.
.
Ұлттық бірыңғай тесттілеуге дайындаудың тиімді жолдары Ұлттық бірыңғай тесттілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1773 | Размер: | Автор: гостьХХІ ғасырдың жастары жан-жақты, кәсіби біліммен қаруланған, өздігінше қиындықтан шығуға жол табатын, кез келген бәсекелестікке төтеп бере алатын маман, тұлға болуы қажет.
Шәкірт оқыту, тәрбиелеу – мұғалімдердің басты парызы. Баланың бойына адамгершілік дәнін сеуіп, ел кәәдесіне жарар азамат ету ұстазға да тікелей байланысты. Тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастауалады.
Педагогика ғылымы балаға талап қоя білуге, оқушының жеке басын қадірлеуге үйретеді. Әр баланың жіберген қателіктерін дер кезінде байқап, дұрыс жолға салуды мақұлдайды.
« Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі – надандық , екіншісі – еріншектік , үшіншісі – залымдық » - деп Абай Құнанбаев атамыз мазмұны терең, мәнді де мағыналы өсиетін өскелең ұрпағына қалдырған болатын. Бірақ «Өскелең ұрпақ Ұлы баба өсиетін қалай орындап жатыр?» - деген орынды сұрақ туындайды. Шын мәнісінде Абай ойының құндылығы бүгінгі таңда айқын сезіліп тұрғандай...
Қазіргі ақпараттану, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру бірінші кезекке қойылып отырған кезде Ұлттық бірыңғай тесттілеуді енгізу білім беру ұйымдарының қызметін обьективті бағалауға, олардың нақты рейтингтерін анықтауға, жалпы орта білім мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтуге, оқушылар мен мұғалімдердің оқу еңбегінің қорытындысын анықтауға, дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық бірыңғай тесттілеу құру қазіргі заман талабынан туындап отырған қажеттілік десек, әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі – ҰБТ нәтижесін жақсартумен көтерудің жолы. Осы орайда, математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан, оқушылардың даярлығы да стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері әр түрлі деңгейде болатыны белгілі. Оқушылардың математикадан терең білімді болуы – өз білімін үнемі жетілдіріп, оқушылармен жұмыста деңгейлеп оқыту технологиясын жете меңгерген ұстазға тікелей байланысты. Әрбір сабақ – мұғалімнің шығармашылық жұмысы.
Заман ағымына сай өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырған жағдайда ғана, ХХІ ғасырдың талабына сәйкес жаңа форматтағы ұстаз бола алатыныма көзім жетті. Әлемдік білім саласында болып жатқан өзгерістерден жырақта қалмай, жаңғыртып отыру үшін ұстаздар қауымына арнайы ұйымдастырылған Қазақстанның аймақаралық біліктіліігін арттыру орталығының « Математика бойынша есептердің шығарылуы мен әдістерінің ҰБТ дайындығы» курсынан өттім. Курс барысында математикадан ҰБТ есептерін шешудің тиімді әдіс – тәсілдерін меңгердім және де сабақ беруде пайдаланудамын. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің ең басты міндеті. Оқушылар ҰБТ – ға дайындалу барысында бүкіл математика курсын жүйелі қайталап, біліміндегі олқылықты өз бетінше ізденіп, оқып толықтырып отырады. Тест оқушы білімінің деңгейін анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді. Тест – оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік бететін тиімді жол.
Математика пәні бойынша ҰБТ –ға дайындалу үшін талапкер бойындағы негізгі 6 фактор:
1. Ең негізгісі – ынтасы , талабы, құлшынысы;
2. Қандай деңгейде болса да математикалық білімі;
3. Сұранысына байланысты – диагностикасы;
4. Психологиялық жағдайы;
5. Әлеуметтік жағдайы;
6. Жүйелі түрдегі дайындығын негізге ала отырып, математика пәнін оқытуда оқушылармен лекция, жеке жұмыс, әрбір тақырыптар бойынша жеке жұмыстар жүргізу тиімді деп есептеймін.
Барлық балада математикалық білім болғанымен қабылдау деңгейі әртүрлі болады. Сондықтан жыл басында оқушылардың сұранысын, ынтасын түрлі тест тапсырмаларын алу арқылы біліміндегі олқылықтарды анықтап, диагностикасын анықтап аламыз. Оқушылардың тараулар бойынша білім деңгейлерін ескеріп, математика курсын топтарға бөліп, ҰБТ тапсыратын сыныптарға жылдық жоспар жасаймын. Жоспар бойынша сабақтан тыс уақытта қосымша сабақ өткіземін. Жылдық жоспар оқуушыларға 5-11 сыныпта берілген материалдар негізінде жасалады. Әртүрлі тақырыптарға тест жасалып, жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
ҰБТ – ға дайындықты үш кезеңге бөліп жүргіземін.
1. Теориялық бөлім.
2. Практикалық бөлім. (есептер шығару)
3. Қорытынды бөлім. (тест алу,білімдерін саралау)
Кезеңдерге бөліп дайындық жүргізудің мақсаты:
- Математика пәнінен берілетін білімді тереңдету;
- Оқушылардың мүмкіндігін анықтай отырып, оларға көмек көрсету;
- Әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, білімін толықтыру;
- Тақырыптарды толық меңгертіп, білім сапасын арттыру;
Басқа пәнге қарағанда математика пәнінен тест тапсыру күрделі, себебі бұл жерде әрі теориялық , әрі практикалық біліктілікпен қоса шапшаңдық қажет. Тапсырманы орындаудың тиімді тәсілін меңгерген оқушы тез арада дұрыс жауабын таба алады. Сондықтан, математика пәні бойынша ҰБТ – ға дайындалудың теориялық. Практикалық және психологиялық аспектілері көптеген талаптар қояды.
Математика пәні мұғалімі ретінде оқушыларды ҰБТ – ге өздігімен дайындыққа бағыттауда мынадай шаралар қолдандым.
1. Ұлттық тестілеудің әр оқушының жақсы аттестат алуы мен жоғарғы оқу грантына ие болуындағы маңыызы мен мәнін түсіндіру;
2. Мектеп психологімен бірлесе отырып, әр оқушының психологиялық жағынан дайындау шараларын жүргізу;
3. Оқушылардың өз біліміндегі жіберген білім олқылықтарын толықтыру және іздену арқылы мүмкіндігінше өздігімен толықтыруға баулу;
4. Оқушыларға сыныптан тыс уақыттағы жеке және топтық дайындық жұмыстарын ұйымдастыру;
Қорыта айтқанда кез келген пән мұғалімі дайындық сабақтарын ұйымдастыруда өз шығармашылығын арттыра отырып, жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушының білім сапасының жоғары болуына тікелей жауапты тұлға. ҰБТ – ға дайындауда әр мұғалім өзінше бір дайындау тәсілдерін жүзеге асырып отырса, кез келген пәннің білім сапасы артатынына сенемін.
№ 209 Ә.Әбутәліпов атындағы
орта мектебінің математика пәнінің
мұғалімі Мустиярова Алма Елеуқызы
Жаңақорған ауданы
Түгіскен ауылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.