Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлттық ойын  - ұрпаққа ұлағат -

Ұлттық ойын - ұрпаққа ұлағат

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1459 | Размер: | Автор: гость
. Ұлттық ойын - ұрпаққа ұлағат

Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі - тоғызқұмалақ. Көненің көзіндей болған бұл ойынның танымдық әрі тағылымдық тұрғыда да, сондай-ақ спорт, өнер, ғылым ретінде де маңызы зор.
Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог – ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Өйткені Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай Құнанбаев сүйіп ойнаған. Тоғызқұмалақты ойнау үшін Абайдың ауылына көне ойынның шеберлері мен ойыншылары әдейі жиналады екен. Абай бос уақытында ойынды ұйымдастыру үшін үнемі ойын тақтасын алып жүрген. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр. Кезінде бұл ойынға Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Қ.Қуанышбаев, С.Аманжолов, М.Әуезов және Б.Момышұлы сынды Алаштың ардақты азаматтары қызығушылық танытып, қолдау білдірген. Қазақ спорт шебері, жоғары дәрежелі жаттықтырушы М.Ноғайбаев: «Қазақ халқы атам заманнан бері спортқа әуес болған. Атқа шабу, көкпар тарту, ит жүгіртіп құс аулау секілді небір сайыстарға түскен. Соның ішінде адам санасын шынықтыратын ой спортынан да құр алақан болмаған. Адамдарды тәрбиелеу, олардың ой – санасын шынықтыру, жетілдіру жолындағы қызық ой спорты түрлерінің бірі – қазақтың математикалық «Тоғызқұмалақ» ойыны», - деген. Мемлекетіміздің іргетасы бекіп, болашағы жарқын болуы үшін біз ата – баба дәстүрінен, мұраларынан қол үзбеуіміз керек. Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде тоғызқұмалақ қанатын кеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Өкінішке қарай, ол Кеңес Одағы кезінде біршама тоқырауға ұшырап, артынан тіпті насихатталмай-ақ қойды. Бірақ еліміз тәуелсіздік алған кезден бері осынау ұлттық ойынымыз қайта жандану жолына түсті.
Жергілікті ерекшеліктеріне, ойнаған кезеңдеріне байланысты тоғызқұмалақтың бірнеше атауы бар. Мәселен, бұл ойынның «шопан», «тоғыз ат» деген атаулары болған. Оның шағын түрлерін «бестемше», «қозату» деп атаса, бүгінгі біздің ойнап жүргеніміз «тоғызқұмалақ» аталады. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл – ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Қазіргі таңда Қазақстанда ерекше өріс алып, дүние жүзіне тарала бастады. Тоғызқұмалақ ойыны қазақ халқының салт-дәстүрімен сабақтас. Мәселен, ойынның тақтасы 9 отаудан тұрады. «Тұздық» - бұл отауға ие болу, тұздыққа әр көшек сайын 1 құмалақ беру енші беруді бейнелейді. Ал «жұп» бұл ойынның табысы. Қазақ халқы «жалғыздың үні шықпас...» дегендей жалғыздықты жаратпайды емеспе?! Яғни, ойында «жұп» осындай ұғымды білдіреді. Отау осы екі кісіге ұрпақ қосылса ғана болады. Маңдай, атөтпес, тектұрмас, бел, белбасар деген отаулардың негізгі ережесі. Бұл шет жағасы ғана, осы сияқты 400 – ге жуық қызықты ережелері бар ойын.
Қазір әлемде тоғызқұмалаққа ұқсас египеттіктердің калах, Шри-Ланкада олинда, калиа, қырғыздарда тогузкоргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар. Айта кетерлігі, бұлардың барлығы адамның бойында сабырлылықты, төзімділікті, ойшылдық, есептегіштік пен үнемшілдік қасиеттерді қалыптастырады. Соған байланысты болу керек, қазір бұл ойындарды барлығы өз елдерінде тиісті деңгейде дамытып келеді. Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғызқұмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Қазір бұл ойын интернет арқылы жедел дамып келе жатыр. Ал Шри-Ланкаға жолыңыз түссе, ертесіне осы ойынды үйреніп аласыз, өйткені, ондағы қонақ үйлердің бәрінде орындық жанында осы ойынның үлкен картасы қойылған.
Қазақ қазақ болғалы өзіне тән дәстүрі мен салты қалыптасқаны сияқты, ұлттық ойындардан да кенде емес. Мәселен қыз қуу, көкпар, күрес, теңге алу, асық, тоғызқұмалақ ойындарының тарихы өте көнеден бастау алады. Тоғызқұмалақ терең ойды, ұтқырлықты талап ететін ойындардың бірі. Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, сонау ертеде ғұндар тоғызқұмалақты «Орда» деп атап, әскери – танымдық ойын ретінде қабылдаған. Сондай – ақ бұл ойынды «Қойшылар алгебрасы» деп те атаған. Өйткені, алғашында өрісте қой бағып жүрген малшылар жерден шұңқырлар қазып алып, құмалақтармен ойнайтын болған. Бірақ бабаларымыз тоғызқұмалақты үнемі құмалақпен ойнамаға, ол тек жеке бір ойнаушылардың (қойшылардың) мәжбүрлігінен ғана туындаған. Ал халықтың басқа зиялы өкілдері сүйектен, ағаштан жасалған домалақ заттармен, жемістің дәндерімен ойнаған. Құмалақтың өзімен ойнағанның өзінде оны жүріс жасау кезінде басқаша атаған. Ал бүгінгі таңда тоғызқұмалақ ойыны он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз – тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.

Қазақша атаулары:
№9 отау – маңдай
№8 отау – көкмойын
№7 отау – қандықақпан
№6 отау – белбасар
№5 отау – бел
№4 отау – атсыратар
№3 отау – атөтпес
№2 отау – тектұрмас
№1 отау – арт

Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.
Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі

Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса, ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады.
Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9-шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.
Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының 1 – ші отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 – ші отауымен 2 – ші отауы аттас т.с.с.
Үшінші ерекшелік – «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады.
Жалпы, тоғызқұмалақ зияткерлік ойынға жатады. Ал зияткерлік ойындар дегеніміз – адамның ойлау қабілетін, ой - өрісін дамытатын спорт түрі. Оның тағылымдық, тәрбиелік, танымдық құндылықтары көп, оның үстіне зияткерлік ойындардың терапиялық сипаты да зор екен. Сондықтан бүгінгі таңда дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды шаралардың бірі болып саналады. Осы мақсатта біз қазіргі таңда тоғызқұмалақ тақтасының ағаштан жасалған ұзындығы – 1260см, ені – 550см құрайтын сызбасын құрастырып, оны қазіргі кезде сабақта пайдаланып жүрміз. Тақтайша тоғызқұмалақ үйірмелеріне қатысатын немесе оны үйренемін деген барлық балаларға түсінікті болу үшін және сыныптағы барлық оқушыларды түгел қамту үшін пайдаланылады. Құмалақ орнына ұзындығы – 30 – 40 мм, диаметрі – 8 мм болатын 162 таяқша қолданылады.


Сызбалар
Тоғызқұмалақ тақтасының сызбасы
1260

175

100



100



175
140
Әр қазандықта Әр отауда
162 тесіктен 36 тесіктен

Құмалақ орнына ұзындығы 30-40 мм, 8 мм-лік
162 таяқша қолданылады.

Отау сызбасы

140

25
175

20

8 мм

36 тесік

Қазандық сызбасы

1260




20 20



Жалпы тоғызқұмалақ баланың ойлау жүйесін қалыптастыруға бірден – бір ықпал етеді. Өйткені, ойын барысында бір жүріс жүру үшін үш түрлі есептеуді қажет етеді. Ал бір ойында 40 жүріс болады десек, мықты есептей білу керек. Ұлтымызға тән салтымыз, дәстүріміз, мәдениетіміз – бұл біздің мақтанышымыз. Оның ішінде ұлттық ойындарымыздың да өзіндік орны бар. Ендігі кезде ұлттық құндылықтарымызды да әлемге танытуымыз қажет. Ол үшін болашағымыз болатын бүлдіршіндерімізді осындай игілікке баулитын дәстүрлі ойындарымызға үйреткеніміз жөн.

Түркістан қаласы «Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене тәрбиесінің мұғалімі «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері Ш.Бимбетов
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.