсіз жері, осал тұсы дегенді білдіреді.

74. Бұл мақала ... ... туралы.
А) қанатты сөз
В) Ахиллестің шешесі
С) аңыздар
D) қасиетті су

75. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Ол баласы Ахиллес дүниеге келгенде Стикс өзеніндегі қасиетті суға малып алады.
А) бұл өмірде
В) туылғанда
С) дүниеде жүргенде
D) бұл дүниеде

76. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Ахиллес сол жарақаттан қаза табады.
А) шетінейді
В) қайтыс болады.
С) өмірге келеді
D) соңғы сапар
***
Менің атым Қожа, фамилиям Қадыров. Бір кезде Қадырұлы деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқанда мұным жарамас дедім де, Қадыровқа қайтып келдім. Қадыр – менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай десеңші! «Әке» деген сөзді айтқанда жүрегім қарс айырыла жаздайды - ау! Қандай жақын, қандай ыстық! Балалар менің әкем үйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады. Ех, қайран әкем, егер сен тірі болсаң, мүмкін мен әлемді шулатып жүрген сотқар Қожа емес, бұдан гөрі басқадай болар ма едім?!.
(Б.Соқпақбаев, 117 сөз)

77. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) Қожа
В) Қадыров
С) Қожаның әкесі
D) балалар және әке

78. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті.
А) кетті
В) кететін болды
С) қайтпады
D) келіп кетті

79. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Сотқар Қожа емес, бұдан гөрі басқадай болар ма едім?!
А) тәртіпті
В) тәрбиелі
С) бұзық
D) ерке

80. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Мұным жарамас дедім де, Қадыровқа қайтып келдім.
А) Қадыров болып жазылдым
В) Қадыровқа айттым
С) Қадырұлы болдым
D) Қадырұлымын
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.