.
.
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Екпінді ауылы, Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ұлы жеңіске қосылған үлес.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1656 | Размер: | Автор: гостьСагиндикова Пакиза Кенесовнаға
6-сынып
І . Сабақтың тақырыбы: Ұлы жеңіске қосылған үлес.
II. Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақтардың батыр ұл- қыздарының ерлігі мен қосқан үлесі жайлы түсінік беру.
Деректермен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану, қалыптастырып, тарихи шындықты білу арқылы ойлау қабілетін дамыгу.
Ел жандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мэңгі есте сақтауға, үлгі етуге тәрбиелеп, патриоттық сезімін ояту.
III. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
ІV.Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, шығармашылық, «Кім жылдам?» ойыны, тірек-сызба.
V. Сабақтың көрнекілігі: К.О.Батырларының суреттері, слайд, карта.
VI. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
(Оқушыларды түгелдеп,оқу құралдарын түгелдеу)
1.Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстандықтардың Ленинград, Мәскеу үшін шайқастарда.
«Кім жылдам?» ойыны бойынша үй тапсырмасын сұрап шығу.
(Бұл ойын бойынша оқушыларға сұрақтар беріліп, сол сұрақтарға жауап береміз.)
1. Қазақстандықтар қандай қалалар үшін шайқасып ерлік көрсетті?
2. Соғыстың алғашқы кезінде сәтсіздіктердің басты себептерін қазіргі тарихшылар мен байланыстырады?
3. Мәскеу үшін шайқаста Қазақстанда қандай атақты дивизия құрылды?
4. 28-батыр ерлігі туралы айтып бер?
5. Мәсеу үшін шайқаста ерлікпен шайқасқан қазақ батырларын ата?
6. Ленинград қаласына неміс фашистері қай жылы, қай айда шабуыл жасап басып алмақшы болды?
7. Ленинград қаласына неміс фашистері қай жылы, қай айда шабуыл жасап басып алмақшы болды?
8. Ленинград қаласының тұрғындары өз қалаларын жаудан қорғауда қандай ерекшіліктер көрсетті?
9. Ладого көлінің Ленинградтықтар үшін қандай маңызы болды?
10. Ленинград үшін шайқаста ерлікпен шайқасқан кімдерді білесіңдер?
Тест оқыту
IV. Үй тапсырмасын қортындылау.
Жаңа тақырып. «Ұлы жеңіске қосылған үлес»
Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Қазақтандықттардың ерлігіне тоқталу.
3. Естен кетпес сол бір күндер.
- Ия, милиондаған адамның өмірін жалмаған әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмытылған жоқ. «Ер басына күн туып, етегімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі, жер бетіндегі бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігін қан майданнан оралмады. Тіпті хабар-ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Соғыс қасіретінің әлі жарасы жүрегімізді сыздатады.
Қызығушылығын ояту.
Балалар сұрапыл соғыс туралы не білеміз? Өз ойымызды жазамыз.
Дәптермен жұмыс.
Білемін Білгім келеді?
Тұлғаны тану:
(Балалар Кеңес Одағы Батырының суреттерін көрсетеміз сол суреттер бойынша өз білгендеріңді айтып беріңдер.)
М.Маметова, Ә.Молдағұлова, Б.М. Момышұлы, Т.Бигелденов, Қ.Спатаев
Енді осы жерде ауылымыздың соғыс ардагерлерінің ерліктерімен де, танысайық.
Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтар басынан аяғына дейін қатысты.
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан 1 миллион 200 адам соғысқа аттанды, Біздің Оңтүстік Қазақсаннан 140 мыңнан астам азаматтар қатысып, 97 мыңнан астам адам қайтыс болған, соның ішінде Бөген ауыл әкімшілік бойынша 140-қа жуық адам соғысқа қатысқан.
Әскер көп ұлтты:
50 % қазақ, 37 % орыс, 13 % басқа ұлттар қатысқан.
Қазақтардың басқа ұлттан көп өлуінің себебі:
1. Қазақтардың әскерге көп алынуы.
2. Қазақтадың көбі орыс тілін білмегендіктен командирының бұйырығын түсінбей не қару-жарақты меңгере алмай қиналғандығы.
3. Қазақтар соғыстың ең ауыр тұстарына, әрі алдыңғы шепке жіберіліп отырған.
Кеңес Одағының Батыры - 11600 адам атағын алса, соның 497-сі Қазақстандыктар, ал 97-сі қазақтар болды. Қазақтын қыздары: Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова. Ең жас казақ батыр жауынгер 18 жасар Жәнібек Елеусізов еді.
Екі рет «Кеңес Одағы Батыры атағын» алған ұшқыштар.
Г.Бигелдинов,
Л.И.Беда,
И.Ф.Павлов,
С.Д.Луганский.
( Слайд батырлар суреті көрсетілді).
1941-1945 ж соғысқа қазақтың 100-ге жуық ақын-жазушылары қатысты. Қасым Қасенов және Бауыржан Момышұлы, ( Слайд)
“ Бәріде майдан үшін, бәріде жеңіс үшін!”- деген ұранмен тыл еңбеккерлері еңбек етті.
Тыл еңбеккерлердің еңбегІн айта кетсек 1941 - 1945 жылдары колхозшылар майдан мен тылға 5 миллион 829 мың тонна астык, 734 мың тонна ет жіберді. Осы жылдары Ақтөбе облысының звено жетекшісі Шығанақ Берсиев тарының гектарынан 201 центнер, Қызылорда звоно жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштің гектарынан 260 пұт жинап рекорд жасады.
(Слайд Р.Қошқарбаев.)
1945 жылы 30-сәуірде жауынгер Булатов пен бірге жаңбырдай жауған жау оғының астында Рейстах төбесіне жеңіс туын желбіретті.
Бірақ Кеңес үкіметі Рейхстаг үстіне ту тіккен орыс пен грузин болуы керек деп, Р.Қошқарбаевтың ерлігін жасырып, мойындамады. Тек егемендігімізді алған соң 1999 жылы еліміздің жоғары наградасы Халық қаһарманы атағымен марапатталды.
Ұ.О Соғысы адамзат баласына үлкен шығын әкелді.
(Трек-сызба. Ұ.О соғысының зардаптары )
1945жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғанымен Екінші дүниежүзілік соғысы әлі де біткен жоқ еді. Германияның одақтасы Жапонияға Кеңес Одағы 1941 жылы 9-тамызда соғыс бастады. Бұл соғыс 1945 жылы 2-қыркүйегіне дейін созылды. Сөйтіп адамзат тарихындағы Екінші дүниежүзілік соғыс 2-қыркүйекте Жапониянның тізе бүгуімен екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының құрамындағы қалықтар басына түскен ауырытпалық тарихи сын кезеңі болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында беделі асқақтай түсті .
VII. Сабақты қортындылау:
Тест
1.Қанша Қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыр атағын алды?
А) 497-І.
Б) 400-1.
В) 300-і.
2. Екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры атағын алған кім?
А) Т.Бигелдинов.
Б) Қ.Ырысбеков.
В) Б.Исханов.
2. М.Мәметова кай қала үшін шайқаста ұмытылмас ерлік көрсетті?
А) Гомел.
Б) Мәскеу.
В) Невель.
3. Б.Момышұлына қай жылы «Халық қаһарманы» атағын берді?
А) 1991 ж.
Б) 1990 ж.
В) 1992 ж.
4. Әлия Молдағұлованың соғыстағы қызметі не еді?
А) Мерген,
Б) Пулеметші
В) Барлаушы
- Енді, балалар Отан батырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Мұғалім сөзі: 1941-1945 жылы соғыстың жеңіспен аяқталуы дүние жүзілік тарихи маңызы зор оқиға. Қан төгіспен өткен бұл сұрапыл соғыста әрбір азамат Отан үшін, ел үшін бар ар-намысы мен шайқасып ерлік пен батылдықтың, кайтпас қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Соғыстың әрбір күні, әрбір сағаты мәңгі ұмытылмас тарих, естен кетпес шежіре ретінде жадымызда жатталып калады. Бұл күндерді ешкім, еш уакытта ұмытпак емес.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма: Ұлы: Женіске косылған үлес. (ҰОС мен тыл ардагерлері туралы білетіндеріңді жазып келіңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.