Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан -

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1438 | Размер: | Автор: гость
. Сарыағаш ауданы, N117 «Жолбасшы» жом
Тарих пәні мұғалімі
Омаров Булеген Султанович
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін фашизмнен ерлікпен қорғау жолындағы жанқиярлық ерлігі мен тылдағы болашақ үшін еңбек еткені туралы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесімен құттықтау, Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, шығармашылық ізденіс жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.
Көрнекілігі: кітаптар, «Ұлы Отан соғысы» картасы, суреттер, тірек-схемалары.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жоспар:
1. Соғыс қарсаңындағы КСРО, Қазақстан
2. ҰлыОтансоғысыныңбасталубарысы
3. Соғысзардаптары
4. Қорытынды: «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы»
Мұғалім сөзі: Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен Кеңес Одағы, оның ішінде қазақ халқы бір адамдай Отан қорғауға аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерін жұмсады.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды.
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.
372-атқыштардивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.
Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
Нұркен барлығы 17-рет әуе шайқасына қатысқан. Теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылы наурыздың 31-де ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1945 жылғы 9 мамырда Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғысы аяқталды. Содан бері міне, 70 жыл өтті.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
1.Барлығы-11600 адам;
2.Қазақстандықтар - 497, оның ішінде қазақтар - 97;
3.Қазақ қыздары - 2.
Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
Қорытындылау:
1. Тарихи тапсырмалармен жұмыс:

_____ Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің _____ деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты _____ .

«_____» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны _____ деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының _____ және _____ астары болды. Германия империясы _____ үшін, _____ базасы ретінде _____ мемлекет құруды көздеді.

2.Картамен жұмыс: «Барбаросса» жоспарында көрсетілген қуыршақ мемлекет жобасындағы мемлекеттерді картадан көрсет.
3. Ерлік, Отан туралы мақал-мәтел айту.
Мұғалім сөзі: Биыл біз жеңістің 70 - жылдығын тойлаймыз. Елімізді ұлы жеңіске жеткізген, біздерге тыныштық өмір сыйлаған осындай аға-апаларымызды ешқашан ұмытпаймыз!
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.