Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Әліппенің  атасы»  А.Байтұрсынұлы  жинағынан -

«Әліппенің атасы» А.Байтұрсынұлы жинағынан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1495 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шымкент қаласы
Гагарин атындағы №34 жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
1. Тилеубаева Гульфайруз Алимжановнаға
Пәні: Әдебиет
Тақырыбы: «Әліппенің атасы» А.Байтұрсынұлы жинағынан
Пәннің аты : әдебиет
Сыныбы: 2
Сабақтың атауы: Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан)
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
1.Оқушыларға қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов туралы мағлұмат беру;
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, оқуын дамыту;
3. Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету.
Сабақтың әдісі: көрнекілік стратегиялары арқылы түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілік құралдары: интерактивті тақта, компьютер, А.Байтұрсыновтың суреті, тірек сөздер схемасы, сәйкестендіру тесті, «АС» картасы, топтастыру стратегиясы.
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылықты ояту
Сергіту сәті
Ой толғаныс
1-кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын тақтаға жазылған сұрақтар арқылы сұрау, тексеру.
Ой қозғау. Тест сұрақтары арқылы жаңа сабаққа шығу.
1. «Балалар, бұл жол басы –даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та» деген өлең жолдары қай шығармада айтылғанын тап.
а) «Оқуға шақыру»;
ә) «Қарағым».
2. Аталған шығарманы кім жазған?
а) М.Жұмабаев;
ә) А. Байтұрсынов.
3.Ең алғашқы оқулығыңды ата.
а) «Қазақ тілі» оқулығы;
ә) «Әліппе» оқулығы.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «А.Байтұрсыновтың шығармалары» жинағынан үзінді «Әліппенің атасы».
Осы тақырыпқа қарай отырып, бүгінгі сабақтағы мақсатымыз қандай?
О: -А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен танысу, оқып үйрену.
Өмірдерек. Тірек сөздер схемасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Сөздікпен жұмыс.
жер аудару - адамды соттап, алыс жерге жіберу: Сібірге т.б.
сөз мұрасы - ел ішінде сақталып қалған аңыз, ертегі, жырлар.
«Артық білім – кітапта». (Оқулықпен жұмыс)
2-кезең. Операциялық - орындаушылық кезең. (Жаттығулар орындау)
Поэзия минуты. Оқушылар А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңін жатқа айтады.
Сәйкестендіру тесті.
Екі бағанда дара, мағынасы, мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес келетін сөздер беріледі. Оқушылар сәйкес сөздерді сызықпен қосады.
Топтастыру стратегиясы.
Оқушылар А.Байтұрсынов кім? деген сұраққа жауап жазады. (ақын, мұғалім, ғалым, аудармашы).
Полиглот. Оқушылар берілген сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.
ғалым- ...
мұғалім- ...
аудармашы- ...
ақын- ...
Блок тапсырма. «АС» картасы.
Екі бағанға сөздер жазылады, оқушылар сөздерді оқып, есте сақтаулары қажет. «Күн мен түн» ойынын ойнау арқылы оқушылар көздерін жұмған кезде екі блоктан да бірнеше сөздер алынып тасталынады. Оқушылар жоғалған сөздерді орнына қойып жазады.
оқулық Торғай
өлең Орынбор
әліппе Қарқаралы
аударма Байтұрсын
мақала Ахмет
«Мақал – сөздің мәйегі». Оқушыларға тақтада жазылған бірнеше мақалдың ішінен бүгінгі сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мағынасын айшықтайтын мақалды тауып, оқып беру тапсырылады.
Ой түйіндеу. Бүгінгі өтілген тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
3-кезең. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
(Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін өзі немесе бір-бірін бағалайды.)
Үйге тапсырма: Мазмұндау,жазушы туралы мәліметтер жинақтау.
Күнделіктеріне жазып беремін.
Бағалау: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс: Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.