.
.
Шығыс Қазақстан Облысы, Әліппеге мың алғыс!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1050 | Размер: | Автор: гостьТарбағатай ауданы,
Кіндікті ауылы,
Ғ. Мұратбаев орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сылбырбаева Шолпан Алмағазықызы
Әліппеге мың алғыс!
Мақсаты: Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
Оқушылардың әліппеден алған білімінің тәрбиелік мазмұнын ашу.
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.
Көрнекі құралдар:
«Әліппеге мың алғыс!», «Білім кілті - Әліппе!», «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар» көрнекі суреттер, шарлар, әріп белгілері.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар.
Бүгінгі шәкірттердің алғаш қолдарына алған оқулығы - әліппемен қош айтысар кезі келді. Білім әлемінің беташары - Әліппені табысты аяқтауымен құттықтаймын.
_ ____
жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр,әніміз!
жүргізуші:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, ойымыз,
Құтты болсын тойымыз!
«Әліппе» туралы тақпақтар
ән : «Әліппе!»
- Балалар мен сендерге сұрақ қояын.
- Іші толы әріпке білімдегі жарық не?
Бәрі бірге: - Болашаққа жол бастар, ол сүйікті ӘЛІППЕ!
1-жүргізуші:
Қымбатты балалар!
Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?
Бірге: Әліппе досымыз!
жүргізуші:
Иә, ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық. (Әліппе келеді)
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Бірге: Қош келдіңіз, Әліппе!
Әліппе:Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғаламның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім-көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
1-оқушы:
Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе.
3-оқушы:
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің, Әліппе!
1-оқушы:
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба, Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
2-оқушы:
А- деген ол аналар ғой ардақты,
Ә - деген ол әкелер ғой салмақты.
Б – деген ол балалар ғой әдемі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
------------------
жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
1-оқушы:
Қ әрпінен құралған
Бас-аяғы қазақтың,
Жарылқасын бір Аллам!
2-оқушы:
Аялаймын анамды,
Ардақтаймын апамды
Асыл тұтам атамды,
Алайын мен батамды.
Ақ батамен көркейіп,
Ертең ақ осіп кетермін.
Арманыма асыққан
Адаспай-ақ жетермін
3-оқушы:
Сағат пенен сөмкені
Сауысқанға сыйласын
Ерте тұрсын ерінбей,
Сабағынан қалмасын.
5-оқушы:
Ғалым болам десеңіз
Білімді жина басынан
Ғарышқаұшам десеңіз
Шынықтыр дене жасыңнан
6 – оқушы
Басталады саусағым бас бармақтан бірінші
Балан үйрек болады санағанда екінші
Ортан терек биігі тұрып қапты, үшінші
Шылдыр шүмек келеді «кезегім » деп төртінші
Кішкентай бөбек таласпай, болған екен , бесінші.
7-оқушы:
Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы.
8-оқушы:
Сөз басында келмейді,
Елдің бәрі «ң» дейді.
Дауысты дыбыс соңынан,
Тұрғанды теріс көрмейді.
9-оқушы:
Бірқазан мен Бөдене,
Байқамады дәнеңе
Бүркіт аңдып екеуін
Бастамақ бір пәлені.
10-оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
11-оқушы:
Өлең айтып балалар
Өзен бойын шаралар
Өрмекшіні көріп қап
Өрнегіне таң қалды
13-оқушы:
Шілде күні керемет
Шабындыққа келе кет.
Шалғышылар-ағалар
Шөмеледе балалар.
14-оқушы:
Ырыс алды –ынтымақ,
Ырысты болсын еліміз.
Ықыласы зор іске
Бала болып өсеміз.
15-оқушы:
Мақтанышым ұдайы
Маңғыстаудың мұнайы
Маңғаз біздің ағалар
Сөз арасын саралар.
Ән: «Әліппе»
2-жүргізуші:
Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына алғаш әліппені жазған кім?
Бірге: Ыбырай Алтынсарин.
«Е» дыбысын өткенде ертегілер еліне саяхат жасадық.
«Қ» дыбысын өткенде «Қошақаным» әнін үйрендік.
«Қ» қартқа қол бер, жасқа жол бер.
«М» мектеп берген біліммен, марқаясың жас ұлан.
«Н» наурыз айы келгенде, наурыз тойын тойлаймыз.
«С» сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.
«Т» дегенім жеңімпаз, туымыз ғой қолдағы.
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Оқымап ем, «бір» алдым,
Кейіп қалды мұғалім.
Әкеп едім «екілік »
Анам шықты жекіріп.
Үш алғанда байқадым,
Әкем басын шайқады.
«Бес» деп едім бүгін кеп,
Қалды бәрі күлімдеп.
Қәне, балалар, енді қонақтарға, ата-аналарға кітапты қалай оқитынымызды көрсетейік.
Әліппе: Бата береді.
Ризамын балалар,
Меңгердің, болмадың босқа тер.
Ана тілі атты әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер.
Ортаға ана тілі келеді.
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Бірге:
Қош келдіңіз, Ана тілі.
Ана тілі:
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Ана тілің – құралың,
Ана тілің – ұраның
Ана тілің болмаса,
Мықты болмас тұрағың.
3-оқушы:
Ақыл-ойын даланың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
4-оқушы:
-Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Әліппе:
Оқуда зейінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар.
Кір шалмасын қабақты,
Ақ жол болсын балалар.
Оқығандарың есте болсын
Күнделіктерің беске толсын.
-Ал балалар сау болыңдар!
-Қош болыңыз (Бәрі бірге)
ән: «Үйретеді мектептерде»
2-жүргізуші:
Балалар, сендер аз ғана уақыттың ішінде көп нәрсені – оқуды, жазуды, есептеуді меңгердіңдер. Осының бәрін кім үйретті?
Бірге: Мектеп, әліппе, ұстаз, ата-ана.
4-оқушы:
Әліппе, даңғыл жол ашты,
Жаңа пәнмен жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Рақмет, ұстаз алғашқы.
6-оқушы:
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Біз сонымен қатар өнерді де уйрендік.
Қыздар биі «Аққу»
Ертегі «Бауырсақ келеді домалап...»
Вальс «Аяулы мектебім »
Ұлдар ұлттық биі
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.