Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлыстың ұлы-күні -

Ұлыстың ұлы-күні

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1283 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің Кітапхана меңгерушісі:
Құсанова Айшолпан Сайынқызы

Тақырыбы: Ұлыстың ұлы-күні
Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Қазақтың әдеп-ғұрпын, тілімізбен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: өлең, тақпақ, наурыз көже, шар
І Кіріспе.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, оқушылар. Бүгін сіздер «Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында Іа сыныбының дайындаған өнеге сағатына келіп отырсыздар. Жер көгеріп, құстар қиқулап, ағаш гүлдегелі қашан. Тіршілік оянып, ел-жүрт қуанышта жүр. Наурыз жыл басының өлкемізге келіп, аралағанына біраз уақыт болды.
2-жүргізуші: Аңсаған
Наурыз-пәктік күні
Реніштер ескермейтінді
Жәбірлеуге дес бермейді
Әкімдік тасада тұрады.
Әділдік салтананат құрады.
Қарттардың көңілі кеңейді
Жастардың күлкісі көбейді –деп кезекті оқушыларға берейік.
1-оқушы Альфия
Той кердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар
Бұдан кейін ойынба?
2-оқушы. Нүркен
Наурызым сары ұзын
Жүдеп едім сені күтіп
Берекелі көже толы
Қазаныңа не жетер.
3-оқушы. Бексұлтан
Зарықтырып, тарықтырып
Жоғалғаным табылдың
Тынып қалған, құлыптаған
Ән мен күйім ағылдың.
4-оқушы. Аманбол
Кел, Наурыз!
Гүлім жайып
Тілім байып
Тынысым бір кеңісін.
5-оқушы. Сәуле
Наурызда күлімдеп
Күн көзі жылынды
Өзгеше бүгін леп
Қыстауға тығылды.
6-оқушы. Асылжан
Әбігер жүрт неге?
Дек, бекер таңданба?
Қайнатып құрт-көже
Той қалсын қамдаңдар.
Ән «Жау, жау жаңбыр» орындайтын хор
7-оқушы Нүркен
Ашық болсын қас-қабақ
Таспен атқанды, аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
8-оқушы. Әсима
Аспанда күннің нұры
Мақпалдай жердің түрі
Қуаныш мал мен жанда
Қыстап шыққан өлмей тірі.
9-оқушы Құндыз
Қыдыр баба төрде болсын
Ұлыс береке берсін
Берекелі тірлік дамып
Мерекелі бірлік орнасын.
10-оқушы. Әділет
Тыраулап тырналар
Көктемді жырлайды.
Көк қуып қырда мал
Байласаң тұрмайды.
Ән «Ойыншықтар»
11-оқушы Назым
Әбігер жүрт неге?
Дек, бекер таңданба?
Қайнатып құрт-көже
Той қалсын қамдаңдар
12-оқушы. Аман Аңсаған
Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды.
13-оқушы Арман
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып, өрістен.
14-оқушы. Жарасхан
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Қуанышқа ел енді
15-оқушы Алтынгүл
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз!
16-оқушы Бексұлтан
Әумин деп қолыңды жай
Мен бір бата берейін
Бергенде бата не дейін
Әуелі құдай қолдасын
Әулиелер оңдасын!
ІІ Қорытындылау
1-жүргізуші. Альфия
Ертеді ерте наурыз жылдың басы
Жарасқан келбетіне нұр тұлғасы
Сыр шертіп, шаттық құйып жүректерге
Сұлу жыр, әсем ән боп сыңғырлашы!
2-жүргізуші. Аңсаған
Ардақты наурыз тойы
Салтыңды елім
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін!- дей келе өнеге сағатымыздың соңында ұстаздарға сөз берейік!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.