.
.
Б.Алманов атындағы орта мектебінің Лепті сөйлем.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1653 | Размер: | Автор: гостьбастауыш сынып мұғалімі
Сыдықова Ардақ Тұрмағанбетқызы
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы.
Құрлыс ауылы.
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға лепті сөйлем туралы түсінік беру.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға сөйлемдер құрату арқылы ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды шапшаң жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, тест жұмысы, терме диктант, бағдаршам.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық дайындық:
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Мұғалім сөзі:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, біз кеше қандай сөйлеммен танысып едік? Ол сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?
192- жаттығу. Әрбір хабарлы сөйлемге сұрақ қой.
Көркем жазу минуты: Л л
Жаңа сабақ. Лепті сөйлем.
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
193 жаттығу. Өлеңді рөлге бөліп оқу.
Балақай.
Бүлдірген тереміз, балақай,
Алақай!
Ат жарыс көреміз, балақай
Алақай!
Айға ұшып көреміз, балақай
Алақай!
Кел, ағаш жарамыз, балақай
Өй, ата-ай!
(Қадыр Мырза-Әли)
Осы өлеңде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөйлемді тап. Одан соң қандай тыныс белгі қойылғанына назар аудар. Өлеңдегі «балақай» қандай бала деп ойлайсың?
194-жаттығу. Сөйлемдерді салыстыру, айырмашылығын айту.
Әкем шаңғы әкелді. Алақай, әкем шаңғы әкелді!
Қар қалың жауды. Қардың қалың жаууын-ай!
Ауа райы жақсы екен. Ауа райы қандай жақсы!
6. Дәптермен жұмыс.
195 – жаттығу. Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.
Сыныпта озат оқушылар көп.
Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.
7. Сергіту сәті.
Құлып
Есіктегі құлыпты,
Аша алмай қиналдық.
Тырсылдаттық құлыпты.
Сыртылдаттық құлыпты
Әрлі –берлі қозғалдық
Ойнадық та ,ойладық
Міне, ашылды!
8. Терме диктант. Лепті сөйлемді жаз.
Атасы жолаушылап кетті. Асқар оны күтіп жүр еді. Бұл жолы не әкелер екен? Алақай атам келді! Асқар атасының мойына асылады.
9. Тест
1.Хабарлы сөйлемнің орнына қандай тыныс белгі қойылады ?
А) нүкте ә) сұрау белгісі б) леп белгісі
2.Лепті сөйлемді тап
А) Қар жауды . ә) Қандай әдемі ! б) Жанар келді ме?
3..Дұрыс тыныс белгісі қойылған сөйлемді тап.
А) Міне жігіт! Ә) Міне, жігіт. Б) Міне жігіт?
4.Лепті сөйлемнің ішінде неше сөз бар?
А) 5 ә) 4 б) 6
5. Мына сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
- Қап бәлем , тұра тұр
А) нүкте (.) ә) сұрву белгісі (?) б) леп белгісі (!)
10. Қорыту. Жатқа айту.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
( Ө. Тұрманжанов)
11. Үйге тапсырма.
196 – 197 – жаттығу
12. Бағалау.
Оқушылардың білімі ұпай жинау арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.