Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлы Жеңіске 70 жыл -

Ұлы Жеңіске 70 жыл

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1622 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

Ұлы Жеңіске 70 жыл толу қарсаңында өткізілетін патриоттық бағыттағы тәрбие сағатының әзірлемесі

«Ту тіккен қазақ батыры»

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі

2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ту тіккен қазақ батыры»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды туған жерді сүюге, елді қорғауға, Отанына адалдыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы кезінде Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі, соғыс тактикасын меңгерген шеберлігі туралы айту.
Ерлікке тағзым ете білуге, ағалардың отан қорғауда қосқан үлесі туралы білгізу.
Әр түрлі ұлттың балаларын бауырына басқан қазақ халқының жайсаңдығын, адами қасиетін насихаттау.

Түрі: Әдеби монтаж, сахналанған қойылым.
Көрнекілігі: Жауынгерлер портреті, Музыкалық аппаратуралар, тақырыпқа сай безендірулер, буклеттер, соғыс кезіндегі жауынгерлер суреті, шарлар.
Барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігітіРақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

Сахналық көрініс

Жауынгер: Қошқарбаев, сені батальон командирі шақырады.
Васильченко: Жауынгерлік тапсырма бар:
Қошқарбаев: тыңдап тұрмын
Васильченко: анау үйді көремісің.Ол – рейхстаг. Соның үстіне ту тігу керек. Мына жігіттер де саған ереді. Оқпен сүйемелдеп тұрамыз.
Қошқарбаев: Құп болады.(Рақымжан туды алып ішіне тығып алады)
Ол секіріп түседі снаряд даусы шығады. Григорий Булатов екеуі рейхстагқа дейін жүреді. Ракета
Қошқарбаев: Григорий, ракета атылып бізге белгі берілді. Ал жөнелдік»
(еңбектеп терезеге жетеді,қойнынан жалауды шығарады)
Қошқарбаев: мін иығыма байла! («День победы» музыкасы ойнайды)
Көркем сөздер:
Сен фашиссің, мен қазақпын
Сен айтқандай азиатпын
Сен аспаннан жұлдыз қақтың
Мен далада түйе бақтым

Енді мынау қарайсың тек
Дәрменің жоқ көзіңмен жеп
Арланасың. Қорланасың
Тұтқын болдым тағыға деп

Сен фашиссің, мен қазақпын
Сен айтқандай азиатпын
Таңқаларсың философым
Ғажабына табиғаттың

Егерде мен түссем қолға
Қамар ең ау темір торға
Олай болмай, бұлай болды
Біздің бақыт, сіздің сорға

Көркем сөз
Адамзатым, ақиқатқа сеніңіз
Адамзатым, ақиқатқа сеніңіз
Соғыс деген болған емес тегін іс.
Соғыс деген қиылған жан, аққан қан,
Соғыс деген екі жақққа жеңіліс.

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді
Жастық күйреп, халық сиреп көнерді
Жарақат алғандардың күшіменен
Өркендеттік өмір менен өнерді.

Жиырма миллион тірлік демін доғарды
Қанша қала күлге айналып тоналды
Тап қазіргі қазақстан халқындай
Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

Жеңіс күні желекті ту қанаты
Жаңа ұрпақтың самсап өскен санаты
Жеңіс күні болдырмауға соғысты
Адамзаттың ант ішетін сағаты.

Көркем сөз
Ардагерлер естелігі соғыстың
Біріктіріп үміті мен тілегін
Біріктіріп барлық күшін, жігерін
Ана үшін, бала үшін, жар үшін
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін

Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Соғыс жалмап аға, іні бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкі
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім
Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін
Ардагерлер естелігі соғыстың

Мұғалім: Екінші дүниежүзілік соғыста Ресей, Украина, Белоруссиядан мыңдаған отбасы Қазақстанға қоныс аударылды. Жетім қалған басқа ұлт өкілдерінің балалары Қазақстанға топ-тобымен жөнелтілді. Олардың көпшілігі қазір Қазақстанға тұрақтап, Қазақтанды екінші Отаным деп мақтанышпен айтады. Сол қиын кезеңде қоныс аударған балалар өмірінен, оларға құшағын ашқан, бір тілім нанын бөліп жеген қазақ отбасылары туралы көрініс тамашалайық.
4-көрініс
Басқарма. Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал.Қазір соғыс уақыты. Еліміздің түкпір-түкпірінен әр түрлі ұлт өкілдері келіп, қазақ жеріне қоныс аударып жатқанын естіп жатқан шығарсыңдар. Үкімет әр ұлт өкілдерінің жетім қалған балаларын әр ауданға бөліп бермек. Менің әкелгенім он бала. Бәріңе жетпейді. Және қазір бауырыма салып алдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек, қазақшылыққа жатпайды. Әй бәйбіше тамағын ішіп болса, балаларды алып шық.
Бәйбіше: Қазір, қазір. Жүріңдер, айналайындар, бері жүріңдер
Басқарма. Өй қалқабастар, қорықпаңдар, бері жүріңдер.Ал Дәуренбек дүкіментіңді оқы, балалардың мән-жайын айт!
Дәуренбек: Басекең дұрыс айтады. Смирно тұрып, внимательно тыңдаңдар.мен таныстырып шығайын. Стройдың басында тұрған екеу – кәріс балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда. Қасындағысының аты-Яков, тоғызда, орыс, өзі мылқау. Ең соңындағысы жетіде. Сіздерден жасыратын несі бар., тегі жаман, неміс. Басқа ұлттың балалары болса да, бұл панасыз жетімдерді бауырымызға тартпасақ болмайды Мен болдым, басеке, сөз өзіңіздікі.
Басқарма: Сөз дейтін не сөз бар. Осы ауылдан соғысқа сайдың тасындай 43 азамат кетіп еді. Әзірге оралғаны екеу ақ. Дәуренбек қолдан, Берден аяқтан айырылып қайтты. 24 адамнан қара қағаз алдық, Хабарсыз кеткені қаншама. Тегіс жетімбіз. Біз атадан айырылсақ, мына алдарыңда тұрған балалар ата-анадан айырылған жетімдер. Екі жарты бір бүтін
1-адам: Осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы келеді. Тегіс сәби жасындағы кішкентай балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең-ақ етбауырымыз болып кетеді. Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз.
Басқарма. Жо-жоқ, мен бөлмеймін. Өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын, реніш өкпе болмасын. Ахмет ақсақал жол сіздікі. Таңдаған балаңызды алыңыз.
Ахмет: мен осы мықтының өзін қаладым.
Жұрт: немістің баласын таңдағаны несі:
-Немістің баласын алды.
-Бұл несі әй
Басқарма: Еркіңіз білсін. Бірақ бұл баланың тегі неміс. Оны да біліп қойыңыз
Ахмет: әй, не шатып тұрсың, мен сенен ақыл сұрадым ба?
Дәуренбек: Ахмет ақсақал, сақалыңыздың ағында жаңсақ іске аяқ бастыңыз
Ахмет: Құйысқанға қыстырылмай қой, шырағым. Неміс, неміс деп болмайсың ғой. Неміс те адамның баласы. Бұл жетімек өзі сұранып жетім болды дейсің бе?қазақ бола тұрып бұларды өзекке тепкеніміз жарамас. Неміске сен үш саусағыңды берсең, мен үш ұлымды бергем, мына жұртты бөгемей, баламның атын айт.
Басқарма: Зигфрид Вольфганг Вагнер
Ахмет: Неміс, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә. Неміс болса да өз баламдай тәрбиелеймін.қазақ бауырмалмыз ғой. Әлі-ақ туғанымыздай болып кетеді. Бұның аты енді Зигфрид Вагнер емес, Зекен Ахметұлы Бегімбетов болады. Әй Зекен, жүр әжеңе барамыз, қарның да ашып қалған шығар.
Автор: Осылайша қазақ елі осындай қиын-қыстау уақытта талай ұлт өкілдеріне пана бола білді.

Қорытынды бөлім 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы
мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқатарда
328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға
14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор,
110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.
Бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтерінеҰлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.