Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлттық музыкалық аспаптар -

Ұлттық музыкалық аспаптар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1328 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы, №124 «Балдырған» бөбекжай бала-бақшасының
ән – күй жетекшісі: Тойлыбаева Маржан Қыдырбаевна

«Ұлттық музыкалық аспаптар»
Мектепалды «Шұғыла» тобында ұйымдастарылған оқу іс-әрекеті түрі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: ән-күй сабағы
Тақырыбы: «Ұлттық музыкалық аспаптар»
Бағдарламаның мазмұны: балалардың музыкалық аспаптар туралы білімін кеңейту. Музыкаға деген қызығушылығын оятып, музыканы қабылдау деңгейін тереңдету. Әнді нәзік сезіммен, баяу үнмен айта білуге үйрету. Аспаптарда ойнау, тыңдау, сұрақ-жауап әдіс-тәсілі қолданылады. Аспаптарды тебрлік бояуынан ажырата білу.
Пайдаланылатын құралдар: ұлттық аспаптар, диддактикалық ойындар, сөзжұмбақ.
Жұмыс мазмұны: 1. Әуенді-ырғақты қимылдар.
2. Ән салу: «Қайырлы таң» әнін жазған: Е.Өміріов
сөзін жазған: А.Тойшанұлы
3. Тыңдау: «Илигай», «Жайдарман», «Жан айым» аспаптарды дыбысынан ажырату. Қобызшының орындауында күй тыңдау, салыстыру, сипаттама беру.
4. Музыкалық дидактикалық ойындар, сөзжұмбақ.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар музыкалық залға жүгіріп кіреді.
Саз жетекшісі: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Саз жетекшісі: Балалар, бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Ерекшелігі, бізге көптеген қонақтар келіп отыр, сондықтан, біздер келген қонақтарға ән-күй сабағында не үйрендік, соның бәрін көрсетейік. Ой, мына жерде сиқырлы сандық бар екен, ішін ашып көрейікші. Бұл сандық кімдікі болды екен.
- Сыр сандықты ашайын,
Не бар екенін байқайын!?
- Ой, бұл жерде ноталар бар екен. Әр нотада тапсырмалар бар екен.
1. Мынау қандай нота, балалар? (Ия, дұрыс, бұл «до» нотасы). «Нота» дегеніміз музыкалық әріптер, біз әріптерді көреміз, танимыз, сол сияқты ноталарды да көреміз, айтамыз, естиміз.
2. Тапсырма ән айту екен. Біз таңертең түрғанда ата-анамызға, аға-інілерімізге қандай жылы сөз айтамыз? «Қайырлы таң» Дұрыс, олай болса, біздер де келген қонақтарға «Қайырлы таң» әнін тарту етейік.
3. Мынау қандай нота, балалар? «ре».
- Ән салатын адамдарды қалай атайды? (әнші)
- Әуенді кім жазады? (сазгер)
- Көп асапатарды бірігіп ойнағанды қалай атайды? (оркестр)
- Ал оркестрдің жетекшісін қалай атайды? (дирижер)
4. Ал мынау скрипка кілті – ең басында тұратын белгі. 5 қабатты үйдің ішінде ноталардың есігі деп айтсақ та болады. Бұл жердегі тапсырмамыз аспаптар екен. Мынау қандай аспап? (қобыз) Саз мектебінен келген қонақтардың орындауында «Илигай» халық әні.
Ал енді келесі тыңдайтындарыңыз халық әні «Жайдарман». Бұл қандай аспап? (домбыра) Дұрыс.
Ал мынау – баян. Қазір осы аспаптың әуенін естисіңдер. «Жан айым» әнін қабыл алыңыздар. Сендерге ұнады ма, балалар? Біщ қонақтарға рахметімізді айтып, шығарып салайық.
5. Мынау нота «ми» бұл жердегі тапсырмамыз ойындар екен. «Аспапты тану» (музыкалық дидактикалық ойында өткен сабақты қайталау ойын түрінде ұйымдастырылады) .
- Балалар, біз домбыра аспабында қалай ойнаймыз? (шертіп, яғни, домбыра шертпелі аспап)
- Үрмелі аспапқа не жатады? (сыбызғы)
- Ұрмалы аспапқа ше? (барабан, дауылпаз)
- Тағы қандай аспаптарды білесіңдер? (сырнай, баян, скрипка, қобыз)
- Қобызды қалай тартады екен? (Қолына ысқыш алып, екі аяғына қысып тартады екен ия, балалар)
6. Тапсырма: мынау қандай нота? «фа». Бұл жерде де ойын екен. Ойнағанды жақсы көөреміз ғой, ия, балалар? Ойын «Оркестр»
Бәріміз орнымыздан тұрып ойнайық. Мен сендерге сурет көрсетемін, қандай аспапты көрсеңдер, соны ойнай бересіңдер. Бірігіп енді оркестр боламыз. Бәріміз бірігіп, енді оркестр боламыз, ұнататын аспабымызда ойнайық. Енді бізде оркестр жетекшісін кім деп атайды? («Дирижер») Кім дирижер болады? Ортаға бірнеше бала шақырылып, ойын ойналады.
7. Тапсырма: «Соль» нотасы. Бұл нота 5 қабаттағы үйдің 2-ші қабатында тұрады екен. Бұл жерде «Сыңарын тап» ойыны. Шарты: Алдарыңдағы парақты ашамыз. Кімде қандай аспап болса, сол аспаптың сыңарын табамыз. Екі топқа бөлініп, сыңарын тауып алайық. Екінші топ мына сөзжұмбаққа жауап берейік.
- Көктемнің ең алғашқы мерекесін атаңдаршы. Кімдерге арналған мереке? (Аналарымызға)
- Біз бүгін қандай нота өттік? (соль)
- Қатуланса қыс күні,
Қарауылдап суатты,
Фрак киіп үстіне
Ән сап тұрған сияқты (пингвин)
- Гүлге қонады
Гүлдің қонағы
Үйіне кіресің
Бөшкелер балға толады (ара)
- Жазда бар,
Күзде жоқ
Ол қай әріп? (А)
- Ал, балалар, сөзжұмбақты да шештіңдер. Қандай сөз шықты? «Аспап» Ия, музыкалық аспап, бүгінгі біздің тақырыбымыз. Көптеген аспаптарды біледі екенсіңдер. (Қайталау)
- Ал, балалар, тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық.
Көңіл күйлерің қалай? Қай аспаптың үні әдемі шығады екен? Енді сендерге үй тапсырмасы: ұнаған аспаптың суретін салып келіңдер.

- Осымен сабағымыз аяқталды. Хош сау болыңдар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.