Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлыстың Ұлы күні! -

Ұлыстың Ұлы күні!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1783 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
Ғали Орманов атындағы
№ 7 мектеп-гимназиясы
География пәні мұғалімі
Мауленова Армангүл Серікқызы
Лездеме тақырыбы: Ұлыстың Ұлы күні!
1-оқушы:Ән Ербатырова Наргиздің Орындауында «Наурыз думан»

2-оқушы:«Жер-Ана» Әселхан

Ооо –жер жүзіндегі тіршілік !!!
Бүгін күн мен түннің теңескен күні. Мендей Жер ананың жылғаларынан су жүріп,құстарым қайта сайрап,жан-жануар тіршілік жасауға бейімделген кез.Адамзат та өз тіршілігінің қамын жасауда,жаңарған күннің мерекесін шат- шаттықпен тойлауда.Бұлардың бәрінен менің жүзім жаңарып,көркейе беремін, жарқырай беремін.
3-оқушы:Арсланбек
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар
Наурыз тойы басталды
Көргендер де арманда
Көрмегенде арманда
Армысыздар, халайық
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Биыл қарсы алайық.

4-оқушы:
Айдана: Ия, Наурыз мекеркесі де келіп қалыпты! Ал сен наурыз сөзінің мағынасын білесің бе?

Арсланбек: Жоқ, Айдана
Айдана: Ендеше, Наурыз мерекесі-өте ерте кездерден бастап тойланып келе жатқан халықтың тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты бірте-бірте қалыптасқан мейрам.Бұл мереке көптеген шығыс халықтарының көне күнтізбесінде «Жаңа жыл басы» деп саналады.Наурыз сөзінің түп мағынасы парсы тілінің «ноу»-«жаңа», «руз»-«күн» деген сөздерінен алынпты, Жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді.
Наурыз-мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр Күн көктен.
Жарығыңмен,шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл-көктем.
5-оқушы:Аяулым «Салт-дәстүр» таныстыру

6-оқушы:Анар
Наурыз күні жақсылық пен жамандықтың,күн мен түннің,суық пен жылының,қайырымдылық пен қатыгездіктің,қыс пен жаздың бір-бірімен тартысының күні деп есептелініп ,алдағы уақыт табиғатқа да және адам баласының өзіне де құт-береке,ырыс-қазына,яғни жалпы жақсылық атаулының кеңінен орын ала бастаған күні деп ұйғарылды.Сондықтан бұл күнді халқымыз
«Ұлыстың Ұлы күні» деп атайды.


Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні ,
Шаттандырған елімді Тәңір нұры.
Табиғатты түлеткен нұрландырып,
Құтты болсын Наурыздың жаңа күні.
Айдана: Наурызда барлық адам сәнді киініп, бар әшекейлерін тағады.
Арсланбек: Олай болса, ол әшекейлерді келесі оқушыдан көрейік!
7-оқушы:Ажар«Ұлттық әшекей,киімдерді таныстыру»
Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған.Олай болса,сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік.
Алқа-омырауға тағатын,көбіне күмістен соғылатын әйелдердің әсемдік,көркемдік бұйымы.
Білезік-күмістен,алтынан соғылатын ,білекке салатын әйел бұйымы.Жасалуына қарай бұрама білезік,ақық білезік болып бөлінеді.
Жүзік-қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі.Оның:отау жүзік,қараша жүзік деген атаулары бар.
Шолпы-шашқа тағатын ,қымбат,бағалы сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын,күміс тағын.
Сырға-құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Қыздардың әсем келбетінің қалыптасуына әсер етеді. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады .
8-оқушы:Бақдәулет
Наурыз мейрамы Жер бетінде жалпы тепе-теңдіктің басталған күні деп тойланады.Оларға:біріншіден,табиғат пен адам баласы арасындағы тепе-теңдік жатады.Бұл мәселенің өзі қазіргі кезде Жер бетіндегі барлық адамзатты толғандырып отырған негізгі өзекті мәселе болып отыр.
Жер бетіндегі екінші тепе-теңдік-ел мен елдің арасында болатын өзара ынтымақтастық,түсінушілік болып саналады.
Үшінші тепе-теңдік –қоғамдағы әлеуметтік топтар арасында болатын құбылыс.
9-оқушы:Гүлдана «Ұлттық аспаптарды таныстыру»

Қазақтардың аспаптары: Домбыра, жетіген,қылқобыз, Дабыл, даңғыра, нарқобыз, қобыз, көне жетіген және т.б.
Домбыра – өте көне және ең бағалы аспап болып саналады.Домбыра -2 құлақ, мойын, 17перне және қарыннан тұрады.
Домбырасыз ән қайда?
Домбырасыз сән қайда?
Ән мен күй бар өмірде
Оттан лаулап жанбай ма?

Төлегенова Гүлдананың орындауында күй «Тепеңкөк»
10-оқушы:Гүлназ
Наурыз мейрамын тойлаудағы халықтың тағы бір түпкі мақсаты-өзін қоршаған ортадағы игілік атаулының көзін ашу.Оған көзі бітеліп қалған бұлақ,бастау,қайнардың көзін ашып,тіршілікке нәр беру,айналаға сая боларлық ағаш отырғызу,өзің тұрған жеріңді,атамекеніңді,ауылыңды,үй-ішіңді тазарту және халықтың өз ішінен өнер таланттарын таба білу сияқты игілікті жұмыстар жатады.
Әз-Наурызым құтты болсын қадамың,
Жолы болсын ары таза адамның.
Шалдықтырма зардабына заманның,
Арам ойын іске асырма жаманның.
Арсланбек: Айдана, сен ұлттық ойындарға қандай ойындар жататынын білесің бе?
Айдана: Ия, оған тоғызқұмалақ,алтыбақан, қазақша күрес және т.б жатады
Арслабек: Дұрыс айтасың, ал олар туралы толық мәліметтер беріп кетейін
11-оқушы:Арсланбек «Ұлттық ойындармен ,спорт түрлері»
Тоғызқұмалақ- қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Алтыбақан- бұл жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар мен жігіттер айтысып, бір – бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын сауығы.
Теңге алу- жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып, іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибиені талап етеді.
Көкпар- ұлттық ат ойыны. Ол да теңге алуға ұқсас, шабандоздық тәжірибиені талап етеді.
12-оқушы:Камила

Наурыз мейрамының ашылуы негізінен 22 наурыз күні өткізіледі.
Сәлем бердік!Жас наурыз-жылдың басы!
Жұрттың күткен мінекей ықыласы!
Көжесін қып,күйбеңдеп,басын асып,
Бермек әркім барынша қонақасы.
13-оқушы:Шахназ,Асыл,Нұрай.
«Ұлттық тағамдарды таныстыру»

Асыл: Енді біз сіздерді қазақтың ұлттық тағамдарының кей түрімен таныстырып өтейік Ас атасы бауырсақ демекші,қазақтың киелі тағамының біріне бауырсақты жатқызамыз.Әр адам 22 наурыз күні майдың иісін шығарып бауырсақ,шелпек,талқан тағамдарын пісіреді.Ал,бешбармақты айта кетсем ең дәмді де,киелі де тағамның біріне жатады.
Нұрай:Қымыз-биенің сүтінен дайындалған денсаулыққа әрі жұғымды сусын.Жылқының сүтінен алынатын қышқыл сүт өнімі.Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарына ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінін бірі.Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкін емес.
Шахназ:МММ ,ия қыздар ,сендердің айтқан тағамдарыңа менің тәбетім ашылайын деді.Оқушылар білесіңдер ма?Наурыз мейрамының қасиетті дәмінің бірі -наурызкөже. Ол 7 түрлі өнім түрінен:соғымнан қалған сүр ет,қойдың басы,сүт,тұз, сүзілген құрт,бидай(тары,күріш),пияз және сәбізден қазан толы етіп пісіріледі.
Шайылғандай мұң,кірбің тозаңдар да,
Жабықпайсың жанында наз,ән барда,
Нағыз әже ойлайды,нағыз салтты
Наурызкөже қайнайды қазандарда.
14-оқушы:Али «Татуласу»


Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздер білесіздер ма? Осы күні ұрыс-керіс тоқтатылады.Бұрыннан ренжісіп қалған адамдар бір-бірінен кешірім сұрайды.Ал, арамызда бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар болса кешірім сұрайықшы.
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілген жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі-бақи
Наурызың құтты болсын,қазақ елі!
Қорытындылайды:Айдана

Сөзімізді қорытындылай келе, қол жайып, бата алайық!
15-оқушы:Мейіржан «Бата беру»
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын !
Қайда барса жол болсын!
Бақытты ас берсін,
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаның басылсын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.