Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
LESSON STUDY-ді  тиімді құрал ретінде пайдалану жолдары -

LESSON STUDY-ді тиімді құрал ретінде пайдалану жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1056 | Размер: | Автор: гость
. Сапарбекова Баян Алпамысовна ,
№12 Қ. Сәтпаев жалпы орта
метебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласындағы
Тақырыбы: LESSON STUDY-ді тиімді құрал ретінде пайдалану жолдары

LESSON STUDY-ді тиімді құрал ретінде пайдалану дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау. Қатысушылардың LESSON STUDY туралы дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалдануды үйренеді.
LESSON STUDY-дің түйінді сипаты - креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық). Осыған жүгініп, өзімнің тәжірибеме де мектептің мақсатын жүзеге асыруға болатын тақырып деп шештім.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Коучтің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу.
(2 мин) Қатысушыларды ортаға шақыру, шеңбер жасап тұрып, сағат тілі бағыты бойынша бір-біріне жақсы қасиеттерін айту. Мұғалімдер шеңбер жасап, бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.
Топқа бөлу
(2 мин)
Мұғалімдерге әртүрлі әншілердің аттары жазылған қима қағаздар таратады. «Ұстазым» әнінің сөзі беріледі. Мұғалімдер таратылған әншілердің аттары бойынша топқа бөлінеді. Музыка жанры бойынша (опера, эстрада, рэп) орындаушылары болып, әнді әуенге салып қорғайды.
Миға шабуыл
(2 мин) «Ассоциациялық тізбек».
«Сабақ» сөзіне мысал келтіру. «Сабақ» сөзіне ассоциациялық мысал келтіреді, постер қорғайды.
Ақпарат беру немесе мәлімет беру. (5 мин) LESSON STUDY-дің тиімді құрал ретінде қолданудың мұғалім үшін маңызы: тиімді пайдалану, көрсетілім, моделдеу
бағалау мен талдау, ұсыну және қарым-қатынас, тестілеу және растау, слайд арқылы түсініктеме беру. LESSON STUDY
Мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыратындығы, мұғалім үшін маңызы, оқыту мен оқуда пайдалану, LESSON STUDY туралы тиімді мәлімет алады.
Тапсырма беру (20 мин) 1-ші топ: LESSON STUDY тиімді құрал ретінде қолданудың қажеттілігі.
2-ші топ: LESSON STUDY-ді тиімді құрал ретінде пайдалануда кездесетін кедергілер. Әр топ жұмыстарын қорғайды. Аталған тақырыптар бойынша топтар талқылап, постер құрып, топ жұмысын қорғайды.
Ой толғаныс
(Рефлексия) LESSON STUDY тақырыбы бойынша «Куб Блума» арқылы сындарлы ойлауға шақыру. Слайд. Тақырыпқа байланысты «Куб Блума» бойынша жан-жақты қарастырады.
Кері байланыс Сабақ соңында сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады. Мұғалімдер өздеріне не алатынын, нені толық меңгермегенін және қажеті жоқ деп есептейтіндері туралы айтады.

Қ.Сәтпаев атындағы №12 жалпы орта мектебіне Сапарбекова Баянның « LESSON STUDY-ді тиімді құрал ретінде пайдалану жолдары» тақырыбындағы коучинг сабағының өтілгендігі туралы
Рефлексивтік есебі

«LESSON STUDY-ді тиімді құрал ретінде пайдалану жолдары» тақырыбында коучинг сабақ өткізілді. Сабақ мектептің шығармашылық топ мұғалімдері мен пән бірлестік жетекшілерінің қатысуымен өтті.
Мұғалімдер таратылған әншілердің аттары бойынша топқа бөлінді. Топқа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырдым.Тақырыпқа байланысты тапсырманы жазып алып отырды. Мұғалімдер көрсетілген слайдтар арқылы өз ойларын, пікірлерін айтып, мәтінді оқып, талдап, постерге түсірді.
Сергіту сәтін ұйымдастырған сәтте мұғалімдер дене қимылын жасау арқылы көңілді өткізді.Топтағы мұғалімдер бір-бірлерін бағалап, кері рефлексия парақшасын толтырды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.